0 дауыс
1.2k көрілді
Қазақтың салт-дәстүрлері жазылған сайтты білесіздерме. Және оны қалай атап өтетінінде.

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
http://www.atazholy.kz/salt-d-st-r-det-ryp-yrymdar.html осы жерде бар....
рахмет барлығы бар екен
0 дауыс
adyrna.kz деген сайт бар салт дәстүрлер сайты
басқа нәрсе шығып тұр ғой
Сізге не жайлы керек еді?Мен көбіне мақалаларды осы сайттан қараймын
Белгісіз
салт дәстүр туралы айтамын
0 дауыс

Салт-дәстүр: http://bilim-all.kz/article/list/29 осы жерден қарап көріңіз...

Мысалы:

Ер азаматтың үш жұрты

Қазақ халқының дәстүрі бойынша әр азаматтың үш жұрты болады. Олар: өз жұрты, нағашы жұрты және қайын жұрты. Бұл ұш жұрт та жанашыр, сүйеніш, қорғаныш болып саналады. Қазақ халқы бұл үш жұртқа былай баға берген.

Өз жұртың - күншіл, бар болсаң көре алмайды, жоқ болсаң бере алмайды, жақсы болсаң күндейді, жаман болсаң жүндейді.

Қайын жұртың - міншіл, қолыңның ұзындығына қарайды, жағаңның қызылдығына қарайды. Берсең жағасың, бермесең дауға қаласың.

Нағашы жұртың - сыншыл, жақсылығыңа сүйінеді, жамандығыңа күйінеді. Әрқашан тілеуіңді тілейді, тілеуқор, қамқоршы болады.

Бұл айтылғандар бекер емес, шындығы бар нәрселер.

Туыстық негіз бен атаулар осы үш жұрттан басталып, жақындық қатынас ағайын, туыс, нағашылы-жиенді, ілік, жамағайын, жекжат, жұрағат, құдандалы деп аталады. Мұның барлығы туыстық атаулар деп аталады.

Қазақтар үш жүзге, тайпаларға, руларға бөлінгенімен, бірін-бірі бөтен санамаған. "Сұраса келе қарын бөле шығармыз", - деп аты-жөнін, туыстық қатынасын да сұрастырып, біліп отыру дәстүрге айналған.

"Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл", - дейді. Бұл - қазақ үшін бұлжымас заң.

Осыған ұқсас мақалалар бар және қосылып тұрады, өзіңіз де үлес қоссаңыз болады.

...