13 наурыз қандай мейрам?

0 дауыс
7.6k қаралым
Бұл біз үшін қандай маңызға  ие мереке? Оның келіп шығу тарихы туралы не білесіз?



Жалпы сұрақ Белгісіз

6 жауап

0 дауыс
Жақсы жауап

Айтып отырғаныңыз "Көрісу күні" болса керек (суреттеріңізге қарап солай ойладым), Көрісу тек Қазақстанның батыс облыстарында ғана тойланады. Әсіресе Ақтау, Атырау облыстарында, сосын 14 наурызда. 

Қазақтың ескі күн санауы бойынша Наурыздың 13-і күні қыстың тоқсаны бітіп, көктем басталады. Бұл күні әр адамның «көктеммен бірге көңілі де жаңаруы тиіс» деген түсініктен шыққан болса керек. Бұл күні ағайын-туысты, көршілерді аралап көрісіп "бір жасыңызбен", "бір жасқа шығуыңызбен" деп тілек айтып амандасады. 

Менің ойымша бұл мерекенің маңызы сол бұл күні адамдар реніштерін ұмытып достасады, көптен көрмей жүрген ағайындар жолығысады, (алыста жүрген балалары ата-анасына келіп көрісу керек). Мысалы сол күні біздер барлығымыз қара шаңыраққа жиналып мәре-сәре болып қаламыз. 

(Көрісу туралы жаза берсем көп негізі, керек болса тағы жазармын)

Келіп шығуы туралы аздап мәлімет беріп өтсеңіз.
–1 дауыс
Наурыздың 13 — Грегориус күнтізбесінде жылдың 72-ші күні (кібісе жылдарда 73-ші). Жылдың аяғына 293 күн қалады
0 дауыс
Сіз сұрақ қойғанда күнінен шатасқансыз.Себебі,бұл суретте көрісу күні 14-наурыз ғой.Қазақ халқы қыстан аман-есен шыққанына қуанып,қол алысып,көрісетін күн.
Белгісіз
0 дауыс
Кыстан аман есен шыкканда кол алысып амандық сурайтын кун
0 дауыс
Қарапа деген мейрам, 13 наурыз да, Көріс айттан бұрын тойланған, Бұл почти көріс айтқа дайындық қо
0 дауыс
Құмалақ бататын күн) құмалақ батса күн жылынады
127,680 сұрақ
322,223 жауап
153,247 пікір
72,704 қолданушы