0 дауыс
2.4k көрілді

Жәй сұрағаным ғой халайық, біліп жүрейін деп. Ұлдарым өсіп қалып еді, дайындық керек дегендей...Айыпқа бұйырмассыздар , салтымыз ғой ...не болса да smiley

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Негізі қалың мал деген халқымыздың салт-дәстүрінің бір көрінісі. Қандай жағдай болғанда да қыз алатын жақ шамасына қарай бұл салттың ырымын жасаған. "Қалыңсыз қыз болса да кәдесіз күйеу болмайды"-деген сөз содан қалса керек. Сондықтан бұл салт жалғаса беретін шығар. Ал енді біздің Тараз жақта қалың мал құны ортақолды адамдар арасында 1000-1500 доллар шамасында және оған қоса өлі-тірі батасына деп бір таңдаулы қой мен құдалығымыз қанттай тәтті болсын деп бір қап қант жібереді.Бұрын бір уақыттарда қанттың орнына бір жәшік арақ жіберуші еді, қазір бір жақсысы ол сорақылық тоқтағандай. Одан кейін құда шақыру кәдесі кезінде ата күші,ана сүті деген болады, оған енді шамасына қарай ат мінгізу, болмаса соған бағалап теңгелей береді. Бұдан өзге киіт кигізу деген жоралғы бар. Осы бір киіттің не керегі бар екенін түсінбедім, сен апарасың, олар саған тура соны қайтарады, осы жері бір әлек тірлік сияқты. Ал енді біз жақта келінді оқыған немесе оқымаған деп бөліп жатқанын байқамаппын, өзім оны адамды алалау деп түсінемін.

0 дауыс
Бізде,Атырауда қалың мал деген жоқ
бірақ өнерлеріне әңгіме жоқ, әсіресе күйлерді құйқылжата орындағанда көзге жас алдырады екен!!! Батыс Қазақстан - нағыз қазақ күйінің отаны екеніне көзім жетті! Бәрекелді!!!
Бізде қалың мал деген жоқ,құда түскесін той малы деп қыз жаққа бір малдың ақшасын береді,сол болар сіздің айтып отырғаныңыз.Енді тойда ән айтқанға ақша беру,шынында бізде "модаға" айналып кетті
Ол рас,күйдің құдіреті батыстағой,бізде шертпе күй,қақпа күй емес,төкпе күйғой,
Атырауға беріп кеткен ақшаңызды қайтару үшін Атырауға қыз беріңіз,сол кезде қалың мал сұрайсыз,сіздерде барғо қалыңмал алу,еще келген құдалардан әр айтқан әнге,күйге ақша аласыз,сонда қайтады ақшаңыз(dance)(әзілғо)
Мәә,құдалардың әңгімесі жарасыпты ғой ))))
хахаххахах))(rofl)
Мадияр,қатырасын сен де(rofl)
0 дауыс
Солтүстік жақта қалын мал деген жоқ екен, сол жақтағы қызға үйлену керек)) Өзім тұратын жақта естуімше қалын мал қыздың оқығандығына, жұмысына, шыққан тегіне де байланысты әр түрлі, тұрақтылық жоқ)
Мен өзім оңтүстіктен едім. Сосын келіндерім мен құда-құдағиларым "құдеке давай выпьем" деп тұрса қайтемін. Ондай тегіннің керегі жоқ, құрысын!!!
выпьем десе пить ете саласыз да)))
Меніңше оқымаған қыз дұрыс сияқты. Оқыған қыз заңды айтып баламның миын ашытама деп қорқамын!!! Ал оқымаған қызды үлде мен бүлдеге орап қоясың да рахаттанып жұмсай бересің!!!:D
Бірақ, оқымаған қыз түптің түбінде оқымағандығын жасайды, оқымаған қыз оқудан басқа нәрселерге шустрый болып шығады, одан бетер миын шіртеді болмайтын әңгімелерімен)) Зат алғанда да солай емес па, качественный заттар қымбат тұрады)))
хэхээх...бұл д қате көзқарас) алдық қо біз солтүстіктен...қалың мал бермейді екен ойбай күштіііі.деді да хабаршыларды күту үшін дастархан жасау керек, соның ақшасы деп 30 мың, арақ-шарабыңа 10 мың, кафеде күткенге 50 мың)) оған мал керек деп сұратты)) оны қалай апарады сонау қиыр солтүстікке, басы мен аяқтарын шауып алып, күйдіріп отқа пісіріпсалып жіберіңдер депті.)) кит пит керек емес құдалардың тізімін беріп жібереміз ақшалай қоясындар...осындай талаптары бар...соңында тізім келгенде атамның қысымы көтерілдіі(( давление болды. одан ауылдың қызын алып құдаммен кірісіп-шығысып, күнде көрісіп жүргенім жақсы едддііііі деді
Мен де атаңыздың айтқанын айтар едім, өзің сырын,жырын,салтын білетін жерге не жетсін.
0 дауыс

Қалың мал атып айтып тұрғандай бір ірі қара бересіз ғой.Біздің жақта той дегенде құдалар жаман шашылады,әрине тегін жатқан қыз жоқ,бірақ қалың малын төлеп алып кеткен соң,есесіне қыздың артынан жүк келеді.Екі жақ бердей болады сонымен

0 дауыс
бізде батыста ондай понятие жок
0 дауыс
Калын малды тойга дейн бере ма
Тойдан кейін ұмытылып кетедіғо)
...