+1 дауыс
114k көрілді
Бірлік түбі тірлік әңгіме құрастыру керек, 2 сынып оқушысына?

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Бірлік  дегеніміз - ортақ жұмыс жасағанда  ұйымшылдық көрсету, жаныңдағы достармен тату өмір сүру, өзгелерді де тыңдау, өзгенің де қамын ойлау, көпшіл болу.

Бірлік түбі тірлік деп қазақ халқы бекер айтпаған. Адамдардың арасында бірлік болу керек Адамдар арасында бірлік болса, олар ынтымақта, тату - тәтті өмір сүреді. Біз бәріміз өзара сыйласып, ұйымшылдық көрсетксек  қана бірлікке қол жеткізуге болады. Бүгі біздің елімізде көптеген ұлттар тұрады,олар бір-бірімен тату жақсы араласады. Біз берекелі ел болуымыз  үшін ынтымақ, бірлік қажет.

Әнет баба ынтымақта болсаңдар еш жау ала алмайды деген!

кешіріңіздер екеі сөйлем жазылып кетті
маған ұнады өте жақсы жазылған
маған қатты ұнады
Екi кате кеткен. Бiрак маган унады.Зор жазылган.
Жақсы екенғой
бір ғана қате кеткен ғой
керемет жазылған.Қатесінде нелеріңіз бар.Егер қатты айтып жіберсем кешіріңіздер
+1 дауыс
Қазақстан әлемдегі саяси тұрақтылығы бекем елдердің бірі. Біздің елімізде сан ұлттың өкілі татулық пен достықтың буынын бекітіп, әлемдік дамудың көшбасшысы болуға ұмтылып келеді. Ұмтылу жолы өте ауыр. Қанына, бойына, санасына мықты рухты күшті сіңірген қазақ еліне бұл зілді болмауы тиіс. Осы тұрғыда мемлекеттің бірден-бір алға қойып мақтанар айнасы – этносаралық татуластық.Жер шарының картасына көз салсақ, қазақ жерінің ұлан байтақ атырапты алып жатқанын көреміз. Қазақ елінің көңілі де дәл сондай, кең, дархан. Соның арқасында, Қазақстан жерінде 130-дан аса ұлт өкілдері татулықта өмір сүріп келеді. Бізбен көршілес кей елдердегі, тіпті алыстағы көптеген мемлекеттер өз ішінде дау-дамай туғызып, жанжалдасып, қанды шайқасқа дейін баратындары жайлы құлағымыз естіп, көріміз көрген. Соларға біздің «Жұмылғанда жұдырық, ашылғанда алақан» болып отырғанымыз үлкен сабақ болып жатқан шығар деген ой түйіп, «осы күнімізге де шүкір, тәуба»,- деп қоямыз.

Киелі қазақ шаңырағына уық болып қадалған өзге этнос өкілдері «Қазақстан – достық пен татулықтың шынайы мекені» дегенді ұранға айналдырған. Ұлтаралық татулықты нығайтуға Қазақстанда тұрып жатқан әр ұлттың өкілі келешек ұрпағымыз үшін этносаралық достықтың, конфессияаралық түсіністіктің қаймағы бұзылмауына еңбек етіп, атсалысады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстандағы тұрақтылықты сақтаудың алғы шарты ретінде бірінші экономиканы өркендетудің қажеттілігін алға қойған. Сол себепті, «Алдымен экономикаға» қағидасын ұстана отырып, экономиканың әр саласында білек сыбана қызмет істеп жүрген барлық этностың басын қосып, Қазақстан халқы Ассамблеясын құруы – өзге халықтарға үлгі-өнеге бола білді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының міндеті – достықты нығайту ғана емес, оған қоса әр ұлттың тілін, тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін сақтап, қоғамдағы тұрақтылықты нығайту бағытында түрлі іс-шаралар өткізу болып табылады. Елбасымыздың телеранттылық ұстанымына сәйкес өзге ұлт өкілдері де қазақ тілін, тарихын, мәдениетін, дәстүрін жете білуі керек. Дегенмен, олар өз ұлтының құндылықтырын еркін меңгеріп өсіп келеді. Қиын-қыстау заманда қазақ елін паналап, қамқорлығын, жақсылығын, кеңпейілділігін, адамгершілігін, қонақжайлылығын көрген өзге этнос өкілдері қазақ халқын жоғары бағалап, құрметтейді. Өзге ұлт өкілдері қоныстанған аймақтарда, сол ұлттың тілінде балабақша, мектеп көптеген ұйымдар өз міндеттерін атқарады. Өз тілдерінде еркін сөйлеп, өз ойларымен биік шыңдарды бағындырып жүргендері де бар. Бұл қазақ елінің жомарттығының айқын дәлелі.

