0 дауыс
3.9k көрілді
Бедеуліктің емі бар ма?

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Ерлер бедеулігін емдеу:

Қандай да ем жасамас бұрын ер адамды жан-жақты тексерістен өткізеді. Спермограммамен еркектік гормондары тексеріледі. Иммунологиялық сынақ жүргізіп, қуықасты және аталық безді ультрадыбыспен зерттелуі керек. Сонымен қатар жыныс жолымен берілетін инфекциялардың бар-жоғы да тексеріледі.

Толық мына жерден оқыңыз. 

0 дауыс
Әйел бедеулігін емдеу
Балшықпен. Халық емінде қолданылатын тәсіл. Мұнымен мамандар жыныс-жатыр жолдарының кейбір сырқатын емдеп, жазады. Балшықпен емдеуді жатыр түтікшелерінің ұрық өткізуге қабілетіздігінде де пайдаланады. Мұндай ем кімге қажет, оны алын-ала жүргізілген медициналық тексеру анықтап береді.
Овуляцияны реттеу. «Эндокриндік бедеулікті» емдеуде оның негізгі себептері анықталып, оны жоюға қажетті дәрі-дермек (гормоналдық, вирустарға қарсы, ағзаның қорғаныс қалпын күшейтетін) беріледі. Сосын адамды ультрадыбыстық аппаратпен үнемі бақылап отырады. Алғашқы етеккір циклі кезінде ем нәтижесін бермесе, бұл емдеу шарасының курсы толықтырылған деңгейде қайта жалғастырылады.
Лапроскопия арқылы. Дәстүрлі ем түрлері көмектеспесе, қаралушыға лапроскопия әдісі қолданылады. Яғни, құрсақ аумағынан ұсақ үш тесік жасалады да, оған лапроскоп (бейнекамера) пен қажетті құралдар ендіріледі, құрсақтағы күрделі операцияны монитор арқылы бақылап отырады. Бұл операцияның бірінші сатысында бедеуліктің себебі анықталады, екінші саты бедеуліктің себебін жоюға арналады.
«Жасанды инсенимация» арқылы. Ерлі – зайыптылардың қанындағы резустар бірін-бірі «тебіп», олар жыныстық жағынан бір-біріне сәйкес келмейтін де жағдай бар. Мұны иммунологиялық бедеулік деп атайды. Осындай ерлі-зайыптылар жыныстық жағынан қабілетті бола тұра, араларында бала болмайды. Сол себепті, мұндай жағдайда «көмекші репродукция» әдісі қолданылып, дәрігерлер еркек ұрығының әйел жатырына түсуіне көмектеседі.
«Түтікше» арқылы. Жатырдың қос түтікшесі де ұрық өткізуге қабілетсіз болса, олардың қалауымен экстрокорпоралды ұрықтандыру тәсілі қолданылады. Яғни, әйелдің бірнеше ұрық клеткалары мен еркектің сперматозоидтары арнайы жабдықталған, жатырдан тыс ортада қосылдырылады да, олар жетілген соң жатырға әкеліп салынады.
Дұрыс тамақтану, қимылдау. Бала туу жасында әйел дұрыс тамақтану кестесін сақтап, үнемі қимыл-қозғалыста жүрсе, бедеулік қатер 80 пайызға дейін төмендейді. Психотерапевтер әйелдерге тым жұмысбасты болмауға, ұрыс-керіске араласпауға, стреске ұрынбауға ақыл-кеңес береді. Мұны сақтамау – бедеулікке жол ашады.
Белсіздіктің себептері
Мезгілсіз белден қалу, әтек болу (импотенция) қазір кеңінен тарап барады. Осы орайда статистикалық мәліметтерге назар аударсақ, ер адамның әрбір үшіншісі жыныстық жүйе қызметінің бұзылуынан зардап шегеді. Белсіздікке ерте ұрынғанында көп еркек өмірден үміт үзіп, торығып та кетеді. Оның себептері әртүрлі. Ал, психогенді белсіздік – отбасындағы ұрыс-керістің, көңілсіздіктің салдарынан да болады. Өйткені, жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы – жыныстық жүйе қызметінің де бұзылуының бастамасы.
«Денсаулық» журналының 2008 жылғы № 9 санында былай деп жазылыпты: «Белсіздіктің бір сырын қазіргі тылтиған тар киімдерден іздеуге болады. Бұлар еркектің ұлы мүшесін жоғары тартып, ал ұмасын денесіне тигізіп тұралы. Көшпелі қазақ кең шалбар киген және іш киімнің аулары кең болғандықтан, ауа жақсы алмасып, ұма температурасы қалпында болған.
