+1 дауыс
25.6k көрілді
Медбике дәрігер туралы өлең, тақпақ білсеңіздер жазасыз ба?

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Медбике

Тисем бе өрт боп аппақ халатыңа,
Ұқсайды жаның лаулап жанатынға.
Құдайым бізді біраз қалдырмас па,
Екеумізді оңаша палатада.

Келгеніңде жайнардай күліп күнім,
Ұмытамын сырқатым, тірлікті мұң.
Үстіңдідегі кіршіксіз халатыңдай,
Көңіліңнің аппағын біліп тұрмын.

Өзіңсің бүгін тағы көксегенім,
Сезім билеп шырмалам өпсе демің.
Денемнің қызуын кеп өлшеп кеттің,
Ал, жанымның алауын өлшемедің.

Жанымды сипап откен желдеймісің,
Сезімді селт еткізер селдеймісің.
Бір мені емдеймін деп ал жүректі
Ауыртып жүргеніңді сезбеймісің...
...