Көбі не дейді, көбі жұрт күндейді дейді, осы жұрт не дер екен дейді, отырған жерлерінде маған пәленшенің алқасын салды, әкесіне пәленшенің тонын кигізді дейді, сосын бір бірінен асып түсейін деп бәлен мыңның затын сұрайды, ал оның қанша шығынға әкелетінін ешкім ойланбайды.Осы дұрыс па?Жұрт ұлын ұяға, қызын қияға қондырдым, екі жастың бақытын тілеудің орнына олардан келген сый сияпатты қызықтап мәз болады. Киіт болғанда да екі жақтың ата анасы бір біріне сый жасап сонымен бітсе жарайды ғой, олардың тәтелері бар, ағалары бар. Жалпы екі жастың бақыты киітке қарап қалған жоқ қой. Баланың бақыты ата- ананың бақыты демей ме, ендеше сол киітке бола ренжісіп, берекені қашырудың керегі қанша. Жоғарыдағы қолданушы жақсы айтып кетті бұл ысырапшылдық, оданда сол ақшаға бірнәрсе әперген жөн.