0 дауыс
7.8k көрілді
Қалың мал– қазақ халқының бұрыннан келе жатқан салты. Байырғыда қалың мал көлемі ірі қарамен белгіленген болса, уақыт өте бұл дәстүр қаржылай сипатқа ие болды. Күні бүгінге жеткен ежелгі дәстүрдің қазіргі ерекшеліктері қандай? Заманға сай бұл салт қалай өзгерді екен?

Құда түсу рәсімі келісілген соң күйеу жағы «қалың мал» төлеуге тиіс. Оның мөлшері құдалардың әлеуметтік жағдайы, дәрежесі мен дәулетіне байланысты. Әдетте қалың малдың қанша болатындығы екі жақпен ортақтаса отырып, шешіледі. Бұрынғы заманда қалың малдың көлемі төрт түлік малмен есептелсе, қазірде қалың малға белгілі бір қаржылай сома беріледі.

Ол сома әртүрлі болуы мүмкін. Құдалардың келісімі мен жағдайына байланысты. Қалың мал көлемі облыстар мен аймақтарға байланысты да ерекшелінетіні де белгілі. Осы зерттеуді бастағандықтан, тұрмыс құрған құрбыларымның арасында шағын сауалнама жүргізуге тура келді. Олардың құда түсу рәсіміне қандай көлемдегі қалың мал әкелгендігі туралы да сұрауға мәжбүр болдым.... Мәселен, оңтүстік аймақта қалың мал – 200 мың теңгеден басталады екен. Ауқатты, дәулетті отбасы қыз алса, одан да көп беріп жатады.

Шымкенттен қыз алатын адамдардың құлағына алтын сырға – болашақ келініңіздің ата-анасы қыздарының жоғары оқу орнын бітіріп, жұмыс істеп жатқанын да алға тартуы мүмкін. Соған байланысты да, қалың мал ақысы да өсе түседі. Кейбір құдалар қандай бұйым, қанша қаржы алып келу керектігін де өздері алдын ала айтып жатады. Өзімнің екі құрбымның өмірінен алынған жәйтпен бөлісе кетейін. Бір Шымкенттік құрбымның ата-анасы болашақ құдасына қызымның ақысы 5 мың АҚШ доллары деп айтқан екен. Ал, басқа бір құрбымның анасы «сырға салу» рәсімінде тек қалыңдыққа ғана емес, оның анасы мен әпкелеріне де алтыннан жасалған зергерлік бұйым тақсын деген талап қойыпты.                     

Ал, Алматы мен Алматы облысында, солтүстік, батыс аймақтарда қалың малдың нақты құны деген шарт жоқ. Батыста «қоржын әкелу» деген де дәстүр болмаған. Соңғы кезде ғана пайда болыпты. Құдалар бір-бірінің шама-шарқына қарап, ортақ бір келісімге келеді. Кейбір ата-аналар тіпті қалың малдың керегі жоқ деп айтады екен. Ондай кезде ежелгі дәстүрден аттап кеткен болмас деп, 1 мың доллардай тапсырып жатады. Мақала жазу кезінде анықталған тағы бір жәйт – Астанада 10-15 мың доллардай қалың мал бергендер де болыпты.Той кезінде жас жұбайларға тарту етілетін пәтер мен көлікті қоспағанда.                       

Осыны оқи отырып, кейбір оқырманда девальвацияға байланысты қалың мал да өсетін шығар деген сауал туындауы мүмкін. Біздің айтарымыз – әбден мүмкін...Дегенмен, қалың мал деген ежелгі дәстүрі бар қазақта "теңін тапса тегін бер" деген сөз бар. "Қалыңсыз қыз болсада, кәдесіз қыз болмайды" деген де сөз бар. Сондықтан да, бірінші кезекте қалың мал, алтын сырға, пәтер, қымбат көлік деген «жалған құндылықтарды» ойлағаннан, ұлыңыз немесе қызыңыздың болашағын, екі жастың махаббаты туралы ойланған жөн шығар.

