+1 дауыс
1.6k көрілді
Әй,зар заман зар заман
Адам барма зарлаған
Зар заманды көрдім деп
Адам болып зарламаң
Ашаршылық кезеңдер
Соны естісем арланам
21-дің жастарына
Кеиде қарап таң ғалам
Білуге еш құмар жоқ
Әй,тар ғалам тар ғалам
Маған сол жылдардағы зар заман ақындарының өмірін,өлеңін зар заман ақындарын тауып беріңдерші

2 жауап

0 дауыс
"Бес ғасыр жырлайды"деген1989 жылы" Жазушы " баспасынан  шыққан 15- ғасырдан 20  ғасырдың бас кезіне  дейінгі қазақ- ақын жырауларының шығармаларының  екі томдық жинаған тапсаң (кітапханаға баруға тура келеді ) іздегеніңнің бәрін тауып аласын!!! Керемет кітап !!! Асан Қайғыдан бастап , Сүлтанмахмұт Торайғыровқа дейінгі тарихты, оның ішінде қазақ әдебиетінің тарихынан көп құнды  мәлімет таба аласың!!!
0 дауыс
Зар Заман Ақындары – қазақ әдебиеттану ғылымына алғаш рет (1927) М.Әуезов енгізген термин, зар заман кезеңінде ғұмыр кешіп, отарлық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң-зармен жырлаған ақындар шоғыры. Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілдері: Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері, Албан Асан, т.б. Әуезов Зар заман ақындары дәуірін Абылай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға ұластырып, Нарманбетпен аяқтайды. Зар заман ақындары тұсынан қазақ әдебиеті жазбаша сипат алатынын атап көрсетеді. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан құндылықтардың өзгеруі, елді басқару жүйесінің басқа сипатқа ауысуы, отаршылдықтың белең алуы, халықтың қатты күйзелуі Зар заман ақындарын тарих сахнасына шығарған. Зар заман ақындары халқының жай-күйін ойлаған ұлт қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шығармалары халықтық салт-дәстүрлерді қаймағы бұзылмаған қалпында сақтауға, ұлттық болмыс-бітімнен ажырамауға үндейді.
Ақындарының шығармаларына тиым салынуыЗар заман ақындарының қайраткерлік биікке көтерілуі отаршылдықтың белең алуынан басталады. Жыр жүйріктерінің бар құдіреті, бар қабілеті ел-жұртының санасын оятуға жұмсалды. Олар қауіп-қатерді, зорлық-зобалаңды алдын-ала ескертті, зардаптарын күн ілгері тайға таңба басқандай етіп айтып берді. Елдің берекетін кетірген отарлаушылардың құбыжық кейпіндегі бейнесін жасады.Солардың ойранына жол ашқан өз халқының кейбір жандайшаптарын аяусыз сынға алды, кей тұста ел бірлігінің кемістігін де түйреп өтті. Зар заманның бүкпесіз баяндалған оқиғаларын кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырды. Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілі – Дулат Бабатайұлы қазақ халқының дәстүрлі жыр үлгісін түр жағынан өзгертіп, өлеңді көркемдеп кестелеудің жаңа үлгісін жасады. Аталған ақындардың қай-қайсысы да ұлттық поэзиямызды мазмұн жағынан байытуға үлес қосты.  Кеңестік идеология үстемдік еткен кезеңде Зар заман ақындарының шығармаларын насихаттауға тиым салынды. Олар барлық оқулықтардан алынып тасталды. Соған қарамастан Зар заман ақындары шығарм. әр жылдарда зерттеу нысанасына айналды. Қазақ әдебиетінің тарихын оқып-үйренуге арналған ғыл. жинақтарда олардың кейбір өлең-толғаулары арагідік жарық көрген тұстары да болды. Мысалы, 1978 жылы Ленинградта басылып шыққан “Поэты Казахстана” жинағында (құрастырған М.Мағауин) Зар заман ақындарының отаршылыққа қарсы жазылған бірқатар өлеңдері орыс тілінде жарық көрді.
20 ғ-дың соңынан бастап зар заманның тарихи сипаты, Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілдері, әдеби ағым ретіндегі ерекшеліктері, көркемдік кестелері туралы бірқатар еңбектер жазылды. Зар заман ақындары шығарм. – жаңалығы мол, өзгеше дәстүрі бар күрделі құбылыс ретінде әдебиеттану ғылымының тұрақты зерттеу нысанасы болып қала бермек.
ЗАР ЗАМАН
Зар заман, зар заман,
Зарлап өткен бір заман.
Сөздің басы — бисмиллаһ,
Біз айталық, сіз тыңда
Мұсылманның тарихын:
Төрт аяқты хайуан —
Бұ дүниенің жарығы.
Бағасы кеткен жігіттің
Бетінен алар зайыбы.
Бір алладан басқаның
Көпті қылған айыбы.
Кесапаттың кесірі
Келе ме деп керт басқа,
Сол себептен қорқамын!
Әуелгі қорлар зор болды,
Сондай зорлар қор болды,
Әуелгі барлар жоқ болды,
Сондай жоқтар тоқ болды
Жөн білмеген жамандар
Ел билеген бек болды,
Көтере алмай билігін,
Ұласқан үлкен кек болды,
Ниетіне қазақтың
Тым - ақ тәуір еп болды —
Заманақыр болар деп,
Сол себептен қорқамын!
Қыс көбейді — жаз аз боп,
Бай таусылды — мал аз боп,
Ағайыны көре алмай,
Атаға бала араз боп.
Әр нәрсенің болжалы
Келе жатыр жақындап.
Ағашты тауға үй салып,
Алды кәпір ақында,
Елді еркіне қоймады
Буыршындай тақымдап.
Дуан басы, болыс тұр
Кәпірдің сөзін мақұлдап,
Бейшараның пұлы жоқ,
Қорыққаннан қақылдап.
Жарысқа кірген жақсылар,
Аша алмассың көзің деп,
Сол себепті қорқамын!
Елге егін жайылды,
Байға қоңсы жоламас.
Алдап-арбап жүрем деп,
Өз тілегін тілемес.
Арам сулы балаға
Атаның сөзі ұнамас.
Заманақыр боларда
Алуан-алуан жан шықты
2
Қайыры жоқ бай шықты.
Сауып ішер сүті жоқ,
Мініп көрер күші жоқ,
Ақша деген мал шықты.
Жарлы - кедей жоқ десек,
Қорлықпенен күн өтер.
Таңда махшар күн туса,
Таразыны аударар
Жаһаннам деген дозақта.
Шайтан болар жолдасы,
Құбыласын білмей құл,
Сонда тартар жазасын.
Кешірмейді құдайым
Бес намаздың қазасын.
Құрт-құмырсқа жиылып,
Сонда алады мазасын.
Жаһаннамның белгісі —
Жалғанға болар расың.
Мұқым қылмай құдайым
Ол залымның тау басып.
Сақта құдай солардан,
Сол себепті қорқамын!
Байлар ұрлық қылады,
Көзіне малы көрінбей,
Билер жейді параны
Сақтап қойған сүрін.
Заманың сенің құбылды
Текеметтің түріндей.
Ойлағаны жамандық,
Жарадан аққан іркіл.
Жеті жұрт кеткен қожадан,
Сен тұрмайсың бүлінбей.
Қазақ ұлы жиылып,
Құдайыңа сыйынып,
Қондыгерге хат жазып,
Кешіктірмей дат жазып,
Өлместің де қамын қыл,
Басың сотқа ілінбей.


