Бес қаланың бес батыры:
Плис (Біліс) Нұрпейісов 1919 жылы дүниеге келген. Төрткүлдегі екі жылдық мұғалімдер дайындайтын институттың физика-математика факультетін бітіріп, Тақтакөпір ауданында мұғалім боп қызмет істеген. Әскерге 1940 жылы Тақтакөпір аудандық әскери комиссариатынан шақырылған Нұрпейісов Мелитопольск әскери авиация училищесін бітіріп, ІІ Белорусь майданының 4-әуе армиясы, 47-гвардиялық арнайы авиациялық барлау полкінде ұшқыш-барлаушы болады.
Іният Наурызбаев 1918 жылы қазіргі Төрткүл ауданында дүниеге келген. 6-сыныпты бітірген соң Төрткүлдегі автобазада жұмыс істеп, ауылдық кеңесте хатшы, ликбезде мұғалім, дүкенші болған. Әскер қатарына 1941 жылы шақырылған Іният Воронеж майданының 52-армия, 254-атқыштар дивизиясының 933-атқыштар полкінде пулеметші болды. Ол әсіресе, Днепр үшін соғыста ерекше көзге түсті.
Жұман Қарақұлов 1921 жылы қазіргі Шымбай ауданы аймағында туған. 1942 жылы 17 ақпанда ол Солтүстік Кавказ майданына келіп, Қызыл тулы гвардиялық 128-Түркістан тау атқыштары дивизиясының 327-гвардиялық тау атқыштары Севастополь полкіне автоматшылар ротасының қатардағы жауынгері етіп қабылданды.
Жұмағали Қалдықараев 1922 жылы Иванжап деген жерде, қазіргі Хожелі ауданы Кәтеп ауылының аймағында дүниеге келген. Сол ауылдағы Тарас Шевченко атындағы мектепте 4 сыныптық білім алған. 1938 жылы отбасы Түркіменстанның Ташауыз облысы, Калинин ауданы, Киров ұжымшарына көшкендіктен, сол жақта қысқа курсты оқып, тракторшы мамандығын игереді. Соғыс басталғаннан кейін өз ауданынан әскерге бөлінген жылқыны айдап Шаржау қаласына барып, үйіне оралмастан ерікті түрде майданға аттанған. Гвардиялық 7-атты әскер корпусының 7-дивизиясының құрамында Орел, Курск, Белгород, Харьков үшін болған шайқастарға қатысқан. Әсіресе, Днепрден кешіп өту кезінде ерекше белсенділік танытқан.
Түркістаннан алынды.
PostScriptum.Сұрақты біліп тұрып қойғансың-ау деймін, ешкім байқамайтын жерден алыпсың.
128k сұрақ
322k жауап
153k пікір
72.7k қолданушы