Келін киносындағы Каляни аты кім ?

0 дауыс
872 қаралым
Келін киносындағы Каляни аты кім ?
• Санаты: Телеарналар | 872 қаралым

2 жауап

0 дауыс
Сурекха сикри,,,,,
0 дауыс
Сурекха Сикри

«Келін» атты Үнді телехикаясындағы Каляни әжейдің рөлін сомдайтын актрисаның есімі - Сурекха Сикри. Ол 1945 жылы 10 қазанда дүниеге келген. Сурекха Сикри кино және театр актрисасы. 1968 жылы Үндістандағы ұлттық драмалық өнер мектебін тәмамдап шыққаннан кейін, аталған оқу орнында 10 жыл бойы еңбек етеді. Актерлік карьерасы 1978 жылы Мумбай қаласына келгенде басталады. Дәл сол жылы актриса «Орындықтың тағдыры» атты фильмге түсіп, алғаш рет бағын сынайды. Осыдан кейін Сурекха Сикридің жұлдызы жанып, оған продюсерлерден ұсыныстар түсе бастайды. Ол Амитабх Баччан, Дхармендра, Рандхир Капур сынды танымал актерлермен бір алаңда жұмыс істейді. Ал 1993 жылы актриса Киану Ривз, Крис Айзек сынды голливуд жұлдыздарымен бірге итальяндық кинорежиссер Бернардо Бертоллучидің «Кішкентай Будда» атты драмалық фильміне түседі. Сурекха Сикри көптеген жүлделермен марапатталған. Жасының үлкендігіне қарамастан, актриса түрлі фильмдер мен телехикаяларға түсуді жалғастырып келеді.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
3 жауап
–2 дауыс
8 жауап
28.10.2014 • Санаты: Кино Аноним сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
3 жауап
26.12.2016 • Санаты: Тұлға, Адам Ақтоты сұрақ қойды
+1 дауыс
2 жауап
15.12.2015 • Санаты: Жанұя Аноним сұрақ қойды
127,951 сұрақ
322,846 жауап
153,167 пікір
72,951 қолданушы