0 дауыс
612 көрілді
Келін телехикаясын бас кейіпкері Шив қазақстанға келеді екен не себептен келмекші ?
біліп тұрған сұрақты қоюдың қажеті жоқ. Сенің http://massaget.kz/layfstayl/madeniet/kino/25900/ осы жазбаны оқығаның анық. Мен сенімді айта аламын. Балл жинау үшін бұлай сұрақ аша берудің қажеті жоқ!!!

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының шақыртуымен танымал «Келін» үнді телехикаясының басты рөлдерінің бірі - Шива рөлін сомдаушы (Анандидің күйеуі) Сидхарт Шукла 27 ақпан мен 2 наурыз аралығында Астана және Алматы қалаларына келеді. Сидхарттың Қазақстанға келудегі мақсатын білу үшін «Қазақстан» ұлттық арнасына хабарласқан едік.

«Келін» үнді телехикаясының басты рөлдерінің бірін сомдаушы Сидхарт Шукла жақын күндері елімізге келеді. Сидхартты «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының басшылығы арнайы шақыртып отыр. Өздеріңіз білесіздер, өткен жолы біз «Келін» сериалының басты кейіпкері – Анандидің жас кезіндегі рөлін сомдаған Авика Горді шақырған болатынбыз. Біз әлуметтік желелерде көрермендерден «енді қай актермен кездескілеріңіз келеді?» деп сұраған едік. Сол кезде көрермендердің басым көпшілігі дәл осы Сидхарт Шукланы көргісі келетінін айтты. Қазақстанға тұңғыш рет келе жатқан актер бұл жақтағы өз көрермендерімен кездесіп, бағдарламаларға қатысады. 27-ақпан күні түскі уақытта «Әйел бақыты» бағдарламасында қонақта болса, сол күні кеште «Түнгі студияға» шығады деп жоспарлануда», - дейді ұлттық арна тілшілері.

Бір айта кететін жайт, Сидхарт Астанаға «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының шақыртуымен келсе, Алматы қаласына өз қалауымен, өз қаражатымен бармақ. Актер елімізге анасымен бірге келеді.

Естеріңізге сала кетсек, Сидхарт Шукла 1980 жылы Мумбайда дүниеге келген. 2008 жылдан бері актер шеберлігін шыңдап келеді. Бұдан бұрын сән бизнесінде қызмет атқарған. Үстел теннисімен және футболмен шұғылданады. 2013 жылы Үндінің Телевизия Академиясы Сидхартқа «Жыл актері» атағын берген болатын. Сол жылы жыл сайынғы «Zee Gold Awards» ТВ сыйлығының нұсқасы бойынша ол ең «денелі» актер атанды. Үндінің «Stardust» кино туралы журналы 2014 жылы оны киноиндустриядағы «Үміт күтетін жас актерлердің бірі» деп бағалаған болатын. Ал Үндінің жыл сайынғы «Filmfare Awards» киносыйлығы үнді тілінде түсірілген фильмдердегі жетістіктері үшін Сидхартты «Ерлер дебюті-2015» сыйлығына ұсынды. Қазіргі уақытта Сидхарт үндінің белгілі продюсері Каран Джохармен үш фильмге түсу үшін шартқа қол қойды.
0 дауыс
Анандиді осының алдында шақырған еді ғой. Тура солай шақыртқан Шивті де.
0 дауыс
Өздерінің абыройын көтереді, әрі көрушілер санын арттырады. Оның үстіне білдей бір мемлекет шақырып тұрғандықтан бас тартқан ұят қой.

Ананди секілді әр бағдарламаларда қонақта болады, Қазақстан жұлдыздарымен селфилетіп, қыдырып, демалып қайтады.
–1 дауыс
Әрине Қазақстанды көріп, қыдырып келеді. Сосын телеарналар шақырып, сұхбат алып, қыздар фотоға түсіп бірақ қызық болады. Ал саяси сағынан келмейді.
0 дауыс
Ахааа,27-ақпанда ҚазМедиа орталығына келеді екен, сол Ананди келген сияқты түнгі студияға келіп кетпекші)
...