+1 дауыс
17.5k қаралым

Қазақта осындай сөз бар ғой. "Көзі ашық,көкірегі ояу" не деген мағынаны білдіреді? Қандай жағдайда айтылады?

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Бір сөзбен айтқанда білімді, адамгершіл, жақсы қасиеттердің бәрі бойында бар деген сөз. Қазір көп адамда ондай қасиет жоқ. Сол үшін де қазақтар алға баса алмай жатыр. Көзі ашық - білімді, көргенді, тәрбиелі; көкірегі ояу - адамгершіл, біреудің жағдайын түсіне білетін, қандай жағдай болса да ұғатын адам.
Мен сондаймын десемде болады.
Онда жақсы екен. Сіз үшін қуаныштымын. Себебі көбі қазір ондай емес.
+1 дауыс
Көпті көрген, мәселенін мәнін біліп, түсінетін адамға айтылатын теңеу
0 дауыс

«Көзі ашық, көкірегі ояу» — саналы, білімді, парасатты және дүниетанымы кең адамды сипаттайтын қазақ халқының тұрақты тіркесі.

Бұл сөз тек оқып-тоқыған сауаттылықты ғана емес, айналасындағы құбылыстарды терең түсінетін, ішкі рухани байлығы мол, жақсы мен жаманды айыра алатын кемел тұлғаны білдіреді.

Тіркестің мағынасы екі бөліктен тұрады:

Көзі ашық: сауатты, оқыған, әлемдегі жаңалықтардан хабардар.

Көкірегі ояу: жүрегі таза, ішкі рухани әлемі оянған, ұлттық құндылықтарды бағалайтын, ақыл-парасаты жоғары.

127,998
сұрақ
323,120
жауап
153,172
пікір
73,070
қолданушы
...