Тұлға, Адам | 538 қаралды
538 қаралды

Рахат Алиев 

Рахат Алиев қайтыс болды ма?

3 жауап

Рахат Әлиев Австрия түрмесінде қайтыс болды

Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиев түрмеде қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости сот өкіліне сілтеме жасап. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өзіне-өзі қол жұмсаған.

Австрияның Kurier басылымының мәліметінше, Әлиев камерада асылып қалған күйі табылды. Оның адвокаты Әлиевтің суицидке барғанына күмән келтіреді.

Рахат Әлиев 2007 жылға дейін Қазақстанның Австриядағы елшісі қызметін атқарды. 2008 жылы ол Қазақстанда ауыр қылмыстар жасағаны, атап айтқанда, отанын сатқаны, мемлекеттік төңкеріс жасамақ болғаны үшін 40 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі сырттай шығарылды.

Еске сала кетейік, Рахат Әлиев өткен жылдың 5 маусымы күні Венада ұсталған еді. ҚР Бас прокуратура оны ұстауға "Нұрбанк" АҚ топ-менеджерлері Темірәлиев пен Хасеновті ұрлау мен өлтіруге қатысты тергеу материалдары негіз болғанын хабарлады.
Жақсы Жауап

Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиев Венадағы түрмелердің бірінде қайтыс болды деп хабарлайды Рейтер агенттігі.

  [Рахат Әлиев Австрия түрмесінде қайтыс болды]
"Новости Казахстан" агенттігінің хабарлауынша, Рахат Әлиев өзіне қол жұмсап, қайтыс болуы мүмкін. Австриялық басылымдардың хабарлауынша, Рахат Әлиев түрмеде асылып қалған.

Таңғы сағат 07:20-да Әлиевті жалғыз адамға арналған камерада өзіне қол жұмсаған.

Еске сала кетейік, Әлиев маусым айының басында Венада тұтқындалған болатын. 2014 жылдың соңында ол адам өлтіргені үшін айыпталды.

2008 жылы Рахат Әлиев билікті басып алмақ болып, ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны үшін сырттай 40 жылға сотталған болатын.
 

 http://news.nur.kz/356678.html

Бүгін бұқаралық ақпарат құралдары Рахат Әлиевтің Австрия түрмесінде қайтыс болғаны туралы хабарлады. Алдын-ала болжам бойынша экс-елші өзіне-өзі қол салған, деп жазады Ресейлік РИА новости.

«Рейтер» агенттігінің хабарлауына қарағанда Әлиевтің қайтыс болғаны бүгін 7.20-да анықталған. Еске сала кетейік, Рахат Әлиев Венада 2014 жылдың 5 маусымында тұтқындалған еді. Оған дейін Қазақстан соты «қылмыстық топ құрып, адам ұрлады» деген айыппен сырттай 40 жылға соттау туралы үкім шығарған.

Ақпараттың рас немесе жалған екендігі әлі анық емес. Бұқаралық ақпарат құралдары «Рейтер» мен «РИА новостиге» сілтеме жасап таратуда. Ақпаратты таратқан «Рейтер» агенттігі Вена сотының өкіліне сілтеме жасаған.

http://7kun.kz/3852/rahat-liev-avstriya-t-rmesinde-ajtys-boldy.html
118,314 сұрақ
305,095 жауап
153,297 пікір
67,435 қолданушы