+1 дауыс
ҚР Президентікке кандидат болуға өтініш берген әйел кісі кім екен?
04.03.2015 538 қаралым

1 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап

Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенті болуға үміткерлікке өзін-өзі ұсынушылардың алғашқы легінің аты-жөнін жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2 наурыз күні Орталық сайлау комиссиясына өз кандидатурасын өзін-өзі ұсыну тәртібі бойынша Сырғабаев Асқар Жорабайұлы арыз берді. 3 наурыз күні тағы да өзін-өзі ұсыну тәртібімен өз кандидатураларын Алдажанов Сафиолла Қалабайұлы, Қойшиева Лимана, Әбдікәрімов Бақыт Төлегенұлы және Мырзашов Сухраб Әминжанұлы ұсынды", - делінген ОСК таратқан хабарламада.

Сөйтіп, комиссияның мәліметінше, бүгінде сайлау науқаны барысында бес талапкер ұсынылып отыр, оның біреуі - әйел адам.

http://tengrinews.kz/kazakhstan_news/nazvanyi-imena-pervyih-jelayuschih-stat-prezidentom-rk-271070

 

04.03.2015
Сілтемені, сілтеме қылып жазыңыз.
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы