0 дауыс
1.1k көрілді
Қазақстанның қай өңірде қыздың қалыңмалы қанша тұрады? Жақында үйленген немесе үйленейін деп жүргендер осы сұраққа жауап берсеңіздер. Қалыңмал тек доллармен төлене ме немесе доллармен айтылып, теңгемен беріле ме?

12 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Бізде, Атырауда қалың мал деген түсінік мүлдем жоқ, ешқандай ақша берілмейді, егер қалың мал сұраса ол сорақы, яғни қыздарын сатқан болып көрінеді (егер сенбесеңіз осындағы Атыраулықтар бар солар дәлелдеп береді)
Қое жақсы екен бірақ дым бермесеңде ұят емес пе?
Әрине ешқандай ақша бермейді, тек сүт ақы деген бар,  қыздың анасына бір ерекше сыйлық жасалады, ол да бағалы сыйлық емес, тек есте қаларлық бірдеме сыйлай салады (чисто символический). Ал ақша апарсаң үйден қуып шығады біздің жақта, қызымды еш сатып бермеймін деп.
Салт дәстүр ғой ендi.
мұндай саудаласу тек Атырауда ғана жоқ емес!
+2 дауыс
Жаңа ғана теледидардан көрдім Алдараспан. Қалың малға 5000 доллар, Әкенің аялы алақанына 1000 доллар, Ананың ақ сүтіне 1000 доллар, Әженің табаны бар, Атаның құлағының арты бар бәріне беріп жатр ғо
Алдараспандағы ол әзіл-қалжың ғой
+1 дауыс
Қысқасы 15 000$ жинап қой, Қазақстанның ақй өңіріндегі қызды алсаңда қалың малына жетіп қалар.
ех халықта ақша жоқпа неге минус...
+1 дауыс
200.000-нан басталады...
+1 дауыс
Негізі батыс жақта қызға қалыңмал төлемейді. Біздерде ол қызды сатумен тең деп есептелінеді, сондықтанда қалыңмал төленбейді. Ал басқа өңірлерді білмедім.
+3 дауыс
ОҚО-да біз жақта 300мыңнан жоғары апарады және өлі-тірісі деп 1 қой сосын үйге кит апарады.
киіт деп жатады ғой маталар костюм шалбар шапан т,б салып арнап апарады
Белгісіз
ааа бәсе, жауапта кит деп тұрғанға китті қайдан табам деп түңіліп кетейндеп жатыр едім))
0 дауыс
Әр облыста әр түрлі ғой. Қалың мал жалпы қыздың шыққан тегіне, тектілігіне байланысты болып келеді.
Ғылым-білім мен діннен не пайда деген адамға не деуге болады.
Бәрінен пайда іздейтін адамға не деуге болады?? Иә, мен солай ойлаймын. Адам баласының бәрін тең көріп, бағаламайтын болса дін де, ғылым да түкке тұрмайды.
Егер дін-ғылым болмаса өзіңнің кім екеніңді білмес едің.
Қойыңызшы, рас па? "Ешкім естіп көрмеген жаңалық" аштыңыз ғой)))) Ғылым болмаса да біліп алар едім деп айтпаған сияқты едім)))
дін мен ғылымды түкке тұрмайды деу оны жоққа шығару.
Егер... дегенді елемей, неге "түкке тұрмайды" деген сөзімді ғана айта бересіз?  Адам баласының бәрін тең көріп, бағаламайтын болса.... Сонда ғана түкке тұрмайды дедім.

Әріге кетіп қалыпсыздар ғой тіпті (арбитраж болып көрейін) @Nurbol Karatai біріншіден сіздің жауабыңыз мүлдем дұрыс емес (әр облыста әр түрлі депсіз, қалың мал батыс жақ облыстарда мүлдем жоқ, (бір жауаптан Шығыс жақта да жоқ дегенді оқып қалдым (Солтүстікте бар екеніне де күмәнім бар), сонда тек қана Шымкентте болып тұр) 

@ZhanNara меніңше адамды бағалау субьективті ғой бұл жерде әңгіме "тектілік" деп жақсы көрген адамын айтып отыр деп ойлаймын (тек романтикалық махаббатты айтып отырған жоқпын)

Ой тағы көп жазғым келген, ұйқым келіп ерініп қалдым (қысқасы түсіндіңдер ғой)

0 дауыс
Менің туысқан ағам Шымкенттен қыз алып алдына 300000тг апарған болатын. Сол Шымкент жақтың қалыңмылы жоғары, басқа өңірлердікінен хабарым жоқ.
0 дауыс
Біздің жақта қалың мал деген жоқ... Шығыс жақ (Өскемен, Семей).
0 дауыс
біздің атырау жақта қалыңмал жоқ атыраудан бір қыз алып ал
+1 дауыс
Орталық,Сарыарқа баурайы немесе біздің жақта қалың мал деген атымен жоқ.Тек сыйластық үшін киіт беріледі тағы не дейді тойбастар,қалта ашылып жатады.Ана сүті,әке алақаны дегенді кімнің шығарып жүргенің білмейм,әйтеуір бізде жоқ.
0 дауыс
Менде өз пікірімді айта кетейін,жалпы,қалың малды бергеннен соң,қыз сол ақшаға киім-кешегін алады ғой. Бұл-қызды сату дегенге келісіңкіремеймін. Себебі,ол ақшаны қыздың өзіне,керегіне жұмсайды. Енді әркімнің өз түсінігі бар.
...