Шәйді қалташаларға орауды кім ойлап тапты? Бұл жайлы бірнеше ойлар бар. Кейбір жазбаларда 780 жылы қытайлық Лук Лудің шәйді жұқа қағазға орап дайындағаны жазылған. Басқалары шәй қалташалары соғыс кезінде, шәй және кофе мамандары кездейсоқ пайда болды деп жатады. Шәй қалташалары тек 1952 жылы Липтон компаниясымен патенттелді.
Қалташадағы шәй ұнтағы сапасыз, нашар шәй түрлерінен жасалады, тіпті денсаулыққа зиян, қатты ұнтақталған шәйдің арасында тозаң, кір болуы мүмкін деген пікір қаншалықты дұрыс?
Шын мәнінде қалташадағы шәй қатты ұнтақталған болуы керек, себебі шәйдің жапырақтары қалташада мүлдем түс пен дәм бермейді. Керісінше қатты ұнтақталғандықтан, бұндай шәй тезірек қызарып, дәм береді. Зерттеулер көрсеткендей, қалташа шәйіндегі кофеин, танин, басқа да биологиялық белсенді заттардың мөлшері кәдімгі шәйден төмен емес. Мамандардың айтуынша, қалташа шәйі қарапайым шәйден кем емес. Бірақ бұл тек жоғары сапалы, қымбат шәй қалташа түрлері жайлы айтылған. Жақсы қалташа шәйінің бағасы қарапайым шәйден әлдеқайда жоғары болады. Бұл қалташаға орауға кеткен қаражатқа байланысты.
Ал арзан, сапасыз түрлері шәйдің қалдықтары, бояғыш заттар, дәмдеуіштерге толы болады. Сондай-ақ құрамында химиялық қоспалар тым көп шәй қалташаларында фторид шамасы жоғары. Бұл химиялық тұздардың көп мөлшері ағзаға өте қауіпті.
Әрине қалташадағы шәй тек пайдалы не тек зиян деп айтуға болмайды. Бұл оны түріне, сапсына, құрамына байланысты болады. Мысалға жақсы шәй түрлері арнайы технологиялар арқасында өзіне шәйдің жақсы қасиеттерін сақтап қалады.
Шәйдің сапасын тексеру үшін оны суық суға малып көріңіз. Су тез-ақ қызылға боялса, демек сіздегі шәй - боялған. Оның сапасы нашар, дәмі де онша емес.
Қалташадағы шәйді ішу-ішпеу сұрағында алтын ортаны ұстанған жөн. Жұмыста, жолда қалташа шәйін ішуге әбден болады, алайда оның жақсы, сапалы түрлерін таңдаңыз. Ал үйде қалташадағы шәйға жоқ деп, асықпай шәй дәмдеуге ерінбеңіз.