0 дауыс
11.2k көрілді
Шартты райға байланысты мақал керек

3 жауап

+1 дауыс
Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
 Жат елдің жақсысы болғанша,
Өз еліңнің сақшысы бол.
 Алтау ала болса,
Ауыздағы кетеді;
Төртеу түгел болса,
Төбедегі келеді.
 Ағайын тату болса ат көп,
Абысын тату болса ас көп.
 Көңілің тартпаған іске қол ұрма.
Малы жоқ деп
Ерден түңілме.
Егіні жоқ деп
Жерден түңілме.
 Ат басына күн туса,
Ауыздығымен су ішер;
Ер басына күн туса,
Етегімен су кешер.
Батыр мақтанса,
Жауға шапқанын айтар.
Қу мақтанса,
Алдап қаққанын айтар.
Шартты рай формасы етістіктің жалаң (түбір, туынды), күрделі негіздеріне -са (-се) жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Шартты райдың бұл формасы мағына жағынан басқа бір амалдың я істің жүзеге асу-аспау шартын білдіреді.  Мақалда сол сөздер кездеседі
Белгісіз
0 дауыс
Қыз өссе, елдің көркі

Не ексең, соны орасың

бұлақ көрсең, көзін аш

көп түкірсең,көл болады
0 дауыс
1 жақсымен жанассаң, жетерсің мұратқа

жаманмен жанассаң , қаларсың ұятқа

2 мезгіл жетсе , мұз ерір

3не ексең , соны орарсың

4 инең болса-иінің бүтін

5 ұрысқақ болса -ұлын жау ,

керіскек болса -келін жау  

6 қара көзден нұр тайса ,

Айналаң қара түн болар  .

екі аяқтан әл кетсе ,

Қарға адым жер мұң болар  

7 атадан жақсы ұл туса ,

жеткізеді мұратқа.

атадан жаман ұл туса ,

қалдырады ұятқа

8 Алтау ала болса,
Ауыздағы кетеді

9 Батыр мақтанса,
Жауға шапқанын айтар.
Қу мақтанса,
Алдап қаққанын айтар.

10 Ағайын тату болса ат көп,
Абысын тату болса ас көп.
Керемет мақалдар екен.Маған ұнады....
...