Белсіздік ішімдікті көп ішіп, жыныстық сезімталдығын жоғалтқан, сондықтан келер жолы қалай әрекет істейтінінен қорыққан еркектерде де туындайды. Ол қарнында не шатында, ұмасында жарығы бар немесе көтеумен ауыратын еркектерде де болады. Белсіздік кейде гормондық бұзылыс салдарынан да туындайды».
Л.Баллюзектің жазып, бізге қалдырып кеткен деректері бойынша көшпелі қазақтарда белсіздікке үлкен мән берілген. Оның хатқа түсіруінше: «Егер белінен айылған еркек әйелімен ажырасуға рухсат сұраса, оған бір жыл мұрсат беріледі. Егер осы уақыт ішінде оған ем қонбаса, әйелімен ажырасуға міндетті».
Дәрігер – ғалым Л.Я.Мильманның байқауынша, қарт адамдардың ішінде кейде өзінің жыныстық белсенділігін тоқтатуды өтінетіндері де кездесетін көрінеді. Сексологтар болса, кәртайған кісілердің жыныстық белсенділігін тоқтатуға қарсы. Олар бұл қасиет адамның денсаулығын жақсартып, еңбекке деген құштарлығын арттырады деп санайды.
Жыныстық құштарлыққа демеу тағамдар
Балық тағамдары. «Ежелгі Грекияда дәрігерлер әскери адамдарда нашарлай бастаған жыныстық қабілетті қалпына келтіру үшін балықтан жасалған тағамды көбірек жеуге кеңес берген. Соның нәтижесінде олардың жыныстық құштарлықтары жақсара бастаған. Содан бері балық та, сонымен қатар теңіз өнімдері де жыныстық құштарлықты жақсартатын тағамдардың бірегейі саналады.
Алкоголь. Ол жыныстық қатынасты жақсартады деп адасатындар көп. Алкогольді ішудің бас кезінде осындай құштарлық оянады. Бірақ ол қысқа уақытқа ғана созылады, ал әрі қарай жыныстық құштарлық басылып, жыныс мүшесінің қуаты нашарлап, ол ауыр жыныстық бұзылуларға әкеп соқтырады. Сондықтан оның да мөлшерін білген жөн.
Е дәрумені. Ол және құрамында осы дәрумені көп тағамдар жыныстық өмірге жағымды әсер етеді дегенді жиі естуге болады. Бірақ мұны ғалымдар егеуқұйрықтарға жасалған тәжірибе негізінде айтқан. Өйткені оларға құрамында Е дәрумені жоқ тағамдарды бергенде, көпке дейін балалауын тоқтатқан. Алайда бұл тәжірибе қате пікір қалыптастырған. Оның адамда да жыныстық белсенділікке әсері күшті деу негізсіз.
Ащы тағамдар. Бұл тағамдар жыныстық белсенділікке ықпал етеді деген пікірлер де жоқ емес. Бірақ бұл ғылыми түрде дәлелденбеген. Бұл заттар кейбіреулерге жағымды әсерін тигізген, сондықтан оны қолданып көргендер ғана пайдалы деп есептейді.
Жұмыртқа. Біреулер шикі жұмыртқаның бұл шаруаны тікелей қуаттандыратындығын айтады. Бірақ жұмыртқаның құрамында осыған қатысты заттар жоқ. Негізінде, жұмыртқаның құрамында түрлі дәрумен жиынтығы бар, ал олар ағзаның күш-қуатын арттырады. Сондықтан оның пайдалы жақтары мол екені белгілі».
+1 дауыс
Әр нәрсенің емі бар ғой тек үміт керек,сену керек.Әйел мен ері екеуі жақсы жерлерге емделіп күтінсе үміт үзбей Алладан тілесе бәрі де болады.Тек сабыр,сабыр,сабыр.......
0 дауыс
Қазір бұл жағынан да медицина біраз алдыға жылжыды. Алматы қаласында арнайы орталық бар, бедеулік емдеуге келмесе жасанды ұрықтандыру жасайды. Жасанды ұрықтандыру ол күйеуінің жыныс жасушасын әйелдің аналық жасушасына салып береді. Аса қымбат та емес, бір реттен бола қоймайды көбіне, процедураны 2-3 рет жасатқаннан көтеріп жатады. Кейбір ғалымдардың айтуына 100-150 жылдан кейін адамдардың барлығы да тек жасанды ұрықтану арқылы көтеретін болады екен, ол енді тек бір Аллаға мәлім. Ең алдымен, кез келген істі дәрет алып, таза ниетпен бір Алладан тілек тілек, дұға оқып барып кірісу керек.

Ұқсас сұрақтар

...