–2 дауыс
22.0k көрілді
Соны тауып бересіздер ме?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Авика(Ананди)1997 жылы, 30 маусымда туылған актриса сол кезде 11 жаста болса, қазір 15 жаста. Екі қыздың анасы екен. «Келін» телехикаясындағы Калянидің жағымсыз рөлін сомдайтын Сурекха Сикри үнді киноөнеріне сіңірген еңбегі үшін бүгінде көптеген марапаттарға ие. Әртіс «Келіндегі» рөлі үшін «Жағымсыз кейіпкерді сомдаған үздік актриса» атағына ие болған. Ал, Смита Бансал (Сумитра) болса, бірнеше мәрте «Ең үздік әйел рөлі» атағын иеленген. «Келіннің» ең басты кейіпкерлері Авика мен Авинаш кинодағы жолдарын енді-енді бастап келе жатқан жас әртістер. Олардың жастары да шамалас. Екеуі бір мектепте оқиды әрі жақын достар көрінеді. Олар бүгінде Болливудтың жас жеткіншектері арасында үлкентанымалдылыққа ие болып отыр. Авинаш Мукхердже Джагдишияның рөлін сомдағаны үшін жас балаларға арналған «Талант» сыйлығын иеленген. Назарларыңызға Авика Анандидың үзік ойларын ұсынамыз: * Актерлық міндетімді атқару –бірінші таңдауым. Бірақ бала арманым - Әлем аруы атану болатын. Барлық қадамдарым негізгі арманыма жетуге арналған. Мақсатым айқын болғандықтан, оның жолындағы әрекетті балалық шағымнан бастадым. Сол үшін де барлық шақыртуды қабылдауға дайын болдым. * Avika мен Ананди бір-біріне өте ұқсас, сондықтан бұл рөлді ойнап шығу маған аса қиын соққан жоқ. * Киноға түсу - менің хоббиім, сол үшін де мен одан ләззат аламын. * Күндердің күнінде Әлем аруы болғым келеді. * Кино мен өмірді салыстырғанда, өмірдің қаншалықты қадірлі екенін сезіндім. Менің достарым өздерінің арасында ойнаса, мен жұлдыздармен бірге ойнадым. * Рөл мен үшін қиын болды деп айта алмаймын. Бірақ, Анандидің мінезін алып шығу үлкен тәжірибе болды. * Мен мангоға ұқсаймын, өйткені ол өте тәтті. Бір аптаның ішінде 18 фильмгешақыру алған Рекха «Келін» телехикаясындағы тағы бір негізгі кейіпкер - қатал ене образын аса нанымды алып шыққан Сурекха Сикри. Рекха (Бханурекха) 1954 жылдың 10 қазанында Тамилнад штатының астанасы Мадрас қаласында туылған. Рекхадан басқа отбасында бес бала болды ( 3 қыз, 2 ұл). Ата-анасы Джемени Ганешан мен Пуш-папалли ерте кезде ажырасқандықтан, болашақ актриса жанұя жылуын көрмейөседі. Сурекханың балалық шағы 1966 жылы алғаш «Ranqula Ratnam» фильміне түсумен аяқталды. Үш жылдан соң анасы оны Бомбейге алып келген. Жас актриса үнді фильмдеріне түсуді осы жерде бастайды. Қараторы келген, қалыпты сыртқы пішінмен Рекхаға да барлық оңтүстіктіктер секілді, екінші планда болуға тура келеді. Оның еншісінде қалыңдықтың құрбысы немесе басты кейіпкердің қарсыласы сынды рөлдер еді. Бірақ, жас актрисаның білімі мен бейімі одан да жақсыны аңсатты. Көп ұзамай «Махаббат мезгілі» фильміндегі басты рөлдердің бірі ұсынылып, фильм үлкен жетістікке қол жеткізді. Сол-ақ екен, Рекхаға