+4 дауыс
1.4k көрілді

Қайырлы күн достар!

Сұрақ-Жауап сайтында белсенді қолданушыларды марапаттау сайысы өте қызықты өтуде. Келесі Наурыз айында да бұл сайыс өз жалғасын табады. Әзірге Наурыз айында да нақты өткіземін деп отырмын, егер сайтымызға жарнама келетін болса, бұл сайыс бір жыл бойы әр ай сайын жалғасатын болады. Сондықтан нақты шешімді алдағы уақытта айтармын.

Әзірге Ақпан айының белсенді қолданушыларының тізімін жариялап тастайын!

Белсенділерді анықтамас бұрын: Сайттың алғашқы бетіндегі белсенді қолданушыларды анықтау автоматты түрде жүргізілгенімен, нақты шешімді өзім қабылдаймын. Сайыстың ережесінде көрсеткенімдей, менің тарапымнан ең жоғарғы баллды өзі ізденіп жауап берген, мейлінше арнайы мамандардан алынған жауаптар жоғарғы балл алады деп айтып өткем. Толық ережесі мұнда. Сондықтан мен бірінші орында тұрған едім, неге мен үздік 5-еудің қатарында жоқпын!- деген өкпе-реніш болмасын. Осында неге мұндай шешім қабылдағаным туралы ашық жазып отырмын. Кейбір қолданушылар балл жинау үшін, басқа жауаптар алынбай жатып-ақ, өзі жауап беріп пікірде және жеке хат арқылы менің жауабымды жақсы жауап деп басшы деген іс-әрекеттерді де көріп жүрмін. Мен баллына қарап емес, сайттағы белсенділігі мен жауаптарының ешбір жерде қайталанбай, көшірілмеген уникалды мейлінше нақты жауап берілгендігіне қарай белсенділерді анықтаймын.

Ақпан айының белсенді қолданушылары:

1 орын: Злой

2 орын: Шыңғыс

3 орын: Биология (Денсаулық тақырыбындағы сұрақтарға, белсенді жауап беріп, қолданушыларға қол ұшын созып жүрген қолданушы)

4 орын: Орынбасар

5 орын: Ayan Arkharbek

Барлық қолданушыларды жеңістерімен құттықтаймын! Бұл аздаған қаржылай сыйлық арқылы ұйымдастырылып жатқан шара болғанымен, алдағы уақытта ұйымдастырылатын үлкен шараларға дайындық деп ұқсаңыздар болады. Ірі компаниялармен келіссөз жүргізіп жатырмыз, егер бір шешімге келетін болсақ бұдан да үлкен қомақты сыйлығы бар жарыстар болып қалуы ғажап емес.

Жеңімпаз қолданушыларға жеке хат арқылы қалай марапаттарын алуға болатындығы туралы ақпарат жіберемін.

Жалпы Сұрақ-Жауап сайтында белсенді болып, өз білгенімен бөлісіп, сұрақ қойып, сауапты іс-істеп жатқан барша қолданушыларға алғысымды білдіремін.

Төменде Ақпан айында белсенді болған 20 қолданушының тізімі:

 

Zhanar996 қолданушы өз орында қалғаны дұрыс еді.. Ayan Arkharbek Басқа 1-2 аккаунт ашып өзіне ЖЖ басу жағдайы байқалды.
Админ мырза! Тағы айтайын деп ұмытып кетіппінғой. Марапаттау жүйесі қалай болатын болды? Наурыздан басталама?
Админ мырза! Әр сөйлем азат жолдан басталғандықтан 1-2 бос орын тастап жазуыңызды сұраймын!  Қазақ тілі бойынша қатеге жатады.
Құтты болсын сж-лықтар!
Шәкiрт ұстаздан озады дегенi осы шығар ))
Шынымен де @Orynbasar сенің айтып жатқаның дұрыс. Мен сөйлемді жазғанда граматикалық қателіктер жіберіп жатамын. Ендігіде қатесіз жазуға тырысамын. Қанша дегенмен қазақ тіліне жаным ашып, тіл жанашыры болсам да ұялатын жағдай бар. Қате жазып қойып жатамын. Ол менің Информатика саласының маманы болғандығымнан шығар. :)
Түсінемін. Мен деген қатесіз бәрін нән жазамын деп айта алмаймын. Менде де қателіктер кетеді. Жәй ескертіп қойғаным ғой.