2012 жылғы 14 ақпанда Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев : «Жаһандану дәуірі көп ұлтты мемлекеттер дәуірі. Бұл – әлемдік үрдіс. Еліміздің дамуына барша ұлт бірге үлес қосты. Ендеше, Тәуелсіз қазақ елінің азаматтарын алалауға, бауырластығын бұзуға ешкімнің хақысы жоқ. Барлық ұлт өкілдерімен тіл табысып, тату-тәтті бейбітшілік пен келісімде өмір сүру – барша қазақтың басты қағидасы болуы шарт.»,- деп айтып өткен.
Тәуелсіз елімізде, этносаралық татулықтың, достықтың, конфессияаралық бірліктің де берік негізі қаланды. Ендігі біздің мақсатымыз – елдегі тұрақтылықты сақтап, экономикалық өркендеуді дамыта отырып, өз Отанымыздың ертеңгі кемелді келешегі үшін, баянды болашағы үшін адал қызмет ету.
0 дауыс
«Халық айтса, қалып айтпайды» дегендей, дана халқымыз бүкіл тіршіліктің, адамзат жаратылысының бүкіл мәнісін «Бірлік түбі – тірлік» деген екі ауыз сөзбен түйіндеген екен. Ауызбірліксіз ешкімнің де, ешбір елдің де ешқашан асығы алшысынан түспеген. Қазақтың тағы бір қасиеті, ешкімнің ала жібін аттамауға, көрші-көлем, ағайын-жұртпен, алыс жақынмен тату-тәтті, сыйлас болуға үгіттеген. Адам баласы әу баста жер бетіне жаралғаннан-ақ қауымдасып күн кешу арқылы сыртқы табиғи күштер мен жыртқыш хайуанаттардың, нешебір аждаһалардың тажалына төтеп бере білді. Бірлесе еңбек ете жүріп бой түзеп, табиғатпен етене, оны игілігіне игеріп, жаратып, адамзат қауымы, тайпа, ұлт, ел болып қалыптасты. Сөйтіп, тек бірлескен күш-қайрат ғана қай қиын-дықты да жеңе білуге, қандайма алынбас қамалды да алуға болатынын, ішкі ынтымақтың ырыс-несібе-ырзық әкелетінін, дербес елдіктің шаңырағын тіктейтінін бағзыдан бағамдады. Күрес – өмір заңы болса, ал бірлескен күш-жігер, тонның ішкі бауындай жымдасқан бірлік пен өзара ілтипат, бауырмалдық пен достық сынды киелі ұғым-сезімдер ерлікке де, жеңіске де, сән-салтанатқа, арысы мәңгілікке бастайтынына ұлы уақыт төреші.

Ішкі бірлігі болмаған талай құдіреттіимпериялар мен мемлекеттер, кейбір мықты деген халықтар мен тайпалардың өзі тарихтың алмағайып тұстарында құрдымға кетті. Біздің қазақ «Ырыс түбі - ынтымақ» деп те, «Ауыл болсаң - қауым бол» деп те, «Ел болам десең, бесігіңді түзе»(тәрбиеңді  түзе) деп те айтады. «Бірлік түбі – береке» дейді сосын. «Отан – отбасынан» демекші, әрбір отбасында уыздай ұйыған бірлік пен тату-тәтті тірлік болса, әр жанұяда елін сүйетін өрелі өрендер желкілдеп өсіп келе жатса, олар ең бірінші кезекте өз қазағының, Қазақстан халқының қамын жесе, ұлы Отанымызға да құт-береке дарып, қастерлі Тәуелсіздігіміздің тұғыры асқақтай түскені. Сындарлы сыртқы саясатымызды ұстана отырып, еліміздің ішкі әлемінде де алауыздыққа жол бермеу, ұлтаралық келісім мен діни ымыра, азаматтық келісім, міне, сол арқылы тәуелсіз Қазақ Елінің баянды болашаққа жол тартқан ұлы сапарын бекемдей түсу – ортақ міндетіміз.

