+3 дауыс
119k көрілді

Наурыз көже қалай жасалады? Наурыз көженің даярлану әдісін білгім келеді.

Наурыз көже, наурыз коже

5 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Наурыз көжені қалай жасауға болатындығы туралы толық ақпарат мына сілтеме бойынша өтіп көруге болады. Наурыз көже!


+1 дауыс
1. Су. Наурыз көженің ең негізгі компоненті су болып табылады. Бұл өмір – өзен. Келешек ұрпақ өрбіп, судай тасып, көбейе берсін деген мағынаны білдіреді.

2. Ет. Қазақтың сүйіп жейтін тағамдарының бірі осы – ет. Қазақ дастарханының сәнін келтіретін бұл ет ас мол болсын деген ырыммен қосылады. Әдетте “ұзынсарыға” сақталатын сүр ет пайдаланылады.

3. Арпа. Ежелгі шығыс емшілері арпаның емдік қасиеттері туралы көп айтады. Білетіндердің айтуынша, арпаны тағам ретінде жиі пайдаланатып адамдардың қаны бұзылмайды. Ирак тәуіптері арпаны “ғажап құтты дән” деп атайтын көрінеді. Арпаның емдік қасиетінен бөлек, тойымдылығы да бағаланады.

4. Дәнді дақылдар (тары, күріш). Наурыз көжеге, сонымен қатар, дәнді дақылдар да қосылады. Мұның негізінде бір тамырдан өсіп өнген дәндер секілді ұрпағымыз жайылып, көбейсін деген мағына жатыр.

5. Ақ. Қазақ ақты ежелден қасиетті деп есептеп, бағалаған. Сол себепті наурыз көжеге сүт немесе айран қосылады. Мұның негізінде сүттей ұйып отырайық, іргеміз берік болсын деген ниет жатыр.

6. Құрт. Құрт наурыз көженің дәмін келтіріп, сән береді.

7. Тұз. Наурыз көжеге дәм беретін тұз соңғы, жетінші тағам ретінде қосылады.

[па]

Әлбетте, көже дайындау кезінде тек осы тағамдарды қосу керек деген талап жоқ. Әркім өз халінше қолындағы барын қоса береді. Кейбір кісілер көкөніс немесе жеміс те қосып жүр. Бастысы – қосылатын тағамдардың саны жетеу болса болғаны.

Ертеректе әйелдер өздерімен бірге көже толтырылған ыдыс ала жүрген. Қонақтап барған жеріндегі көжеге өздерінің дәмін де қосып, араластыру дәстүрі болған. Бұл – дәм-тұзымыз араласып, ынтымағымыз жарасып, бірлікте болайық деген ниет.

Көжені құйып берудің өзіне үлкен мән беріледі. Әдетте, сусынды ыдысқа толтырып құйып береді. Бұл несібеміз ортаймасын, дәм-тұзымыз мол болсын деген мағынаны білдіреді. Құйылған сол көжені тауысып ішу – әркімнің міндеті. Себебі, берілген ырзықты қалдырмай ішу жақсылықтың бастауы ретінде бағаланады.
0 дауыс
Наурыз көже — Ұлыстың ұлы күні жасалатын сыйлы ас. Оған тары, арпа, бидай, бұршақ, күріш сияқты жеті түрлі дән мен ақ қосылады. Жеті түрлі дәм қосылуына Түркі халықтарының ұғымында жеті санының қасиетті саналуы себеп. Оған қоса, ол — тоқшылық пен ырыс құттың жоралғысы. Төменде наурыз көженің даярлану үлгісін ұсынып отырмыз.

Құрамы: 1 келі ет

Қазы, қарта

100 грамм бидай

100 грамм күріш

100 грамм жарма (перловка)

100 грамм тары

Тұз

3 литр су

1 литр айран

Қазанға су құйып, ет, қазы-қартаны салып, қайнатыңыз. Алғаш қайнағанда сорпаның көбігін алуды ұмытпаңыз. 1,5-2 сағаттай қайнатып, етті сүзіп алыңыз. Енді дәндерді жақсылап жуып, бірінші бидайды салып, 5 минут қайнатыңыз. Екінші жарманы және күрішті салып,. 5 минут қайнаған соң, тарыны салыңыз. Талғамыңызға қарай тұздаңыз. Дәндер пісіп болды-ау дегенде оттан түсіріп, салқын жерге қойыңыз. Қазаннан түсірілген еттерді ұсақтап турап, барлығын сорпаға айранмен қосып араластырыңыз.

Айта кету керек, Наурыз көже тек осы әдіспен ғана әзірленбейді. Еліміздің әр өңірінде тұрғындар әр түрлі тәсілмен даярлайды.
0 дауыс

Наурызкөжені дайындау үшін 7 түрлі тағам .керек.Олар:су,тұз,арпа,ет,тары,күріш,құрт.

0 дауыс
Наурыз кожеге: казы карта , бидай күріш, тары , тұз , айран, езілген кұрт

Ұқсас сұрақтар

+2 дауыс
3 жауап
0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 24.03.2013 Жанұя сұрақ қойды
...