Жалпы ондай болады. Негізі айлық алсаңыз, содан артық ақшаны сақтап қалып отырыңыз. Мысалы 50мың алсаңыз, 10мыңын алып қалыңыз. Бұл ақша жоқ деп есептеп, кейін жиналғанда жұмсайсыз. Теңге тиыннан құралады деген сол. Бәрі де өзіңізге байланысты. Үнемдей алмасаңыз жағдай қиын.
Мына кеңесті көрші: бай немесе кедей болу адамның еңбектенуіне қарай болады.
Бай болу сіз ойлағандай қиын емес
Жер бетінде байлықты сүймейтін адам жоқ шығар. Кім де болсын барын салып, бай болуға ұмтылады. Кейбіреулері қолын қусырып, табысты бола алмайтындықтарын мойындайды. оларжың қатарына қосылғыңыз келмесе, ең алдымен бірнеше жаттығу жасаңыз. Ол жаттығулар маңызды болғандықтан, жасаған кезде мұқият болыңыз. Жаттығулар нәтижелі болсын десеңіз, жауаптарыңызды қағазға жазып отырыңыз.
Сонымен, ең алғашқы жаттығу:
-Ақша мәселесінде сізді қинайтын 10 себепті тізіп жазыңыз. Яғни сізге ақша не үшін қажет? Ақшаға байланысты қандай қорқыныштарыңыз бар?
Мысалы, ақшам болмай қалса, несиемді қалай төлеймін, шет елге демалысқа бару үшін ақша жинай алмай қалсам не болады сынды жағдайлар болуы мүмкін.
Мұның маңыздылығы неде? Мұның бар себебі бай адамдарша ойлауда. Олар ешуақытта қиындықтан қашпайды, өзге біреудің ақша әкеліп бергенін күтіп жатпайды. Олар бар ойын жақсы жаққа бағыттайды. Егер үнемі жоғарыдағы мысалда келтірілген қорқыныштардың арасында өмір сүре беретін болсаңыз, олар міндетті түрде жүзеге асады. Егер алдыңызға айқын мақсат қойсаңыз, қажетті ақпаратты өмірдің өзі әкеледі.
Екінші жаттығуымызға көшейік:
Жазған тізіміңіздің ішінен мені қаттырақ мазалайтыны мыналар деп 3-5 пункт таңдаңыз және оларды өзгертіңіз. Мысалы, шет елдегі демалысыма ақша жинай алмасам не болды дегенді төмендегідей етіп өзгертіңіз:
-Жазғы демалысыма қалай ақша жинасам болады?
-Қажетті ақшаларды қайдан алсам болады?
-Армандарымды жүзеге асыру үшін не істей аламын?
Миыңыз қажетті ақпаратты тауып, сізге көмектессін десеңіз, ойыңызды осылайша өзгертіп отырыңыз.
Яғни қорқыныш пен күдікті «Мен не істей аламын?» деген мүмкіншілікпен алмастырыңыз.
Өзіңізге дұрыс сұрақтар қоя білсеңіз, миыңыз әрдайым дұрыс шешім тауып отырады. Ал егер «менде неге барлығы жаман, неге менде ақша жоқ, мен неге басқалар сияқты емеспін» деген секілді сұрақтармен мазалайтын болсаңыз, миыңызға ақталудан басқа ешнәрсе қалмайды.
Табысты адамдардың кедей, жолы болмайтын адамдардан басты ерекшелігі осы. Олар өздеріне дұрыс сұрақтар қойып, айқын мақсаттарға жетуге ұмтылады. Сол себепті қандай қиын жағдайға тап болсаңыз да, оларды осы жолмен шешуге тырсыңыз.
Байлық ризыққа байланысты емес, қаншалықты бай болса да жазылған ризықтан артығына қауыша алмайды адам... Ең бiрiншi сенен әрекет, Алладан берекет. Өкiмет сенi бай да қылмайды, кедей де қылмайды бiр қалыпты ұстайды... Бай болғың келсе өз жұмысыңды баста, кәсiпкерлiкпен айналыс... Кәсiпкерлiкпен айналысуға қаражат болмаса, әр айлығыңның 10%-сақтап жыйна... 2-3 жылда бизнеспен айналысуға әжептеуiр қаражат жыйнап қоясың... Бiрақ есте сақтаған жөн, бизнестi бастауға субсидия, кредит алмаған жөн, одан не ары боласың, не берi боласың...
Әрқашан барыңы шүкіршілік ет, Аллаһ шүкіршілік ететін пендесінің несібесін молайтады. Баюдың ең бірінші қағидасы, үнемі ақшаны ойламау, ақшаны жұмас кезде жұмасау керек, қыдыратын кезде қыдыра бер, неғұрлып көп жұмасасан соғұрлым қайта оралады.
Үнемшіл болып тиын санап жүре берсен солай бола береді тиын санап ғана.
Өз жұмысында жақсы көруін керек, кез келген жұмыстан жеткілікті ақша табуға болады, адам ақысын жеме, одан түскен ақшаға ешқашан байымайсын. Әлемде қаншама миллион адам байымақ түгілі кешке не жеймін деп аш отырғандар бар, солардың қасында сенікі не ол, осы барыңа шүкіршілік етсен, жоғын алдыңнан шығады.
Банктен депозит аш, мысалы Жилсстройсбербанктен. Содан айына жалақыңның 10 %-н салып отыр. Басында мән бермессің аз ғана ақшаға, бірақ кейін тұрақты түрде ай сайын салып отырсаң жинала келе көп ақшаға айналады . Пәтерде тұрмай, арзанырақ отбасылық жатақхана тауып көшіп ал, елдің бәрі сол телефонды "наличный" ақшаға сатып алып жатыр дейсің бе, көбісі кредитке алады да.
Бір жұмыстан басқа қосымша жұмыстар да іздеп көр, қосымша табыс әкелетіндей.
сосын жергілікті жеріңдегі қалаға пропискаға тұр, ЖКX-ға барып үй кезегіне де тіркеліп қой.