+1 дауыс
1.8k көрілді

Негізі бес түлік емес пе, неге барлық жерде төрт түлік болып жазылады?

Жылқы-Қамбар ата

Сиыр-Зеңгі баба

Түйе-Ойсылқара

Қой-Шопан ата

Ешкі-Сексек ата

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Негіэі қой мен ешкі бір қорадан өріп, бір астаудан жем жейтін түліктер болғандақтан оларды ұсақ жандықтар (болмаса майда тұяқтар) деп бөліп-жармай атайды, бір түлікке кірігіп ету негізі осында жатса керек.
 

Олардың жейтін азықтарында айырмашылық бар ма?
Менімше жоқ деп ойлаймын,жазда жайылым,қыста дайындалған пішен болса керек.
+2 дауыс

Қой мен ешкі ұсақ малдар болған соң меніңше бір түлікке жатқызады.

иа дұрыс айтасың қой мен ешкі бірге саналады
Неге? Қалған малдардың да іріленіп тұрғаны шамалы.
Қой мен ешкі "уақ мал" болып есептеледі, көбіне қой-ешкі деп қосарланып жазылады.
Бірақ ол екеуінің де өзіндік ерекшеліктері мен пірлері бар емес пе?
Қой мен ешкі бірге жүреді, бірге бағылады. Санағанда да қосып санайды.
...