0 дауыс
3.8k көрілді
Ақпарат ХХІ ғасырдың жаппай қырып жою құралына айналды ма? Ақпарат, ғаламтор, әлеуметтік желінің адам өміріне зиян келтіре ме?

11 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Кез келген нәрсенің зиянды тұсы болады. Ақпараттық технологиялар, әлеуметтік желілердің пайдасы шаш-етектен екенін мойындаймыз, бірақ зияны да аз емес. Барлық зиянды хабарламалар, секталар мен террорұйымдардың жарнамалары осы жақтан шығады. Ү гіт, насихат, ұятсыз нәрселерді де осы жақтан естіп біледі.
0 дауыс
Денсаулыққа зияны бар. Мысалы көзге, арқа сүйектерінің қалыптасуына, т.б. Ал, жалпы алғанда ешқандай зияны жоқ деп ойлаймын!
менің сұрайын дегенім денсаулыққа зияны емес, адам өміріне зияны барма дегенім гой. Мысалы айтқанда бір қыз әлеуметтік желіде отыр делік, ол мысалы бір фотоны әлеуметтік желіге салды делік, сол салған фотоға біреу ойнап комментария жазса (егер жаман жазылса сонда) ал ол қыз ертенгі күні өзіне-өзі қол салса дегендей. Міне мен осындай зияны барма дегенді білгім келген
желідегі қауіпсіздікті сақтай білу керек, мысалы эмоциямен әлеуметтік желіде ақпарат жариялауға болмайды деп ойлаймын. Орналасқан орынын көрсетпеу керек. Барынша жеке бас құпиялары көрсетілмеуі керек.
+1 дауыс
Барлығы адамның өзіне байланысты деп ойлаймын. Әлеуметтік желі, интернет балта сияқты ғой. Мысалы балтамен отын шабуға да болады немесе бір жеріңді байқамай зақымдап алуың мүмкін. Сол сияқты интернеттің де жақсы жағы көп емес пе. Мысалы қазір теледидардан көріне алмағандар ютуб сияқты видеохостингтер арқылы танылуда , суретшілер instagram желісі арқылы суреттерін салып танымал болуда, мысалы Аңсаған Мұстафа өзінің Facebook желісінде жариялаған әлеуметтік  графикалық суреттері арқылы көпшілікке танылды, тіпті бір суреті сонау Бразилияда танымал екен.

Интернет арқылы қазір ақша табуда көпшілік. Ең бастысы желідегі қауіпсіздікті сақтау керек деп ойлаймын.
әрине, ақша табуға болады. Бірақ ертенгі күні ақша табамын деп алданып торға түсіп қалса бұның өзі адамға үлкен зияның тигізеді деп ойлаймын
керісінше IT саласы даму керек деп ойлаймын. Бұл заманның бір ағымы  шығар. Мысалы Қазақстандықтар Ресейдің mail.ru поштасын пайдаланады ғой, сол сияқты Қазақстанда да дамыса жаман емес қой. Ешқандай торға түсіп жатқан жоқ қой, Инстаграм желісін "ғаламтор"-дағы "барахолка" десе болады.
Интернеттен оқығаным бар, мысалы үйде компьютерді орталық зал сияқты бөлмеге қойған дұрыс, баланың не істеп отырғанын білу үшін.
иа ол да дұрыс шығар. Ал әлеуметтік желі психикаға әсері бар деп ойлайсыз ба?
көп отырмау керек деп ойлаймын. Шектеу қою керек белгілі бір мерзімге.))
Менде сенсор экранды сотка болған. Күні-түні шұқылай беретінмін. Содан кнопкалы телефон сатып алдым, ана соткамды сатып жіберіп.
Көп отырсаңыз, тәуелділік пайда болады. Бірақ әр адам әртүрлі қолданады негізі.
Әр түрлі болғанда көбі тәуелді болып қалады ұялы телфонға
0 дауыс
Жоқ. Ақпарттық технология адамды алға жетелейді. Адам бұрын-соңды жетпеген жетістікке жетті. Денсаулыққа зияны зиян әрине. Бірақ спортпен айналысса ештеңе болмайды. Көзге арналған жаттығулар бар. Интернетте бәрі нән деп айтпаймын. Ол әр адамның өзіне байланысты. Көбіне жақсы нәрсе көп деп сендірейін. Әлеуметтік желілер табыс көзі, пайдасы жоқ. Маған ренжімеңіздерші қатарлас құрбылар, жастар!!! Себебі бұл шындық. Бүйте берсе Қазақстан не болады????????
Осы орайда есіме бір нарсе түсіп кетті шың өтірігін білмейм интернеттен көрдім. Әлеуметтік желі арқылы адамдарға жұмыс тауып береміз деп сектаға кіргізіп жіберіпті дегенді құлағым шалған
Бастысы әлеуметтік желілерден аулақ жүріңіздерші! Өз басым ешбіріне кірмеймін.
Егерде аулақ жүрсем оның пайдасын көрмей қалам ғой
Әркім өзі біледі. Менікі жай ескерту.
–1 дауыс

Иә зиян, сондықтан сұрақ жауап сайтына келіңдер.