Күні кеше ғана өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының мерекелік ХХ сессиясында тереңнен толғай сөз сөйлеген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев елімізді мекендеген 130-дан астам ұлттар мен ұлыстардың өзара татулығы мен ынтымағын сақтау, әрбір қазақстандықтың бойына отаншылдық рухын себу, татулық пен тұрақтылықтың ең бірінші кезекте өз елдігін түзіп жатқан қазақ халқы үшін ауадай қажеттілігін, ал бүкіл халықты жұмылған бір жұдырықтай етіп топтастырып, біріктіруде түптің түбінде мемлекеттік тіл басым роль атқаруы үшін бұл істі балабақшалар мен мектеп қабырғасынан тиянақты түрде қолға алып, қазақ тілін меңгертуге күш салудың маңызын айрықша атап өтті.
Қазақ жері – бүкіл түркі дүниесінің алтын қазық, тарихи Отаны болса, қазақ тілі – сол Ұлы Даланың қайнар бастауы. Дүние жүзінде жер көлемі жөнінен 9-орынды тақымға бекем басқан атам қазақтың айбыны асқан, абыройы тасқан кездері аз емес. Тарихтың бедеріне ойша ғана шолып көз салар болсақ, сонау ержүрек сақтар мен дүниені дүбірлеткен жауынгер ғұндардан, көк сүңгілі көктүріктер заманынан тамыр тартатын өткеніміздің өрнекті тұстары өріліп, нешебір алмағайып дәуірлердің аласапыран кезеңдерінің өзінде біздің рухымыз түспегені, тектілігіміз, қан тазалығы мен ар тазалығының сары алтындай сақталғаны қуантады. Ендеше, жүзге бөлініп жүзіміз күймей, руға бөлініп іштей ірімей, тайпаға бөлініп тарпыспай, діни ағымдарға еріп адаспай, бекерден-бекер таласпай, Нағыз Қазақтың Көкбайрағын көкте желбіретіп, Мәңгілік мұратына аттанар шақ бұл! Адам баласы тіршілікке жаралғанда ең көкейкесті, қастерлі сезім – туған жер мен ұлы Отанға қалтқысыз қызмет ету, оны көздің қарашығындай қорғай білу болса керек. Егемен елімізді бүгінде дүние жүзі мойындап, өзгелерін айтпағанда, ең бір алпауыт АҚШ, Ресей, Қытайдың да бүйрегі бұрып, еларалық интеграциялық үдерістерге кеңінен жол ашып, барынша мол ин-
вестиция салуға құлшына беруінің себебі де сол, Қазақстандағы саяси және қоғамдық, діни тұрақтылықтың қанат жаюы. Елбасының әп дегенненақ «бейбіт атом» идеясын ұсынуы.

Діни конфессиялардың әлемдік көшбасшыларының басын бір мақсат жолына тоғыстырып, ортақ адамзаттық имандылық идеяларына жүгіндіруі, Ғаламдық масса-медианың жыл сайын басын қосып, сол бүкіл әлемнің дүбірлі аймақтары мен жаһандық терроризмнің алдын алуға белсене атсалысуы. Қайсыбір жағдайдарда мемлекетаралық дау-дамайларға да
араласып, арағайындық рольді де атқара білуі жәйдан-жәй емес. Тегінде туындаған кез келген даушарды шама келгенінше бітімгершілік жолымен тиып, елдің араздығына,
көрші-көлеммен, шет мемлекеттермен дүрдараздыққа жол бермеуді ата-бабалар ежелден пайымдаған. Ал қилы сәттерде қарсы келген қас-дұшпандарға қарыс сүйем жер бермеу
үшін өрлік, өжеттік рухын сақтады. Нығмет Мыңжанның «Қысқаша қазақ тарихында» сонау ежелгі дүниенің өзінде сақ жауынгері Ширақтың Сақ даласына Персияның қалың қолы
келе жатқанын естіп, өзінің денесін қанжарымен кескілеп-кескілеп жіберіп олардың алдынан жүгіріп шығып өзін сақтардың қорлап, азаптағанын, кек қайтарғысы келетінін айтатынын, оның әдейі алдағанына сеніп қалған парсылардың «біз сол сақтармен соғысуға келе жатырмыз, сен бізді алға бастап алып жүр» дейтінін жазады. Сөйтіп, өз елін жан-жүрегімен сүйген Ширақ батыр парсының бүкіл әскерін адастырып, шөлді, сор басқан аймақтармен сенделтіп, бәрін бірдей шөлден қатыратынын аңыз етіп жазады. Сақ (массагет, дай) патшайымы Томиристің де ер-азаматы мерт болғанымен, парсы патшасы Кирдің қойған ультиматумына бас имей, қанды майданда оны жекпе-жекте жеңіп, басын кесіп алып, жарғақ тұлыпқа салып, дарияға лақтыратынын да жазады.

