Қарүй туралы тақпақ немесе өлең

0 дауыс
6.9k қаралым
Қарүй туралы  тақпақ немесе  өлең керек  еді. РАХМЕТ!!!
• Санаты: Мектеп | 6.9k қаралым
Қарүй деген не?

1 жауап

0 дауыс
Сағақты кереге
Шаңырақ біреу,
Шаңыраққа сексен уық болар тіреу
Алты қанат боз үй дейсің мұны,
Сынамаққа сұрай қалса біреу-мінеу.
Ең алғаш күлдіреуіштен сығалар таң,
Крегенің басында адалбақан
Төрдегі текеметке малдас құрып
Көнен хикаясын шертер атаң.
Іргеден маңдай төсеп еспе желге
Қымыз іш
Сырқат қалмас еш денеңде.
Кесе қап, аяқ қап пен әбдіре, сандық
Артық мүлік болмайды көшпелі елде.
Тап-таза,
Ететұғын ауасы жас,
Киіз үйге жұрттың ынтық болғаны рас.
Жылы, жеңіл
Тігуі, жығуы оңай
Үй басуды үйренер зерделі жас.

Ұқсас сұрақтар

127,948 сұрақ
322,842 жауап
153,167 пікір
72,948 қолданушы