0 дауыс
422 көрілді
Жерорта теңізінде қазына табылыпты сол распа ?

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Дайверлер Жерорта теңізінің түбінен шамамен 1000 жылдай жатқан алтын тиындар көмбесін тапты. Ол тарихтағы табылған ең ірі қазына болып отыр. Бұл бір ертегідегідей оқиға. Бастапқы кезде жолы болғыш дайверлер жағалаудан тиын тауып алып, оны балалардың ойыншығы деп ойлаған. Алайда зерттей келе оның алтын тиын екені анықталады. Содан соң бір топ дайвер бірігіп, іздестіруді әрі қарай жалғастырады. Нәтижесінде 9 килограмдық 2 мыңға жуық алтын тиын табылады.  
Бұл тиындар Орталық Шығыс пен Солтүстік Африкада 909-1171 жылдары патшалық еткен Фатимида халифатында қолданылған деген жорамал бар. Ал тағы бір нұсқа бойынша, қазына белгілі бір көпеске тиесілі болуы мүмкін. Алайда бұл қазынаның анық-қанығы әлі күнге анықталған жоқ.
Дерек көз:
http://massaget.kz/

Жерорта теңізінің Израиль жағалауына жақын түбінен алтын монеталар табылды. Аквалангистер тапқан осынау қазына санай келгенде 2000 монетаға жетіпті.
Ежелгі Израиль басқармасының зерттеуінше, табылған 2000 монета мыңдаған жылдар бұрын жасалған.
Қызық болғанда сүңгуірлер алғашында өздері тапқан олжаның құндылығына аса назар аудармаған екен. Жай бір әуестікпен кездестірген дүниесінің маңыздылығын енді аңғарып отыр.
Дерек көз:
http://khabar.kz/kz/
+1 дауыс
Дайверлер Жерорта теңізінің түбінен шамамен 1000 жылдай жатқан алтын тиындар көмбесін тапты. Ол тарихтағы табылған ең ірі қазына болып отыр. Бұл бір ертегідегідей оқиға. Бастапқы кезде жолы болғыш дайверлер жағалаудан тиын тауып алып, оны балалардың ойыншығы деп ойлаған. Алайда зерттей келе оның алтын тиын екені анықталады. Содан соң бір топ дайвер бірігіп, іздестіруді әрі қарай жалғастырады. Нәтижесінде 9 килограмдық 2 мыңға жуық алтын тиын табылады.  

Бұл тиындар Орталық Шығыс пен Солтүстік Африкада 909-1171 жылдары патшалық еткен Фатимида халифатында қолданылған деген жорамал бар. Ал тағы бір нұсқа бойынша, қазына белгілі бір көпеске тиесілі болуы мүмкін. Алайда бұл қазынаның анық-қанығы әлі күнге анықталған жоқ.

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
5 жауап
Белгісіз 25.05.2015 Жалпы сұрақ сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
...