--------------------------------------------------------------------------------

Мына заман қай заман?
Азулыға бар заман,
Азусыз тар заман.
Тарлығының белгісі:
Жақсы — жаннан түңілген,
Жаман — малдан түңілген,
Мұның өзі — зар заман.
Зарлығының белгісі:
Бір - бірлерін күндеген,
Жай-жайына жүрмеген,
Мұның өзі — тар заман.
Тарлығының белгісі:
Мұсылманнан хал кетті,
3
Тәңірім болғай деместен.
Анты жұқпас бойына,
Әр не түсер ойына,
Жалмауыз болды үлкенің,
Қазақ, сенің сорыңа.
Арқадан дәурен кеткен соң,
Қуғындап орыс жеткен соң,
Тіпті амал жоқ, қазақтар
Енді сенің торыңа.
Орыс — бүркіт, біз — түлкі,
Аламын деп талпынды,
Орыстан қорлық көрген соң,
Отырып билер алқынды.
Мың-мың жылқы айдаған,
Сары қазы шайнаған,
Қымызын судай сапырған,
Ішіп мас боп ақырған,
Арқаның жазын қашырған,
Жылқының етін жемес - ті,
Жағаласқан мына жау
Кетірер сонда сиқың.
Қолыңды қойса айдарға,
Жарар сол да жылқыңды.
Бұхарға жетер күн болса,
Тыншытар ма едің ұйқыңды?
Қанар кәпір халықты
Көп жасады неліктен?
Көтерілді керемет
Бұл асылық, асқан заманда,
Ұл туады атаменен егесіп,
Қыз туады анаменен теңдесіп,
Баласы кетіп тыюдан.
Масқаралар таймайды
Жас сыйласып тұрудан.
Адал зада баланы
Таба алмассың рудан.
Ұлың киді дүрия,
Ұстараның жүзіндей
Аударылған дүние
Қызың киді биқасап,
Тергеп кимей байқастап,
Кешкітұрым болғанда
Құлан менен бұландай
Үйде тұрмас ойқастап.
Қыз, жігітте әдеп жоқ,
Үшбу күнде халықтың
Домбыра болар шерткені,
Зина болар қылғаны,
Деген екен бұрынғы
Ол бір өткен сапасын,
Бұрынғының сөзінің
Бір қатысы болсаңшы!
4.
Дәулет, бақтан әуелден
Жесір қатын, жетім ұл
Бір қараны сан қылып
Айдаған бұ дүниеге тойсайшы!
Қартайғанша мал дейді,
Өлгеніне жан дейді, —
Бұ дүниенің қызығын
Көңіл шіркін қоймайды.


--------------------------------------------------------------------------------

Патша жұртын қанады,
Байлар жөргем санады.
Жарлының жаны берік екен,
Мал үшін он екі ай қой бағып,
Жалғыз тоқты а лады.
Тоқты берсе, ісек деп,
Құнан шығар тұсақ деп,
Саулық берсе, егіз деп,
Қыстан шыққан семіз деп,
Жарлының тынышын
Құрттай санап мал алды,
Ел қамқоры сандалды.
Кетейін десе, алдың тар,
Тұрайын десе, кәпір бар, —
Қайсы бірін айтайын,
Қазақтың ұлы қамалды.
Қамалмай енді неғып тұр,
Тау басынан қазақ жаңылды.
Тұс-тұсынан жау шығып,
Дұшпанға жаман табынды.
Кәдесі қалың Арқаңыз
Ақ шөбін қимай бағынды.
Бағынғанның белгісі:
Билік кетті басыңнан,
Қорлық көрдің жасыңнан.
Ұл-қызыңнан үміт кетті,
Айрылдың құда, досыңнан.
Мұнан қатты не болсын,
Өмір менен осыдан.
Жамандықтың белгісі:
Ұлың көңілі — бір бөлек,
Қызың көңілі — бір бөлек,
Алысар тұстар болса да,
Әлсіз айбар не керек?
Ендігі жанның ақылы —
Отқа түскен көбелек.
Көбелектен несі артық,
Өлген қазақ көрмедің,
Жалға жүрген жалшыдай
Жан қадірін білмедің.
Білмегеннің белгісі:
Баланды бер деп орыс тұр,
Қайтемін деп болыс тұр,
5.
Қорқар ма орыс қой дегенге,
Қазақты қамай түсіп тұр.
Басыңнан билік кеткен соң,
Малыңнан асып, баланды
Бер деп ақыл тапқан соң,
Тоғайды жеңіп қолға алған,
Өз ақылы жеткен соң,
Бұ құсаға ел қайтып шыдасын,
Шабынан шоққа түрткен соң!
Шалғын жайлар күйретіп,
Мың кісі мінер үйретіп,
Қазақ кез мойын атқа міне алмас,
Кең шалбарды кие алмас.
Ақылы жоқ есер құл
Бір қайрылмас кеткен соң,
Көгерер ме осымен.
Кеткенде қайда барасың,
Алдыңызда бар,
Орыстан жаман тым - ақ жау.
Қазаққа атар таң бар ма,
Мұнан өзге аң бар ма?
Қом туға
...