0 дауыс
774 көрілді
2015 жылғы жол жүру ережесі жайлы кітапшаны қайдан табуға болады? Шымкент қаласында.

1 жауап

0 дауыс
Үкіметтің қаулысымен 2015 жылдың 7 қаңтарынан бастап күшіне енеді, деп ведомсвтодан толықтырды.

Атап айтқанда, «Жол жүрісі туралы» Заңының  54-бабы 3-тармағындағы механикалық көлік құралының иесі мен жүргізушісінің құқықтары мен міндеттерінен көлік құралын оның иесі болмай басқарған жағдайда – уақытша иеленуге және пайдалануға берілген көлік құралын басқаратын жеке тұлғаның уәкілетті органда міндетті тіркелуімен бірге осы көлік құралын иелену немесе пайдалану немесе билік ету құқығын растайтын құжатты ұсыну бойынша міндет алынып тасталды; Заңның 51-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында оған жеке тұлға уақытша иеленуге және пайдалануға берген көлік құралын басқаратын адамның тіркелуі және есепке алынуы болмау сияқты көлік құралын пайдалануға тыйым салу негізі алынып тасталды; сондай-ақ көлік құралы оларға уақытша иеленуге және пайдалануға берілген адамдарды тіркеу және есепке алу мәселелерін реттейтін 76-бап алынып тасталды.

Бұдан басқа, Заңның 54-баптың 22) тармақшасынан «бұл үшін арнайы бөлінген, тиісті жол белгілерімен және нұсқағыштармен белгіленген орындардан басқа, елді мекендердің жолдарында және көшелерінде» тоқтап тұруға тыйым салатын норма алынып тасталды.    

Сондай-ақ міндетті техникалық қарап тексеруден өтуге қатысты өзгерістер енгізілді. Бұдан бұрын автомобиль жағдайын тексеру қажеттілігінен шыққан жылын қоса алғанда, шығарылғанына төрт жылдан аспайтын автокөлік иелері босатылған болатын. Заңнамадағы жаңа өзгерістерге сәйкес бұл мерзім автомобиль көлігі саласындағы кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын М1 санатындағы көлік құралдары (жолаушыларды тасымалдау үшін пайдаланылатын және жүргізушінің орнынан басқа, сегізден аспайтын отыратын орны бар көлік құралдары) үшін жеті жылға дейін көбейтілді.
...