14 жауап

+2 дауыс
Жеңімпаздарды құттықтаймын жарайсыңдар! Әділ шешім болыпты)
Өзіңді де құттықтап қояйын!
+2 дауыс
Күтпеген жерден екінші орынға ілініппін ғо. Рахмет қолдауыңыз үшін.
Өткен айда бір орын төмен түскен болсам, мына айда екі орын көтерілдім. Міне нәтиже.

Жеңістеріңіз құтты болсын...
Сөйлемді аяқтап жазыңыз. Қатеге есеп. Ғо емес ғой.
Тырнақ астынан кір іздеме...
+5 дауыс
Жеңімпаздарды құттықтаймын:)
Химиядан қолданушыларға көп көмек көрсетіп жүрсіз жарайсың!
Рахмет))
Жәке сiздi таныйтын сияқтымын мен, вкада барсыз ба? Барсыз ба?
Бармын. Қайдан танисыз?
disko_man80@mail.ru осыған жазшы вкаңды...
zhanar996 деген маладецкооооооооо
Рахмееееет:)
+1 дауыс
Тамаша! барлықтарыңызды құттықтаймын! Тек алға!
+1 дауыс
Дұрыс екен. Құтты болсын!
Жалғасын тапсын. Қарсы емеспін.
Тек жазылған сұрақтар мен жауаптар конкурс үшін болмаса болғаны.
+2 дауыс
Сəттiлiк жiгiттер!!!
Осы айда да, барынша белсендiлiк танытады деп үмiттенемiн.
Неге тек қана жігіттер!
Үздік бестікке тек жігіттер іліккен
Иә дұрыс. Көп нәрсеге назар аудармайтыным көрініп қалды.
Злой қызғой)
Қа қа қа қа :)))))) Оны айту менің де есіме келмепті.
Белгісіз
+2 дауыс
Жеңiмпаздарды құттықтаймын. Алдағы уақытта мол табысқа жетіңіздер!!!
–1 дауыс
Құрметті Админ! Ондай жағдайдарды да мен де көрдім. Әрине, барлық қолданушыларымыз(20) белсенді болды. Өзіме ұнаған қолданушылар: Шыңғыс, Алтынбек, Биология. Бәріңізді де жеңістеріңізбен құттықтаймын! Аян Архарбек 1 деген қолданушы тағатсыздана күтті. Шыдамай сұрақ та қойып үлгерді. Сайттың ережесіне сай жұмыс жасауға тырысамыз.
Сенің де орның бөлек болды. Айтайын дегенім иә деген сөзді неге ия деп жазасың?
Белгісіз
Орфография мен орфоэпия деген сол. Сол үшін бәрімен дауласып сүйкімсіз де болып кеттім. Айтылуы иә, жазылуы ия болады.
Біреудің қатесін түзеудің алдында ең бірінші өз қатеңізді дұрыстап алғаныңыз дұрыс болар... шынымды айтсам қатесіз жазылған бір жазбаңызды көрген жоқпын.... қазірде "Билогия" емес "Биология" болар....
Маған сол ия деп жазылушы қағиданың сілтемесін жіберсеңіз. Біліп отырайын.
Белгісіз
Біз жаққа келіп, қазақ тілінің мұғалімінен тәлім ал.
Біз жақта қазақ тілі мұғалімі жоқ дейсің ба? Қызық екенсің.
Белгісіз
Жазылғанда "иә" деп жазылады, орфоэпия бойынша "ия" болады
0 дауыс
Құттықтаймын!!Мен де белсенділердің тізімінде болар едім қап-ай,ҰБТ-ға дайындықтан қолым тимей жүр....
0 дауыс
Алақай бесінші орын алыппын алмай қаламынба деп қорыққан едім.Бәріңізге рахмет
Неге бәрімізге рахмет? Біз емес Админге рахмет де.
Иа дұрыс айтасаң.
Белгісіз
0 дауыс
7 орын алғаныма ризамын Admin мырза рахмет.
0 дауыс
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймын!!!!
0 дауыс
Құттықтаймын!!!
0 дауыс
Менің сыйлығым қайда Орным қайда маған марапат жоқпа
...