+1 дауыс

Кез келген нәрседен мөлшерінен тыс пайдалану зиянды, әлеуметтік желілердегі виртуалды қарым - қатынастардың зиянды жақтары көп. Соның ішінде виртуалды қарым - қатынастардың зиянын шегетін оқушылар да бар. Бірақ әзіргі ақпарат технологиялары заманында жаңалықтардан бихабар қалып болмайды. Сондықтан  әлеуметтік желілерге қосылыңыз, әрдайым жаңа ақпараттың толқынында болыңыз, бірақ шамасына қарау керек, абай болмасаңыз одан біраз жапа шегуіңіз мүмкін.
0 дауыс
Қалай қолданғанға байланысты ғой. Пышақпен адамды жаралауға болады. Сол үшін ол аса қауіпті деп қолданбай қоймаймыз ғой. Оның тұрмыстағы рөлін жоққа шығара алмаймыз.
+2 дауыс
Әрине бар. Оған көп кіргеннен құмаршылық пайда болады. Соның әсерінен әлеуметтік желіде көп отырып көзі көрмей қалуы мүмкін.
иа иа менің оймша қазіргі жастардың барлығыда интернетке тәуелді болып қалған
0 дауыс
Уақытты босқа өткізеді. Уақыт бос өткені əрине дұрыс емес. Басқа жұмыстың бəрі қалады. Жалқаулыққа алып келіп соғады.
Әрине мен сізге келісем.Ал жалқаулықтың соңы адамзаттың күйреуіне әкеп соғады деп ойлайсыз ба?
Өкінішке орай солай. Бірақ күйреуден құдай сақтасын
Сақтасын әрине сақтасын. Бірақ менің ойымша жас балалар қазір көп отырат интернетте содан көздерінен айырылуы мүмкін. Ал ересек адамдар семіздікке ұрырауы мүмкін деген ойым бар
0 дауыс
Пайдалы жағыда зиянды жағ ыда бар
0 дауыс
Адамзатқа ғаламтордың пайдасы 

Көптеген адамдар, әсіресе ғаламтор қолдауншылары, ғаламтордың адамзаттың ең үлкен қолжетістігі екендігімен келісері анық. Ол, қалтқысыз ақпарат көзі болуымен қатар, адамдарға қажет біліммен сусындауға, қиюы келмес мәселелердің шешімін табуға көмектеседі. Әлемдік тордың жан-жақты, білімді, көзқарасымыз кең болып, көптеген қызықты дүниелерді үйренуімізге себі мол. 

Оған қоса, ғаламтордың тағы бір артықшылығы - мемлекеттер мен құрлықтар арасындағы шекараны жойып, адамдарға араларындағы қашықтыққа қарамастан бір-бірімен араласуға, сөйлесуге мүмкіндік беруінде. Тіпті, әлемдік тор арқылы әлемнің екі бұрышындағы адамдар достасып, махаббатарын да тауып жатады.

Танмдық бағдарламаларды көру, жаңа ақпарат алу, білімімізді толықытру, шетел тілдерін үйрену арқылы ғаламторда уақытымызды тиімді әрі пайдалы өткізе аламыз. ей адамдар ғаламтор арқылы мамандық алып, жұмысқа орналасып жатады. Бұлардан бөлек, ғаламторды жолын білгендер табыс көзі ретінде қолдана алады. Соңғы жылдарда дәл осы ғаамтормен байланысты түрлі мамандықтар пайда болған. 

Ғаламтордың денсаулыққа зияны

Әрине, ғаламтордың пайдасы мол екендігі даусыз. Алайда оның зияны да аз емес. Ғаламтордың зиян жайлы сөз болғанды ең бірінші қозғалатын тақырып - ғаламторға тәуелділік. Ал бұл аңыздан алнған термин емес. 

Ғаламтор қолданушыларының 10%-ы ғаламторға тәуелді екендігі ғылыммен дәлелденген. Тіпті, олардың бірқатары ғаламторды үй, тағам, су іспетті өмірлік маңызды дүние деп есептейді. Оңтүстік Корея, Қытай, және Тайваньда ғаламторға тәуелділікті ұлттық деңгейдегі мәселе ретінде қарастырады.      

Десе де ғаламтордың зияны тек мұнымен шектелмейді. Компьютер мониторының алдында ұзақ уақыт отырудың өзі көзіміздің көруіне теріс ісер етсе, компьютер алдында дұрыс қалыпта отырмағанның салдарынан қимыл-тірек аппаратымызға зиян келеді. 

Адам психикасына кері әсер ететін ақапараттарды да ғаламтордың зиянды жағына қоса аламыз. Ғаламтор арқылы алаяқтар жеке тұлға жайлы мәлімет алып, оны өз мақсатына қолдануы мүмкін. Сонымен қатар, әлемдік тор арқылы компьютер жүйесіне зақым келтіріп, зиянын тигізетін вирустар тарайды. 
...