0 дауыс
1.8k көрілді
Айналаға қарап, осы ел ақшаны қалай табады деп ойланам. Смартфон, жаңа машина, үй алып жатады. Өз басым қанша жинасам да жеткізе алмадым. Үй де, үй салатын жер де ала алмаймын. Ұстағаным жаман сотка.Айлық квартира жалдағанға кетеді. артығы проезге әрең жетеді. Әйтеуір жетпейді. Адамның тұрмысы жақсы болуы нәсібесіне байланысты екені рас шығар. Кедейлік пен бай болу маңдайға жазған шындық па? Қайтіп ақшаны үнемдейміз?

6 жауап

0 дауыс
Көпшілігіміздің кемшілігіміз – ақшаны үнемдей алмаймыз. Орынсыз жұмсағандықтан ба, айлықтан айлыққа жеткізе алмай, қарызға бататын кездер көп болып тұрады.

1. Күнделікті тұрмыста маңызы бар орындарды: асхананы, дәлізді тазалықта ұстау. Ақша лас жерге келмейді.

2. Ақшаны келген күні жаратпау керек. Жоспарсыз әрекеттерді жасамауға тырысыңыз. Банкоматтан алмаңыз немесе сенімді жерге қойыңыз, екінші күні біртіндеп жаратуға болады.

3. Әмиянның қызыл түсті я болмаса қызыл түспен безендірілгені ақшаның көбеюіне әсер етеді деген сенім бар.

4. Әмиянға артық зат салмаңыз. Тек қана ақша және пластикалық карта (ешқандай фото немесе түбіртектер, қоқыстар болмасын).

5. Ақшаны, тиын-тебенді белгілі бір ретпен бөліп салыңыз.

6. Ақшаны таза қолмен және таңертең санаған жөн.

7. Өзге елдің валютасын әмиянда ұстауды әдетке айналдырыңыз.

8. Ақша табудың жолын біліңіз. Қосымша көздерін қарастырыңыз. Табысты арттырудың екі жолы бар: кәсіп бойынша және қаржы нарығында. Ақшаны ақша жасайды.

9. Қолыңызға тиген ақшаны (100%) мынадай пропорция бойынша бөліңіз:  50% – игілікті іске, 25% – көлденең шығындарға,  10% – мұқтаж туыстарға, 15% – өзіңе жаратуға.

10. Ең бастысы көп алуға емес, көп беруне талпыныңыз. "Қалай өзіме көп сығып алсам болады?" деген ұранды ұмытыңыз. Сонда ғана екі есе пайда түсетін болады.
Айлықты алып үлгермей жатып, бар ақшаңызды құртып қоя бересіз бе? Сізге дереу үнемдеудің басты тәсілдерімен танысып, оларды күнделікті әдетке айналдыру қажет.
Ұқыптылық тәсілі
Бұл кеңесті бірнеше рет естіген боларсыз. Айлық алған күні бар ақшаны қажеттіліктер бойынша бөліп, конверттерге салып қойыңыз. Коммуналдық төлемдер, оқудың ақшасы, несие, азық-түлік сияқты атауларды конверттердің сыртына жазып қойыңыз. Ай бойы қажеттіліктеріңіз бойынша ақшаны тиесілі конверттен алып отырыңыз. Әрине күнделікті өмір барысында қажеттіліктер арасында өзгертулер болуы мүмкін, ондай кездері ақшаны бір конверттен екіншіге ауыстырып отыруға әбден болады. Осылайша ақшаңызға нақты бақылау жасайсыз. Келесі айда бақылауларыңыз бойынша өзгеріс енгізіп, бюджетіңіздің бөлінуін реттеңіз. Ал артылған ақшаны (ондай болса) немесе басқа қажеттіліктерден қысқартылған сомманы бөлек бір конвертке салып, сыртына арманыңызды жазыңыз (мысалға көлік, шетелдегі демалыс). Конверт сыртына көлік не жағажай суретін жабыстырып қойсаңыз, ақша жетпей жатқан кездері "арман" конвертінен ақшаны алуға дәтіңіз бармайды.
Физиологиялық тәсіл
Жүздеген ғалым бұрыннан бері азық-түлік дүкеніне аш қарынмен бару артық, ол қажет емес заттарды алудың себебі болады деп айтып келеді. Қарны аш адамға дүкендегі тәтті бәліштер, шоколадтар, шұшықтар дәмді және ас үйде өте қажет болып көрінеді. Сондықтан дүкенге тамақтанып қана барыңыз. Айта кетсек, бұл тәсіл арықтауға ниеті бар қыздар үшін де пайдалы. Себебі аш қарынмен біз көп жағдайда жоғары калориялы, майлы, тәтті тағамдарды қалап тұрамыз.
Жоспарлау тәсілі
Дүкендерге тек алдын ала жасалынған тізіммен барыңыз, және дүкенде осы тізімде бар заттарды ғана алыңыз. Дұрысы тізімнің орташа бағасын шығарып, өзіңізбен бірге содан артық ақша алмау. Дүкендерде жеңілдік науқандары сынды маркетологтардың айлаларына ілініп, "Арзан екен, ала салайын" деп мүлдем қажет емес заттарға бар ақшаңызды құрта салмаңыз.
Күдіктену тәсілі
Жеңілдік науқандарына әрқашан күдікпен қараңыз. Жиі жағдайда тауардың қалыпты бағасын қалдырып, оны осындай пайыз жеңілдікпен сатамыз деп жазады. "Қазір алмасаңыз, басқа мүмкіндігіңіз болмайды", "Қаладағы ең арзан баға" деген жарнамаларға сенбеңіз. Сізге расымен қажет, тізіміңізде бар тауарға байқалатындай жеңілдік болса, өте жақсы, бірақ қажет емес жеңілдікпен сатылатын тауарларды алып жүрмеңіз.



