0 дауыс
4.7k көрілді
Соғыстан қайтқан солдаттар өлеңінің әнін жазған кім? Толық аты-жөні ?

2 жауап

0 дауыс

Соғыстан қайтқан солдаттар

сөзі: Сырбай Мәуленов
әні: Т. Әбілхатич

Жаутаңдап қарап дала тұр,
Көз жасын сүртіп жаңа бір.
Хабарсыз ұлын сұрауға,
Жолыңды тосып ана жүр.
Қанша үйдің ұрлап адамын,
Қанша үйде сөніп қалды оттар.
Көрдің бе ұлын ананың,
Соғыстан қайтқан солдаттар?

Кешікпей жарым келер деп,
Төрінен сайлап орынды.
Батысқа қарап елеңдеп,
Ару жүр тосып жолыңды.
Көтерді бәрін ауырдың,
Азамат болып арды ақтар.
Көрдің бе жарын арудың,
Соғыстан қайтқан солдаттар?

Кетерде солдат жарының,
Ішінде қалған ана жыл.
«Көкемді айтпай танырмын», -
Деп бір сәби бала жүр.
Қайрылмай қалай кетесің,
Хабарсыз қалай ол тоқтар?
Көрдің бе оның көкесін,
Соғыстан қайтқан солдаттар?

Т.Әбілхатич екенін білемін. Бірақ толық аты-жөні керек еді...
0 дауыс
Әбілхатин Темірбек,БҚО, Бөкей Орда ауданы, Шоңай ауылында тұрған болатын-менің туған атам.
...