0 дауыс
750 көрілді

Мүмкін, мен өнерді түсінбейтін шығармын. Жоқ, түсінбейді екенмін. Мынандай суреттердің қымбат болу себебі не? Бір астарлы мағынасы бар ма? Жай ғана әдемілік пе? Әлде жаңа жанрды қалыптастырғаны үшін бе? Себебін жай ғана қарапайым сөзбен түсіндіріп бере аласыздар ма?

 

140 млн доллар 

86 илн доллар

84 млн доллар

70 млн доллар

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Менде қойғым келген осы сұрақты.Сурет өнерін түсінбейтін шығармыз,бірақ осы шимай-шатпакқтың бағасын тым асыра бағалайтын сияқты.Бірде осындай өтттте мағыналы суреттермен жай адам түсініп болмайтын өнер туындылары қойылымы өтіп жатқан екен.Бір қалжыңбас қызық үшін ішіп болған сусын бөтелкесін умаждап-умаждап әлгі туындылардың қасына қоя салыпты.Шамалыдан соң әлгі суретшісымақтар жиналып бос бөтелкені талқылап жатқан көрінеді не деген ой,мағына деп))
+1 дауыс
Бұл суреттер Абстрактілі экспрессионизм бағыты бойынша салынған суреттер. Бұл ағым көптеген стильдерді біріктірді, бірақ өзіне тән бірнеше сипаттары да бар (яғни табиғатта жоқ пішіндерді суреттейді); олар әсершіл көріністерге, техника мен орындауға еркіндік береді; құрылымсыз кеңістікте бейнелерді біртұтас, үндестігі сақталған, бөлінбес бөлшек етіп көрсетеді;

Бұл бағыттағы суретшілер суреттің көңілге ғажайып, монументалды әсер қалдыруы және тартымдылық күшін арттыру үшін үлкен кенептерді пайдаланған.

Осындай суреттердің шығуы суретшінің ішкі жан дүниесіне байланысты болады екен, олар ешқандай ойланбастан өздерінің көңіл күйлерін осылай бейнелейді мыс.....

Сосын білгіштер аукционға шығарып сатып, бағасын көтереді)))
Ааа, рахмет)) Мұндай суреттердің "сырын" түсіну үшін өнертанушы болып керек пе сонда? Сіздің жауабыңыздан кейін ойланып қалдым.  Бір сурет арқылы біреудің көңіл күйін оқи білу де керемет нәрсе ғой негізі!
Мүмкін))))
0 дауыс
Бул аркимнин колынан келе бермейтин туынды. Сондыктан кымбат. Бул да бир онер
+1 дауыс
себебі бул суреттер белгілі бір ойды тұспалдап не оқиғаны суреттеу.Суретші айтқысы келген ойды осылай қупия түрде жеткізеді яғни кез келген адам түсіне бермейтіндей  осылай суреттейді.
+2 дауыс
Ияғ сурет өнерін мен де түсіне бермеймін, мысалы Малевичтің "Қара квадраты" (білмеймін түсінбеймін)
+1 дауыс
Салынатын бояуы қымбат тұрады. Аукционда мейлінше қымбатқа сатып алсаң мейлінше зиялы қауым секілді көрінесің) (понт)
Иә, өзін элита көрсету үшін алатындар да бар шығар)) Қайран ақша құр мақтанның құлы болған(((
Ондай сөздерді ұната бермеймін, ақша деген жақсығо қысқасы))
Сізге ұнайтын ақша туралы сізге ұнамайтын "ондай" сөз жазғаным үшін кешірім сұраймын, әуелі)) Бірақ сізге ұнау үшін жазбап едім))
Сындым .             .
...