+2 дауыс
2.0k көрілді
Бес қаланың бес батыры кімдер?

Бұл туралы маған мәлімет керек?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Бес қаланың бес батыры:

  1. Бекінісін бермеген Балмағамбетов
  2. Мәңгілік самғаған Плис (Біліс) Нұрпейісов
  3. Өзгелерге жол ашқан өр Іният Наурызбаев
  4. Биікте қаза тапқан батыр Жұман Қарақұлов
  5. Жаужүрек жауынгер Жұмағали Қалдықараев
  • Мақаш Балмағамбетов 1914 жылы қазіргі Қараөзек ауданының 6-ауылы аймағында дүниеге келген. Бас­тауыш мектепті аяқтап, Ахунбабаев атындағы ұжымшарда 1932 жылдан 1938 жылға дейін есепші, одан кейін кіші техник болып істейді. Өмірдің ақ-қарасын танып, жасы отызға таяп қалған Мақаш 1943 жылы қыста Қараөзек аудандық әскери комиссариатынан майданға аттанған. Сол жылдың наурыз айынан бастап 72-дивизия құрамында соғысқа араласады.
  • Плис (Біліс) Нұрпейісов 1919 жылы дүниеге келген. Төрткүлдегі екі жылдық мұғалімдер дайындайтын институттың физика-математика факультетін бітіріп, Тақтакөпір ауданында мұғалім боп қызмет істеген. Әскерге 1940 жылы Тақтакөпір аудандық әскери комиссариатынан шақырылған Нұрпейісов Мелитопольск әскери авиация училищесін бітіріп, ІІ Белорусь майданының 4-әуе армиясы, 47-гвардиялық арнайы авиациялық барлау полкінде ұшқыш-барлаушы болады.

  • Іният Наурызбаев 1918 жылы қазіргі Төрткүл ауданында дүниеге келген. 6-сыныпты бітірген соң Төрткүлдегі автобазада жұмыс істеп, ауылдық кеңесте хатшы, ликбезде мұғалім, дүкенші болған.  Әскер қатарына 1941 жылы шақырылған Іният Воронеж майданының 52-армия, 254-атқыштар дивизиясының 933-атқыштар полкінде пулеметші болды. Ол әсіресе, Днепр үшін соғыста ерекше көзге түсті. 

  • Жұман Қарақұлов 1921 жылы қазіргі Шымбай ауданы аймағында туған. 1942 жылы 17 ақпанда ол Солтүстік Кавказ майданына келіп, Қызыл тулы гвардиялық 128-Түркістан тау атқыштары дивизиясының 327-гвардиялық тау атқыштары Севастополь полкіне автоматшылар ротасының қатардағы жауынгері етіп қабылданды.

  • Жұмағали Қалдықараев 1922 жылы Иванжап деген жерде, қазіргі Хожелі ауданы Кәтеп ауылының аймағында дүниеге келген. Сол ауылдағы Тарас Шевченко атындағы мектепте 4 сыныптық білім алған. 1938 жылы отбасы Түркіменстанның Ташауыз облысы, Калинин ауданы, Киров ұжымшарына көшкендіктен, сол жақта қысқа курсты оқып, тракторшы мамандығын игереді. Соғыс басталғаннан кейін өз ауданынан әскерге бөлінген жылқыны айдап Шаржау қаласына барып, үйіне оралмастан ерікті түрде майданға аттанған. Гвардиялық 7-атты әскер корпусының 7-дивизиясының құрамында Орел, Курск, Белгород, Харьков үшін болған шайқастарға қатысқан. Әсіресе, Днепрден кешіп өту кезінде ерекше белсенділік танытқан. 

Түркістаннан алынды. 

 

PostScriptum.Сұрақты біліп тұрып қойғансың-ау деймін, ешкім байқамайтын жерден алыпсың. 

 

...