0 дауыс
6.5k көрілді
Жұмыс  істеу  кестесі бойынша 2 күн дем алып,  3 ші күн жұмысқа шықса  , едең жуушы1 ақпаннан 10 апанға дейін еңбекке жарамсыз  парағын әкелсе есепшіге  оны  қалай төлеуге болады

3 жауап

0 дауыс
Еңбекке жарамсыздық парағы бойынша төлемақы қалай есептеледі?

1,5 жүктемемен жұмыс істейтін қызметкерге еңбекке жарамсыздық парағы бойынша төлемақы қалай есептеледі? Төлемақы 1,5 ставкаға төлене ме әлде негізгі қызметі бойынша 1 ставкаға ма?

 

Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасының сарапшы мама­ны­ның мәлі­ме­тінше, әлеуметтік жәрдемақы та­ғайындау тәртібі және ақы төлеу, сон­дай-ақ оның мөл­ше­рін айқындау Қазақ­стан Республикасы Үкі­метінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы №1339 қаулысымен бе­кітілген ережеге сәй­кес айқындалады (бұдан әрі – ереже).

Ереженің 5-тармағына сәйкес, жәр­дем­ақы еңбекке қабілетсіздігінің алғашқы күнінен бастап еңбекке қабілеті қалпына келген күнге дейін немесе мүгедектігін бел­гілегенге дейін жұмыс істейтін орны бойынша төленеді.

Ереженің 7-тармағына сәйкес, нақты қыз­меткердің айлық жәрдемақысының мөл­шері оның орташа күндік жалақысын ең­бекке уақытша жарамсыздық парағына сәйкес төлен­уге жататын жұмыс күндерінің санына көбейту жолымен айқындалады.

Орташа күндік жалақыны есептеудің бір­ыңғай тәртібі «Орташа жалақыны есеп­теудің бірыңғай ережесін бекіту туралы» Қазақстан Рес­публикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 жел­тоқ­сандағы №1394 қаулы­сы­мен ай­қын­да­ла­ды.

Осы ережені қолдану бойынша әдіс­те­мелік ұсынымдар министрліктің веб-сайтының «Нормативтік құқықтық база» айдарында орналастырылған.

Қазақстан Республикасы денсаулық сақ­тау министрінің 2009 жылғы 23 қазан­дағы №556 бұйрығымен бекітілген Аза­мат­тарға уақытша еңбекке жарамсыздық парағын және анық­та­ма­сын беру ере­же­сі­не сәйкес, егер азамат бір­неше жұмыс бе­рушіде жұмыс істейтін болса, оған әрбір жұмыс орны бойынша бірнеше уа­қыт­ша ең­бек­ке жарамсыздық парағы бері­ле­ді.
0 дауыс
Сіздің сол аралықта яғни 1-інен 10-ына дейінгі аралықта сіз  қанша рет жұмысқа түсуіңіз керек еді тек сол күндерге толық төленеді.
0 дауыс
Оның еш қиындығы жоқ, Мысалы ақпан айында жұмыс күні 20 күн болды дейік, оның айлық жалақысын сол 20-ға бөлесіз, табельге түспеген күнін алып тастайсыз, ал, больничный алған күнін есептеп, сонымен төлейсіз, қалған күнін өзінің еңбек ақысымен есептейсіз ғой

Ұқсас сұрақтар

...