3 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Айдар. Ер балалардың орайының тұсынан қалдырылатын бір шок шаш. Тұлым-қыз балалардың кішкене күніндегі екі шекесінде I киылмай қалдырылатын екі шок шаш. Қазақ айдар мен түлымды I балаға көз тимесін деп қояды. Адамның көзі алдымен оның төбесінде шошайып тұрған шашқа түссін деген сенім болған. Қыз ұзату, келін түсіру. Қазақ үл-кызының үй болуына үлкен мән берген. «Баланы жастан» деген қағидамен ұлды үйдің қожасы, корғаны, асыраушысы болуға үйретсе, қызды үй ұстауға, бала тәрбиелеуге, тамақ әзірлеуге, қонақ күтуге дағдыландырған. Ұлы өсіп кележатқан қазақ болашақ құда болатын адамдар 1 жөнінде ойлана бастаған. Болашақ келінінің шыққан жеріне, тегіне  өте мән берген. Қазақта үйлену тек құдалық арқылы болған. Болашақ қалыңдықты таңдағаннан кейін оның ата-анасына жігіт жағынан жөн білетін бір-екі адам барып, өздерінің ниеттерін білдіреді. Қызжақ қарсы болмаса, белгіленген уақытта жігіт жақ қүда түсуге келеді. Қазақтың дәстүрлі салты бойынша қыз айттырғанда қалыңмал береді. Қалыңмал, былайша айтқанда, бір әулеттен екінші әулетке ауысатын қыз баланың төлем ақысы. Қалыңмал екі бөліктен тұрады: бірі-бас жақсы, екіншісі-қара мал. Бас жақсыға, әдетте, түзу мылтык, берен сауыт, жүйрік ат және малдағы артык белді түйе. Бұл заттардың әрқайсысы төрт ірі малға тең болып есептелетін. Ал қара мал деп атайтын бөлігі екі жақтың келіскен санына қарай беріледі. Осындай қалыңмалмен қатар қыз жағына берілетін қәделер де болады. Олар ілу, тоймал, сүт ақы. Ілу-күйеу жігіт қалыңдығымен алғаш танысқалы ұрын барғанда қыздың ата-анасына берілетін сый. Той мал-қыздың ұзатылу тойына сойылатын мал. Сүт ақы кыздың анасына күйеу жігіт тарапынан берілетін сый. Қазақта «Қалыңсыз қыз болғанмен, қәдесіз қыз болмайды» деген мақал, күйеу жігіт тұрмысына байланысты қалың мал бере алмаса да, қәделерін міндетті түрде беруі керек деген салтты білдіреді. Құдалықта болатын міндетті қәделердің бірі қыз ата-бабаларының рухына арнап берілетін қәде- «әлтірі». Қыз әкесі ұзату тойын жасайды. Ұзатылар қыз үйінен аттанарда сіңісу деп аталатын қоштасу өлеңін айтады. Жігіт еліне келгенде жас келінді отауға оң аяғымен кіргізіп, отқа май құйғызады. Той басталар алдында бір өнерлі жігіт келіннің бетін ашады. Беташар домбырамен қосылып айтылатын ән түрінде жүреді. Беташардың мағынасы жаңа түскен келінді елмен таныстыру, қайын-жүртын келінге таныстыру, келінге әзіл-қалжың түрінде тәрбиелік өсиет айту. Беташардан соң сол ауылдың үлкен, беделді адамы жас жұбайларға бата береді, осымен той кызығы басталып кетеді. Дәулетті адамдар фольклорда әсірелеп айтылатындай отыз күн ойын, қырық күн тойын жасаған, ат жарыстырған, балуан күрестірген, көкпар тартқан. Құдаларды құдайындай сыйлап, киітін, сый-сияпатын беріп, риза етіп аттандырған. Үйлену салтында қыздың жасауы деген дәстүр бар. Жасаудың да мөлшері кыз әкесінің ауқатына, берілген калың малдың мөлшеріне байланысты XIX ғасырға жататын деректер бо- йынша ауқатты адамдар қызының жасауына көбінесе мынадай заттар кірген: ақ отау, күміс ертоқымды салт ат, сәукеле, төсек-орын, әркай- сысы тоғыз-тоғыздан көптеген киім түрлері, ыдыс-аяқ, жасау артатын бірнеше түйе. Қыз жасауының ішінде шешесінің, тіпті әжесініц жасауымен келген қымбат киімдер, әшекей бүйымдар да болады.
Аселия жауабым ұнаса жақсы жауапты басуыңызға болады!
Әрине, рахмет! Маған бул қыз сынына керек еді да, қазір қыз сыны болып қойды, сонда да жауапқа рахмет!
+1 дауыс
Қалыңмал — қалыңдықтың жасауына, сәукелесіне, той малына, кәделі алыс-беріс-теріне жұмсалатын қаражат көлеміне сай төленетін төлем. Қалыңдықтың анасына көрсетілген сый-сияпат, құрмет. Қалыңмал көлеміне сай қыз әкесі де жасауын жабдықтайды. Қалыңмал төлеу дәстүрі көнеден келе жатқан әдеттің бірі және оның көптеген сілемдері қазақтың эпостық шығармаларында, мәселен, «Қозы Көрпеш Баян Сұлу», «Қыз Жібек» дастандарында, ертегілерде сақталған. Бай жасаулардың көлемі кейде қалыңмалдан да асып кететін жәйттер ұшырасып жатады. Қалыңмал төмендегі бөлшектерден құралады:

