0 дауыс
1.2k көрілді
Қазіргі таңда Чемпиондар лигасында ең көп гол соққан футболшы ?

7 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Осы суреттен толық мағлұмат ала аласың

0 дауыс

Менің естуім бойынша Пеле.

Ол бұрын ғой.
0 дауыс
Олар Месси мен Роналду. Қазір Роналду гол санын қарқынды күшейтуде. Ал жалпы гол саны бойынша Месси алда.
0 дауыс

Португалия құрамасы мен мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду 2014 жылы басты бәсекелесі Лионель Мессиден 3 гол артық соғыпты. Бұл туралы испандық sport.es басылымы хабарлап отыр.
2014 жылы португалдық ойыншы 61 гол соқса, аргентиналық сұрмерген 58 голды еншісіне жазған.Роналду пенальтиден 15 рет қарсылас қақпасын дәл көздесе, Месси бар болғаны 6 ғана пенальти орындаған екен.
Қос футболшының 2014 жылы орнатқан рекордтарының көрсеткіші бойынша Лионель Месси аз да болса алға озып тұр.
Криштиану Роналду осы жылы Чемпиондар лигасының бір маусымда ең көп гол соққан (17 гол) ойыншысы атанды. Ал Лионель Месси болса бұл бәсекенің тарихындағы ең үздік сұрмергені болып келген Рауль рекордын жаңартты. Қазіргі таңда екі ойыншының арасын бар болғаны 2 гол ғана бөліп тұр.
«Барселона» футболшысы Чемпиондар лигасында 5 рет хет-трик орындап рекорд тіркесе, «Реал» көшбасшысы 6 маусымда 23 рет хет-трик жасап, Испания чемпионатындағы Тельмо Сарра мен Альфредо Ди Стефано рекордтарын жаңартты.
Лионель Месси Испания футболы тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды. Ол 289 кездесуден кейін әйгілі Тельмо Сарра рекордына түзету енгізді. Роналду болса Еуропа чемпионатының іріктеу және финалдық кезеңдерін қоса есептегенде ең көп гол соғып (23 гол) рекорд орнатты.
Аргентиналық футболшы каталондық дербидің де үздік сұрмергендер тізімінде көш бастады. 7 желтоқсан күні «Эспаньол» қақпасына 3 доп тоғытқан Месси жаңа рекорд тіркеді. Сонымен қатар, осы жылы футболшы 90 жыл бойы жаңармай келген Паулино Алькантара рекордын жаңартты. Нәтижесінде «Барселона» тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды. Одан өзге «Камп Ноуда» ең көп гол салған ойыншы ретінде де есімі футбол тарихына еніп отыр.
0 дауыс
Чемпиондар Лигасында ең көп гол салған үш ойыншы: Месси, Роналду және Рауль.
0 дауыс
Бауырым Мессиғой 75 гол.Ұйықтап журсiңбе?
0 дауыс
ЧЛ-сында да, Ла Лигада да Месси алда тұр.
...