+3 дауыс
1.2k көрілді
Ата-бабаларымыздың салт-дәстүріне айналған, тұрмысқа шыққан қызға қалыңмал берген дұрыс па?

6 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Өзбасым қалыңмал беру дұрыс деп санаймын.Себебі біздің ата бабаларымыздың қолданған салт жоралғыларының барлығының да философиялық,дипломатиялық мәндері бар.Бірде біреуі еріккеннен немесе астамшылық мастықпен істелген емес.Ал қазіргі қалың дегеніміз әшейін ғана жоралғы,қызға қалың деп берген пұл қыздың артынан апаратын жасаудың оннан бір бөлігінде ақтай алмайды.Мен әрине орта қолды қарапайым қазақтар туралы айтып жатырмын.Жас отауға жасауын беріп қолғабыс ету кез-келген ата-ананың міндеті.Бірақ бәсекелестікке жібермей,екі жақтың шамасына қарай келісіммен істеліп жатса нұр үстілне нұр болар еді.
Міне, тауып айттыңыз! Қалыңмал - бір жағынан жас жұбайлардын аяғынан тік тұрып кетуіне жағдай ғой. Қазақстанның кей жеріндегілердің "қызын сатады" деп көңілге тиетіндері жаман екен..
+1 дауыс
Біздің батыста ондай дәстүр жоқ,менің ойымша да  қажеті жоқ.Бірақ женгем оңтүстік жақтан болғасын бердік.
сіздің ауданда жоқ щығар.Мен Батыстанмын,бізде бар
+2 дауыс
ол дегеніміз әр жақта әр түрлі мысалы шымкент жақта көбірек сұрайды өзім алматы облысынанмын менің артымнан тым аз әкелінді әрине мәселе ақшада емес қой дегенмен досы бар дұшпаны бар анам ренжігендей болды соммасын айтпай-ақ қояын ұят болар ешкімнің басына бермесін
өзіңнің жан жарым, қорғаным деп барған жағыңды ақша аз әкелді деп менсінбей жазғаның біртүрлі екен.... Досы бар, дұшпаны бар дейсің кім не айтса да бәрібір емес пе??? Біреу көре алмай айтады, іштарлықтан....
+3 дауыс
Бұрыннан келе жатқан салт-дәстүрлеріміздің бірі, әлі де өз жалғасын тауып келеді. Өзге өңірлерді қайдам, батыс қазақстан да бұл дәстүр әлі де бар. «Қалыңмал беру – қызды сатып алу» деген ниеттен жоғары тұрған киелі ұғым дейді. Арнайы қағаз бетіне түсіріліп, бұлжымас заң ретінде бекімесе де, қоғамда қалыңмал төлеп үйлену, бұлжымас дәстүрге айналғаны шындық. Сол себепті де қалыңмалы төленген қызды «қалыңдық» деп атаған. Күйеу жігіттің әкесі қалыңмал төлеуге міндетті болса, қыз әкесі де қыз жасауын беруге дәл солай міндетті. Қалыңдықтың әкесі қалыңмалдың көлеміне қарай жасау әзірлеткен. Қалыңмалсыз келген қызды қадірсіз санаған... Қалыңмалға берілетін кәдені бұрынырақта малмен есептегені белгілі. сондықтан тұрмысқа шыққан қызға қалыңмал берген өте дұрыс ...
Сізбен 100 пайыз келісемін!!!
менде келісе салайын)))))))жүз пайызға)!
0 дауыс
дұрыс қой орнымен берсе, әрі бұл сайттан арылу мүмкін емес ) сондықтан дұрыс )
0 дауыс
мен дұрыс санамаймын!!!!! мүмкін біздін жакта ондай салт жок болгасын шыгар!!!! қалын мал ол кызды сатып алу деп тусінем!!!! сосын куйеуі айелін басынып кокандап журмейме))))  бтр бірін сүйетін жастар калын малсызда уйлене бермейме!!!!!

Ұқсас сұрақтар

...