«...Скифтер (сақтар) Ишпақай патшаның басшылығымен Алдыңғы Азияға жорыққа шықты. Иса пайғамбардан бес ғасыр бұрын өмір сүрген грек тарихшысы Фукидид «Скифтермен бәсекелесетін патшалық бүкіл Еуропада жоқ. Сонымен бірге, егер де олардың ауызбірлігі болса, онда, тіпті, мұқым Азияда скифтермен бетпе-бет келіп, оларға қарсы шыға қоятындай халық табылмайды» деп жазыпты», дейді тарихшы Бекжан Бейсенбай(«Ұлы Дала тарихы мен ұлы қоныс аударулар»). Ал Күлтегін батырдың жазбаларына келсек: «Көкте құдіретті Тәңірі, төменде ұйық Жерсу: түркі халқы жоғалмасын, бүтін болсын деді. Әкем Елтеріс қағанды, анам Ембілте хатунды Тәңірі төбесінен шүйіп, жоғары көтерген еді. Тәңір қуат бергендіктен әкемнің сүңгілі шерігі бөрідей, жауы үріккен қойдай болды. Арық елді тоқ еттім, кедейлерді бай еттім, аз халықты көп еттім мен Тәңірдің жарылқауымен» деп жазады.

Міне, заманында жалпақ дүниені дүр сілкіндірген, Тұран мен Түркістан, Алтай мен Жетісу, Сыр мен Каспий бойы, Кавказ бен Қара теңіз жағалауы, Еуропа мен Таяу Шығыс, Арабия мен Индияға дейін тұлпарларының тұяғы жеткен даңқты ата-бабаларымыздың да көксегені елдің бүтіндігі еді. Қазақтың түтінінің түзу ұшқаны еді. Арғы-бергідегі Ишпақай (Ер Тұңға), Руғила, Еділ (Атилла), Анахарсис пеy Тоқсары, Партатуа мен Мәди, Алып Арыслан, Күлтегін мен Тоныкөк, Бұмын мен Білге, Елтеріс қағандар, Адай патша, Бейбарыс, Шыңғыс хан мен Ақсақ темір, Бабыр, Жалаңтөс, Әз-Жәнібек пен Керей хандардың Қазақ хандығын құруы, одан бергідегі хандар мен сұлтандар, билер мен батырлар шоғыры... Дала заңы, дала ережесі, дала философиясы – «Үш жарғының» дүниеге келуі... Маңғыстау!.. Пір Бекет ата, Шотан батыр... Қарап отырсақ, Ата тарихымыздың барлық дәуірі де – бостан кезде де, бодан кезде де атамекенді қорғауға, ал ол үшін БІРЛІККЕ, «бір жағадан – бас, бір жеңнен – қол шығаруға» негізделіпті. Бұл күндері де дөңгеленген дүниеге жіті көз салсақ, «жау жоқ деме, жар астында» дегендей, қауіп те, қатер де көп. Көптеген аймақтарда дау-жанжал, кикілжіңдер, қанды қасап қырғында, әскери текетірес те, терроризм, экстремизм, діни радикализм, қырғиқабақ қақтығыстар, экономикалық дағдарыстар, идеологиялық интервенция мен шовинистік һәм басқа да жат пиғылдар бой көтеруде...

