+1 дауыс
755 көрілді

Қазіргі кезде қызды тегін беру ұят болып есептеле ме? Яғни қалыңмалсыз берсе?

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
егер арада келісім болса онда ұят дейтіндей ешнәрсе жоқ..алайда арада ана сүті деген қалыптасқан..сондықтан беріледі..қазір алдыңғы кездегідей қалың мал мөлшері тым жоғары емес...кез келген жігіт қалың мал бере алса керек..алайда басқа жайттар орын алып жатса түсіністік танытуға болады..
+1 дауыс
Қызды тегiн берген қызды далаға тастағанмен теңғой. Қазiргi кезде ешкiм қызды тегiн бермейдi, керiсiнше қалың малы көбеюде.
+1 дауыс
Ата-анасының жағдайы келсе әрине беру керек. Ал егер калың малға жағдайлары жетпей жатса ұят емес қой, Алланың жазуы ғой. Ұят деп санағандар санай берсін, әйтеуір түбінде жазаларын алады.
+2 дауыс
Бізде, яғни Атырауда қалың мал беру деген бұрыннан жоқ, қалың мал алса ұят нәрсе болып саналады (қыздарын сатқан болып есептеледі)
Әй, онда Атыраудан қыз алмаймын десең)))
өте дұрыс айтасың, адамда сату малмен теңегені ғой,,,
+1 дауыс

" Теңін тапса тегін бер " - деген сөз бар, бірақ әрдайым орындала бермейді. Ата-ана өз қызының бақыты үшін барлығына да барады. Тегін беру ұят, ел сөз қылады дегендердің бәрі бос сөз, дүниеге қызығушылықты бүркелемеу деп түсінемін. Ең бастысы жастардың жарастығы болғаны дұрыс болар деймін, бірақ бұны ең бірінші жастардың өзі дұрыс түсінгендері дұрыс болар еді.

...