Бас жақсы — ең құнды, ең жақсы деген ұғымды білдіреді. Оған ежелгі ата-баба дәстүріне сай, ең керекті деп саналатын – түзу мылтық, сауыт, бөрік, қуса жететін, қашса құтылатын бір сәйгүлік, ұлық мал саналатын бір түйе кіретін болған. Осы аталғандардың әрқайсысының құны бес ірі қараға тең. Аталған құнды заттары жоқ адам жиырма бас ірі қара төлеген. Бертін келе бас жақсының мәні өзгеріп, тұрмысқа қажет басқадай зат, дүниелер (кілем, т.б.) берілетін болған.

Қара мал — қалыңмалдың негізгі бөлігі. Әркім өз шама-шарқына қарай төлейді. Бұрынғы кездің талабына сай, ірі қара саны бір жиырмадан бес жиырмаға дейін (21-25 жылқыға) барады.

Ілу — күйеу жігіт қалыңдығына алғаш барғанда қыз тәрбиелегені үшін берілетін төлем. Мұның мөлшері байларда 30-70 жылқыға дейін барады. Ілуге көп қаражат немесе мал төленсе қара мал саны азайтылады.

Той малы — қыздың ұзатылу тойына сойылатын мал. Оның мөлшері жыртыс және қалыңдық жасауының шығынына, еншісінің көлеміне байланысты белгіленеді.

Сүт ақы және жігіт түйе. Сүт ақы — күйеу жігіт тарапынан қалыңдықтың анасына берілетін 1-2 түйе, жігіт түйе — қыз әкесінің ата күшіне төленетін қымбат шапан, ер-тұрман.

Жасау — жігіт жағынан келген қалыңмал мөлшеріне шамалас, кейде одан да асып түсетін, ұзатылатын қызға берілетін мал-мүлік. Жасау жаңа отау құрған екі жасқа қажетті — ақ отау, төсек-орын, киім-кешек, көрпе-сырмақ, ыдыс-аяқ, құрал-жабдық, жүйрік ат, сойыс мал, әртүрлі ірілі-ұсақты сыйлық бұйымдары сияқты тағы басқалардан құралады. Үйленудің қандай да түрі болмасын, қызына жасау беру — ата-ана мойынындағы борыш болып есептелетіндіктен, «қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз той болмайды» дәстүрі бойынша қалыңдықтың туысқандары қызын ешқашан жасаусыз үйден шығармаған.
+1 дауыс
Қарапайым тілмен - қызға бірденелер алың деп берілетін ақша!!!
...