0 дауыс
8.3k көрілді
Дастан деген не? Адебиет...........

2 жауап

0 дауыс
Дастан – әдебиет жанры. Фольклордың саласына жатады. Таяу Шығыс, Орта Азия, қазақ халықтары арасында кең тараған. Тақырыбына қарай қазақ дастандары батырлар жыры («Алпамыс»), тарихи жырлар («Бекболат»), ғашықтық жырлар («Қыз Жібек»), қиссалар («Тотының тоқсан тарауы») болып бөлінеді. Кеңес заманында еңбек ерлеріне, Отан соғысы батырларына, партия қайраткерлеріне арналған авторы белгілі дастандар шықты. Мысалы, Жамбылдың«Замана ағымы», Н.Байғаниннің«Қанды жорық», Қ.Жапсарбаевтың «Капитан Гастелло» дастандары т. б. дастанның тілі шұрайлы, онда бейнелі сөздер көп кездеседі. М.Әуезов «Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904)» монографиясының «Абайдың поэмалары» тарауында дастанның негізгі оқиғасы шығыс аңыздарына құрылатындығын, оны Абайдың жаңғыртып, «анық қазақтың өз үлгісіндегі дастандар түрінде» жазғанын мысалға келтірген, «Абай шығыс әдебиетіндегі ұлы классиктер мол баяндаған күйге түгел тоқтап, бағынып қалмайды. Олаңызды өзінше, көп жағынан өмір шындығына жақындатып, реалистік стильге бұрады».
0 дауыс
https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%94%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD

мына жерде бар

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 9.10.2023 Мектеп сұрақ қойды
...