Сол қауіп-қатердің бәрін де жеңу үшін ұлттық санаға ұйыған ұлағатты ұлт болу, ал ол үшін қанына тартқан ұлтжанды ұрпақ өсіру – парызымыз. Ал ұлтжандылықтың, қазақстандық патриотизмнің дәні балабақша мен мектептен, отбасынан нәрлі түрде себілуі керек. Мемлекетіміздің іргесін бекітуде Елбасының сара саясатын жүргізетін жергілікті билік органдары мен «Нұр Отан» ХДП, Қазақстан халқы Ассамблеясының жергілікті бөлімшелері, үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық қоғам институттары, БАҚ бірыңғай елдік көзқараста бірлесе белсенділік үлгісін танытуы тиіс. Өйткені, Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясында атап өтілгендей, біз – бір халық, бір ел-бір тағдыр иесіміз. Бірлігіміз жарасып, тарихтан алар мол болсын үлесіміз. Беу, қазағым, құтты болсын БІРЛІКТІҢ мерекесі! Таусылмасын ұлы мақсат жолында күресіміз!

Ғалым Әріп .
+1 дауыс
Бірлік түбі тірлік Бірлік  дегеніміз -ұйымшылдық көрсету, көпшіл болу. Адамдардың арасында бірлік болу керек. Адамдар арасында бірлік болса, олар тату - тәтті өмір сүреді. Əр бір жұмысты бірлікпен жасау керек. Сонда жұмыс жемісін береді.
маған қатты ұнады.
0 дауыс
"Бірлік бар жерде - тірлік бар" дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.

Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі еліміздің халықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып табылады.

Қазақстанда, оның елордасы Астанада достық пен бірлікті нығайту сөз жүзінде қалмай. күнделікті іс-әрекетімізде басшылыққа алынған. Бүгінгі күн көпұлтты мемлекетімізді мекендейтін халықтар достығының, бірлігінің және бейбітшіліктің символы болсын.

Қазақстанның көпұлтты халықтары арасындағы бірлік пен ынтымақтастығы нығая берсін! Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы. Оны көздің қарашығындай сақтауға тырысайық. Береке-брлігіміз арта берсін, ағайын!
Қазақ қашаннан да бауырмал халық қой. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген "жат жұрттардың" бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, қандай қиын кезеңдердің өзінде бір үзім нанды бөліп жеді. Сөйтіп, қаймағы бұзылмаған Қазақ жері көпұлтты мемлекет болып шыға келді. Бүгін елімізде 136 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Барлығымыз туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде ел бірлігін сақтауға атсалысайық!

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!
Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымаққа тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы.
Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.

Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.

Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді – сақтау Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет.

Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады.
Еліміздің барша тұрғындарын Қазақстан халқының достығы және бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Баршаларыңызға, әр отбасына, әр қазақстандыққа шынайы көңілмен бақыт-береке тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз – молшылыққа, ал әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенелсін!

Біз – қазақстандықтармыз! Біз ортақ еңбегімізбен, бірлескен ізденісімізбен, топтасқан болмысымызбен ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасын күн санап түлетіп, күн санап өркендете түсудеміз. Біз елімізбен бірге есейіп келеміз.
Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі құтты болсын ағайын!

Ұлы достық
Махмет Қажиахметов
Батыс Қазақстан облысы
Сырым ауданы
Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын,
Татулығын жырға қосам ұлттардың
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.

Достық тапса діндер менен ділімді
Салт-дәстүрлер сыйға ұласты бүгінгі,
Бір туғандай ұлтаралық келісім
Бір көтерген басқа түскен жүгімді.

Серт берісіп туыс болып қалуға
Нәубеттерден аман жеттік дамуға,
Байтақ елдің биік ұстап байрағын
Біздің достық мәңгі болып қалуда.