Аналитикалық тәсіл
Бірнеше дүкендегі, базардағы бір тауардың бағасын салыстыру әжелердің ісі деп ойлайсыз ба? Сауда орталықтары мен әмбебап дүкендер жиі жағдайда сатып алушылардың асығыстығын пайдаланып, кей тауарлардың бағасын бірнеше есе жоғарылатады. Бірнеше дүкенді аралауға уақытыңыз болмаса, туыс, көрші үлкен кісілермен әңгімелесіп, жақында қандай арзан базарлар бар екендігін сұраңыз. Олар қуана ақпаратпен бөліседі, ал сіз бірнеше мың теңгеңізді қалтада қалдырасыз.
Белсенділік тәсілі
Күнделікті такси қызметін қолданасыз ба? Не өз көлігіңіз бар ма? Асықпаған күндері алыс емес жерлерге жаяу барып келуді әдетке айналдырыңыз. Не аптасына бір күн көлігіңізді үйде қалдырып, қоғамдық көлік түрлерін қолданып көріңіз. Осылайша жаяу жүріп, физикалық белсенділігіңізді арттырып, бензинге не таксиге кететін ақшаны үнемдейсіз.
Ұялмау тәсілі
Туған күніңіз келе жатқанда достарыңыз бен туыстарыңыз қандай сыйлық қалайтыңызды сұрап қоймайды. Маған ештеңе керек жоқ", "Мен үшін сендердің келгендерің сыйлық", "Өздерің біліңдер" дегенше, нақты ашық тапсырыс жасаңыз. Біріншіден, сіз қонақтарыңыз үшін сыйлық таңдау деген үлкен мәселені шешіп бересіз. Екіншіден, бұрыннан бері қалап жүрген затыңызға қол жеткізе аласыз.
Шығармашылық тәсіл
Өзіңіздің қолыңыздан келетін дүниені еш уақытта сатып алмаңыз. Достарға арналған ашық хаттар, тәтті торттар, тоқылған жылы шұлық, handmade сөмке, аксессуарлар, үйге арналған түрлі ұсақ-түйектерді өзіңіз-ақ оңайлықпен жасай аласыз.
Үнемдеу теріңізді төгіп, еңбек етіп алған ақшаңызды сақтап қалудың бірден-бір амалы. Оны ұсақ-түйекке босқа шашқанша, армандарыңыздың орындалуына құртыңыз. Бірақ үнемдеуде де артық кетіп қалмаңыз, арзан бағалар мен сапасыз тауарларға емес, ақшаңызға үнемі қадағалау жүргізуге мән бөліңіз.
Белгісіз
+1 дауыс
Жалпы ондай болады. Негізі айлық алсаңыз, содан артық ақшаны сақтап қалып отырыңыз. Мысалы 50мың алсаңыз, 10мыңын алып қалыңыз. Бұл ақша жоқ деп есептеп, кейін жиналғанда жұмсайсыз. Теңге тиыннан құралады деген сол. Бәрі де өзіңізге байланысты. Үнемдей алмасаңыз жағдай қиын.
0 дауыс
Мына кеңесті көрші: бай немесе кедей болу адамның еңбектенуіне қарай болады.

Бай болу сіз ойлағандай қиын емес

Жер бетінде байлықты сүймейтін адам жоқ шығар. Кім де болсын барын салып, бай болуға ұмтылады. Кейбіреулері қолын қусырып, табысты бола алмайтындықтарын мойындайды. оларжың қатарына қосылғыңыз келмесе, ең алдымен бірнеше жаттығу жасаңыз. Ол жаттығулар маңызды болғандықтан, жасаған кезде мұқият болыңыз. Жаттығулар нәтижелі болсын десеңіз, жауаптарыңызды қағазға жазып отырыңыз.

Сонымен, ең алғашқы жаттығу:

-Ақша мәселесінде сізді қинайтын 10 себепті тізіп жазыңыз. Яғни сізге ақша не үшін қажет? Ақшаға байланысты қандай қорқыныштарыңыз бар?

