+2 дауыс
959 көрілді
Өз пікірлеріңізді қалдыруларыңызды сұраймын

8 жауап

+1 дауыс
Шыңғысханның қазынасы оның денесімен бірге көмілген. Сондықтан, Шыңғысханның моласын іздеушілер көп.
0 дауыс
Шыңғыс ханның қазынасын көмбей-ақ, талан-таражын шығарған шығар...
+1 дауыс
Ол кездегі моңғолдар арасында кең таралған тәңіршілдік, буддиизм дінінде де келесі өмірде бұл өмірдің заттарын падаланады деген сенім болмаған, яғни қазынасы бірге жерленбеген (сондықтан Шыңғыс ханның ешқандай қазынасы жоқ деп ойлаймын)
0 дауыс
Болған күнде де, қазір ол жоққой. Оның үстіне қазынасын бөліп,бөліп берген болар балаларына.
0 дауыс
Шыңғысханның тегі қазақ және ол қазақтың Үш Жүзінің кенжесі Кіші жүз (Алшын, Бекарыс)- оның кенжесі Он екі ата Байұлы – оның кенжесі Адайдың – оның қарашаңырағы, яғни «Мұңал ошақтың» иесі Мұңал руынан екендігі дауға жатпайды. Шындықтың аты шындық, ақиқаттың аты ақиқат. Одан ешкім, ешқайда қашып құтыла алмайды. Бұл шындықты бүгін мойындай алмасаңдар, ертең мойындайсыңдар; ертең мойындай алмасаңдар, арғы күні мойындайсыңдар; арғы күні мойындай алмасаңдар, оның арғы күні мойындайсыңдар. Түптің түбінде бәрібір мойындайтын боласыңдар. Мұндай жағдай (жаттың ықпалымен аталарынан адасып қалу) қазақ тарихында бұрында да сан рет болған. Бәрінде де бүкіл әлем Қаз ағаларына (Қазаққа) қайта оралып отырған. Атам қазақтың "Ат айналып қазығын табар, Ер айналып елін табар" деген мақалы осыдан қалған. Бәрің бірдей Дарвин айтқандай "маймылға" бала болып кетпесеңдер, мен айтқан тұжырымға күні ертең-ақ келесіңдер. Ол күн алыс емес.

         Шыңғыс хан қазақтың ата салтымен жерленген. Сондықтан, Атамыздың моласында он метр ақ матадан (кебіннен)  басқа ештеңе жоқ. Осындай қарапайым дүниеге де бастарыңның жетпегені өте өкінішті, Әрине! Мұндай пікірлердің туындауы Сіздердің Атам Қазақтың Ата салтын білмейтіндіктеріңнің салдары екендігі даусыз.

  Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім. Маңғыстаудан
–1 дауыс
Жоқ, сенбеймін. 10 жыл іздедім, қазбаған жерім жоқ.
+3 дауыс

Мүмкін бар шығар, мүмкін қолды болған шығар... Бар болған күннің өзінде бізге бұйырмайтын олжа.  Жоқ болса ол туралы бас қатырудың өзі бекершілік.  (Қанша жерден "Ол Адай болған" деп айқайласаңыз да, даусыңыз күллі әлемге жетпейді. Әлем үшін Шыңғысхан моңғол. Тіпті ол ұлт емес, тайпалық қауым кезеңінде өмір сүрген. 15 ғасырда өз еліміздің болғанын мына әлемге енді дәлелдеп үлгердік. 12 ғасырда туылға Темүжүн қазақ десек, оған еш дәлеліміз болмаса, бізге кім сенеді?! Керісінше сендердің ата-бабаларың моңғол болған екен деп, онсызда мәңгүрттеніп жүрген біразымыздың басын айналдырып тастайтын шығар?!)

0 дауыс
Қуатты қолдарда, қайратты жүректе.
...