Тілі бөлек болғанымен тілек бір
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл,
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

Қуаныштан желпілдейді түндігім
Бар халықтың бірлік тойы күн бүгін,
Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты,
Бір тамырмен байлап қойған кіндігін!!!
Қазіргі таңдағы бейбіт тірлігіміз ұзағынан болғай. Ең бастысы – көп ұлт мекен еткен Қазақ жерінің киелі топырағы, қойнауындағы қазынасы құндылығын айқара ашқан әрбір сәбидің бойында «Туған жер – Отаным» деген қасиетті ұран ана сүтімен бойына таралып, әке үнімен қайраттанып, білім нәрімен толысып жатса, жер, ел қадірін бағалау ойы мен санасының төрінен орын алып, ар-намысының алдында жауапты болып, ер жетіп жатса, көп ұлтты жеріміз, көп салалы, көп тілеулі көпшіліктің біртұтас мақсаты мен арманын нағыз жүзеге асыратын бір ғана арналы «Бейбіт әлемі» кәусар бұлағы болары анық.
1 Мамыр бірлік күні деп, ынтымақ күні деп мерекелейміз. Біздің мемлекетіміздің әрбір бұрыш-бұрышында бұл мереке күнделікті тойланып жатады. Себебі, елімізде ең бастысы - ұлтқа бөліп емес, адам деп сыйлау, барлық ұлттың құқықтарының бірдей болуы және қандай бастама, ізгі іс болсын басталуына қолдау жасалып жатқандығы, ұлтына қарап емес, іскерлігіне қарай бағаланып жатыр. Туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде әрқайсымыз өз үлесімізді ел бірлігінің сақталуына, бейбіт те мазмұнды өмір кешуімізге атсалысайық.
Ел басына күн туған қилы замандарда да халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған ынтымағы мен бірлігі. Жаугершілік заманда басы ауған жаққа көшіп жүріп те берекесі мен қазанын ортайтпаған қасиетті қанағатшыл ағаш бесік пен жер бесік арасындағы біреуге ұзақ, біреуге шолақ өмір жолдарында біреуді өзекке теппей, өзгенің қызылына қызықпай, ұтымды іспен, орамды оймен, терең кемеңгерлікпен, ешқашанда тарылмаған кеңдігімен еліміздің тамырын жаза, бұтағын жайқалтып, құшағын кеңейтіп келеді. Достық пен ынтымақ бар жерде береке мен ырыс болары айдан анық.

Республикамызда тұратын түрлі ұлт өкілдерін бірлік мерекесімен құттықтаймыз! Ең бастысы, ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен деп тілейміз.

Құрметті _________________!

Сізді 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Туған Отанымыз – Қазақстанды гүлдендіріп, тұрақтылық пен бейбітшілік мекеніне айналдыру үшін Сізге және ұжымыңызға зор денсаулық, таусылмас күш-қуат, мол бақыт, еңбегіңізге жеміс, ұзақ ғұмыр, шаңырақтарыңызға шаттық, құт-береке тілейміз.

Бір шаңырақ астындағы халқымыздың ынтымақтастығы мен өзара ауызбірлігіміз нығая түсіп, республикамыздағы ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, достық, бірлік мәңгі жасай берсін!
Сіздерді татулық пен келісімнің нұрына малынған 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

Тәуелсіздігіміздің даңғыл болашағына түскен мемлекетіміздің экономикасы қарқынды даму үстінде. Біздің ең басты құндылығымыз-тәуелсіздік деп Елбасымыз ұлықтағандай сол құндылықты қастерлеу баршамыздың қасиетті парызымыз. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына алған асуларымыз бен жеткен жетістіктерімізде елімізде өмір сүруші барша ұлт өкілдерінің еншісі бар. Осындай мол табыстарға қол жеткізуде аудан жұртшылығының да өзіндік үлесі бар. Себебі осындағы барлық ұлттардың татулық пен келісімде өмір сүруінің арқасында баршамыз алаңсыз өмір сүріп, білім алып, еңбек етудеміз.

Бұл айтулы мерекені көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алуға толық негізі бар. Еліміздің өркендеуімен бірге аудан экономикасы да ілгерілеу устінде. Бейбітшілік пен татулықтың арқасында бізді болашақта бұдан да жарқын, баянды күндер күтіп тұрғанына сендіргім келеді.
Айтулы мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке, бақыт тілеймін.

Діні басқа, тілі басқа, тілегі бір» бір шаңырақ астында жиналған ұлт пен ұлыс өкілдерінің ынтымағы – ырысы, байлығы – берекесі болып, татулығы жарасқан біздің елде өмір сүріп жатқаны жүректерге сенім, көңілдерге қуаныш ұялатады.
...