фильмге түсуге ұсыныстар судай ағыла бастады. Бір ғана аптаның ішінде ол 18 фильмге түсуге шарт жасасты. Бұл жетістік актрисаны әлемге танытқандай. Рекха көптеген рөлдерді сомдады. Отбасылық мелодрамада, шытырман оқиғаға толы фильмде де бой көрсеткен. Сомдаған рөлдер бір-біріне ұқсамайтын, қайталанбайтын да. Оның жекеөмірі 1981 жыл түсірілген «Silsila» фильмінің сюжетіне негіз болды. Аталған фильмде Рекха өзін-өзі шынайы түрде ойнап шыққан.
Қазір 15 жаста Ананди екі баланың Анасы?
Солай сиактыго(( Уму не постижимо*
0 дауыс
азақстан» ұлттық телеарнасы арқылы көрермен көзайымына айналған «Келін» (Балика Вадху) телехикаясын жұртшылық жақсы біледі. Әсіресе басты кейіпкер Ананди актерлік шеберлігімен, тартымды қылығымен көрерменді  өзіне баурап алған еді.Анандидің  шын есімі – Авика Гор. Ол 1997 жылдың 30 маусымында дүниеге келіпті. Тоғыз жасар еті тірі, пысық қыздың рөлін сомдаған 15 жасар мектеп оқушысының осыншалықты танымал болуының сыры неде? Мұны Авика Гордың өзі айтсын.
– Авика, «Келін» фильміндегі рөлге қалай келдің?
– Мен бұл фильмнен бұрын бірнеше кинолар мен (Chalti Ka Naam Gadi, Karam Apna Apna) телехикаяларға түскенмін. Осы туындылар арқылы режиссердің назарына ілініппін.
– Қазір Ананди атымен танымалсың. «Келін» фильмінен соң өмірің өзгерді ме?
– Кереметтей өзгерді деп айта алмаймын. Бірақ жұрт мені «Ананди», «бұзық тышқан», «келін» деп атайтын болды. Осы фильмнен кейін жұлдызым жанды.
– Фильмдегі Ананди мен өмірдегі Авиканың ұқсастықтары бар ма?
– Иә. Әсіресе сөзшеңдігіміз ұқсайды (күліп). Ананди сияқты мен де көп сөйлеймін. Менің де ол сияқты сұрақтарым таусылмайды.
– Анандидің рөлін ойнау қиынға соққан жоқ па?
– Жоқ. Бұл рөлде ойнау маған айтарлықтай қиын болған жоқ. Керісінше, үлкен тәжірибе жинадым. Алайда «Келін» фильміне түскенде мен небәрі 5-сынып оқушысы едім. Бала емеспін бе, алғашында киноға түсу маған ойын сияқты көрінді.
– Фильм түсірушілерге кішкентай актерлермен жұмыс істеу қиын болған шығар?      
–  Меніңше, қиын болған жоқ. Бұл актердің рөлді қаншалықты игере алғанына байланысты ғой.
– Анандидің оқуға, білім алуға ынтасы ерекше. Ал сенің оқуың қалай? Киноға түсу сабағыңа кедергі келтірмеді ме?
– Мен үнемі оқулықтарымды өзіммен бірге ала жүретінмін және түсірілімдер көбінесе сабақтан тыс уақытта болады. Кейде сабақтан қалып қоятыным бар. Бірақ жиі емес.
– Киноға түсу бала кездегі арманың ба еді?            
– Менің негізгі арманым «Әлем аруы» атану болатын. Бірақ еңбек жолымды киноға түсумен бастадым. Осы қадамдарым басты мақсатыма жетудегі баспалдақтар деп ойлаймын. Қайтсем де көздегеніме жеткім келеді. Сондықтан да бұған бала кезімнен бастап кірістім.

Міне тапқаным осы
Өзі еліңін атын дұрыстап жаз
0 дауыс

Сааған пайдасы қандай айтыңызшы

Соны айтам,мен түсінбейм осы,олардың туған жылы,руы, неге керек?
...