Мысалы, ақшам болмай қалса, несиемді қалай төлеймін, шет елге демалысқа бару үшін ақша жинай алмай қалсам не болады сынды жағдайлар болуы мүмкін.

Мұның маңыздылығы неде? Мұның бар себебі бай адамдарша ойлауда. Олар ешуақытта қиындықтан қашпайды, өзге біреудің ақша әкеліп бергенін күтіп жатпайды. Олар бар ойын жақсы жаққа бағыттайды. Егер үнемі жоғарыдағы мысалда келтірілген қорқыныштардың арасында өмір сүре беретін болсаңыз, олар міндетті түрде жүзеге асады. Егер алдыңызға айқын мақсат қойсаңыз, қажетті ақпаратты өмірдің өзі әкеледі.

Екінші жаттығуымызға көшейік:

Жазған тізіміңіздің ішінен мені қаттырақ мазалайтыны мыналар деп 3-5 пункт таңдаңыз және оларды өзгертіңіз. Мысалы, шет елдегі демалысыма ақша жинай алмасам не болды дегенді төмендегідей етіп өзгертіңіз:

-Жазғы демалысыма қалай ақша жинасам болады?

-Қажетті ақшаларды қайдан алсам болады?

-Армандарымды жүзеге асыру үшін не істей аламын?

Миыңыз қажетті ақпаратты тауып, сізге көмектессін десеңіз, ойыңызды осылайша өзгертіп отырыңыз.

Яғни қорқыныш пен күдікті «Мен не істей аламын?» деген мүмкіншілікпен алмастырыңыз.

Өзіңізге дұрыс сұрақтар қоя білсеңіз, миыңыз әрдайым дұрыс шешім тауып отырады. Ал егер «менде неге барлығы жаман, неге менде ақша жоқ, мен неге басқалар сияқты емеспін» деген секілді сұрақтармен мазалайтын болсаңыз, миыңызға ақталудан басқа ешнәрсе қалмайды.

Табысты адамдардың кедей, жолы болмайтын адамдардан басты ерекшелігі осы. Олар өздеріне дұрыс сұрақтар қойып, айқын мақсаттарға жетуге ұмтылады. Сол себепті қандай қиын жағдайға тап болсаңыз да, оларды осы жолмен шешуге тырсыңыз.
+1 дауыс
Байлық ризыққа байланысты емес, қаншалықты бай болса да жазылған ризықтан артығына қауыша алмайды адам... Ең бiрiншi сенен әрекет, Алладан берекет. Өкiмет сенi бай да қылмайды, кедей де қылмайды бiр қалыпты ұстайды... Бай болғың келсе өз жұмысыңды баста, кәсiпкерлiкпен айналыс... Кәсiпкерлiкпен айналысуға қаражат болмаса, әр айлығыңның 10%-сақтап жыйна... 2-3 жылда бизнеспен айналысуға әжептеуiр қаражат жыйнап қоясың... Бiрақ есте сақтаған жөн, бизнестi бастауға субсидия, кредит алмаған жөн, одан не ары боласың, не берi боласың...
0 дауыс
Әрқашан барыңы шүкіршілік ет, Аллаһ шүкіршілік ететін пендесінің несібесін молайтады. Баюдың ең бірінші қағидасы, үнемі ақшаны ойламау, ақшаны жұмас кезде жұмасау керек, қыдыратын кезде қыдыра бер, неғұрлып көп жұмасасан соғұрлым қайта оралады.

Үнемшіл болып тиын санап жүре берсен солай бола береді тиын санап ғана.

Өз жұмысында жақсы көруін керек, кез келген жұмыстан жеткілікті ақша табуға болады, адам  ақысын жеме, одан түскен ақшаға ешқашан байымайсын. Әлемде қаншама миллион адам байымақ түгілі кешке не жеймін деп аш отырғандар бар, солардың қасында сенікі не ол, осы барыңа шүкіршілік етсен, жоғын алдыңнан шығады.
0 дауыс
Банктен депозит аш, мысалы Жилсстройсбербанктен. Содан айына жалақыңның 10 %-н салып отыр. Басында мән бермессің аз ғана ақшаға, бірақ кейін  тұрақты түрде ай сайын салып отырсаң жинала келе көп ақшаға айналады .  Пәтерде тұрмай, арзанырақ отбасылық жатақхана тауып көшіп ал, елдің бәрі сол телефонды "наличный" ақшаға сатып алып жатыр дейсің бе, көбісі кредитке алады да.

Бір жұмыстан басқа қосымша жұмыстар да іздеп көр, қосымша табыс әкелетіндей.
сосын жергілікті жеріңдегі қалаға пропискаға тұр, ЖКX-ға барып үй кезегіне де тіркеліп қой.

Ұқсас сұрақтар

...