+3 дауыс
419 көрілді
https://surak.baribar.kz/78833/осы ссылкада белсенді қолданушыларға балл қосылып берілген екен. Дәл сол сияқты қазір де белсенді болып жүрген қолданушыларға белсенділігіне қарай балл қосып бермеске? Кішкене болсада қуанып қалады ғой.

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Бұрын берсе берген шығар. Бірақ қазір берудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Әр қолданушы өз еңбегімен тапқаны жөн. Бұл ұсынысыңды құптай алмаймын. Қосымша балл берілсе қолданушылардың тұрған орындарында өзгерістер болады және қолданушылар арасында түсініспеушіліктер туындауыда мүмкін. Сондықтан осы қалпында тұра берсін.
+2 дауыс
Одан да мән мағынасы бар сұрақ қойған адамдарға 3 емес10 балл қосылса. Сол кезде сайттың шырайы кіріп, дұрыс сұрақтар артар еді. Бұл адамға  күшті әсер қалдырады.
Расымен де. Мұны Админ оқып отыр ма екен?
Оған Админ әркімнің сұрағын оқып мынаның сұрағы мәнді екен +10бал,мынаныкы мәнсіз екен+3балл деп қойып отырмайды ғой әрқайсысына өзі солай істеп қойған сұрақ қойған адамға +3балл автоматты түрде беріледі ол мәнді болсын мәнсіз болсын,ал +10 болса онда сұрақ қойған барлық қолданушыға автоматты түрде +10 балл берілед мәнді болсын мәнсіз болсын солайі емеспе?
Мысалға соңғы бір аптада көзге көп түскендерге автоматты түрде 100 балл берсе?)
Сен мені кешір сен осы сайтқа көп балл жинау үшін кіресін ау димін я,балл жинап танымал қолданушылардын қатарына қосылып кестеді №1 болып тұрғын келеді ау деймін мен сияқты))!
№1 болатындай жағдай болса бас тартпас едім, бірақ ол жағын армандамаймын))) Тек ред или модератор болғым келеді)
Қуанышбек, айтқаның дұрыс. Админ оны ексеріп отырмайды, ия!
0 дауыс
Сонымен не болды? Менің жобам орындалмайтын болды ма? Өкінішті.... Шынымды айтсам мен бұны өзім үшін емес басқа қолданушылар үшін жаздым.
Орындалмайтын болды. Админнің басқа да шаруалары бастан асатын сияқты ғой))
+2 дауыс
Иә, сондай қолданушыларға балл қосып берсе жақсы болар еді...
0 дауыс
Ал маған бәрiбiр бiрден 20000 балл берсе де тек сұрақтарға жақсы жауап табылып берген жауаптар қолданушыларға ұнаса болды! Маңыздысы ЖЖ-қа тұрарлықтай жауап берiлсе бiрден ЖЖ таңдалса екен! Сол мәселе болып тұр!
...