+1 дауыс
565 көрілді

Әлеуметтік желіге қалай кірмеуге болады? Максимум дегенде 1 күн кіре алмай отыра алам. Қандай жолдар ұсынасыздар? Вконтакте сайтына кірмеу үшін Массагет сайтына мақалар жазуға, сұрақ жауап деген сайттарға кіріп уақытымды өткізуге тырыстым, бірақ нәтиже жоқ. 

2 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Бүйт. Әлеуметтік желіңнің паролін ауыстыр. Ол парольді ұмытып қал, есіңе сақтама. Барлық устройствадан шығып кет.
Құпиясөзді қалпына келтіру қиын болып па екен? Жаңағы...
кіргісі келмеген адам кірмейді ғой
Жаңағы, өзін-өзі белгілі бір нәрседен тыю деген оңай нәрсе емес қой. "ерік күші" мықты болу керек. Ал ол көбімізде әлсіздеу. :)
+3 дауыс

Бір жолата өзіңізді шектесеңіз керісінше кіргіңіз келіп тұрады. Өзіңізге уәде беріп көріңіз. Мысалы бүгін екі сағат қана кірсем балмұздақ алып жеймін деген сияқты. Ертеңінде 1 жарым сағатқа қысқартып көріңіз. Саты бойынша жүрмесеңіз, бірден өзгеріске ұшырау керісінше ауыртпалық әкелуі мүмкін. Жаңалықтар, өзіңіз қызығатын саладағы мақалалар, көркем-деректі фильмдер көрсеңіз, бастысы сізді ӘЖ-ден басқа жаққа әкете алатын пайдалы әрі ықпалды ақпарат көздерін тапсаңыз мақсатыңызға оңай жетуіңіз мүмкін. (Әлеуметтік желі дегенде жастықтың бір бөлігі сияқты,  жасың келсе ол құрғыр да "ақырын-ақырын шегініп, алыстап кетеді"  екен ғой)) 

Мен қарсы сұрақ қойып көрейін,  Осы Сұрақ-Жауап сайтынан қалай  құтылуға болады, кіргеніме 4 жыл болды, құтыла алар емеспін тіпті))) (әзіл ғо)
Мен де осыған тәуелді болып қалған сияқтымын) "Мұртқа өкпелеп жүргенде сақал шықты" демекші, әлеуметтік желіге кірмесем де осыған әбден үйреніп кетіппін))
...