0 дауыс
2.1k көрілді

Ұлттық ойынымыз Көкпар Қазақстаннан шыққан ба? әлде Қырғызстаннан шыққан ба?

көкпар, ұлттық ойын, көкпар ойыны, кокпар

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Көкпар - ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Ойынның атауы “көк бөрте” (лақ) сөзінен шыққан.

Дәстүрлі қазақ қоғамында Көкпарға жасқа толған серкенің семізі таңдалған. Семіз серке терісі жыртылмайды. Орташа салмағы 20-30кг-дай келеді. Басқа малдың терісі жыртылғыш болғандықтан Көкпарға тартпайды.

Көкпар – Орталық Азия халықтары арасында кең тараған ойын түрі. Ол қырғыз, өзбек тілінде “Улак тартыш”, тәжік тілінде “бузкаши” деп аталады. Көкпар тарту сияқты ұлттық ат спорты ойындары басқа да Шығыс елдерінде де бар. Ауғанстанда кең тараған бузавиш ойыны Көкпарға өте ұқсас. Сондай-ақ, Аргентина халқының да Көкпарға ұқсас ат спорты ойыны болған.
Дұрыс айтасын.
0 дауыс
Көкпар қазақстанннан шықққан Қазақ спорты оған толық негіз бар
+2 дауыс
Осы сұрақ мені де көп ойландырады. біздің қазіргі көкпар деп өткізіп жүрген жарыстарымыз бұрынғы біздің бала (1970-1980) кезіміздегі көкпарға мүлдем ұқсамайтын сияқты. ол кезде мынандай қазандық дегендер болмайтын. Арасын 300 метрдей қылып екі мәре белгілеп шабатын, көкпардың ең қызық жері айналдырып шабу мен дода болушы еді.Егер көкпарды іле салып мәреге қарай шаба жөнелсең қариялар айқайлап ұрысушы еді. Көкпар алып келе жатқанда ат алдын кесе кіруге, көлденеңдей шабуға болмайтын еді, әрі бұлай 5-6 ат деген шектеу болмайтын. ең соңында көкпар бітерде ауылға (домой) алып қашушы едік, сол тың, белді, ұзаққа шабатын аттан бір екеуін етін қыздырып қана шаршатпай соңына ұстап отырушы едік. Ауылға келіп жаңа келін түскен үй, болмаса шілехана болған үй сияөқты үйлердің біреуіне көкпарды түсіруші едік.Сол үй көкпар етінен қуырдағын жасап көкпаршыларды күтушы еді.Келесі көкпарға сол көкпар түскен үй бір серкесін атап дайындап қоятын.Міне осы көкпарда аттың ұшқырлығы, жүйріктігі,40-50 км көші ауылдан өз ауылыңа көкпарды алып қашып келетін кездегі белділігі, ат үстіндегі жігіттің мықтылығы  сыналатын нағыз аламан еді. Міне осы қазақтың мен білетін көкпары еді.Ал қазіргі көкпар біртүрлі, қолына серке ілінсе болды қазандыққа тастауға шаба жөнеледі, е құмарың қанбайды, е рахаттанып айқайлап қолпаштап үлгере алмайсың. Аттарының да шапқанынан көрі орнында тоқтай қалғанына, орнынан жалт бұрылғанына мақтанатын болды.Осы қазіргі көкпар Қырғыздыкі болса қырғыздікі шығар, әйтеуір өз көңілімнен шықпайды.
Ай керемет ағасы. Көп жасағаннан емес, көпті көргеннен сұра деген сөздің жаны бар екендігіне сізге қарап отырып рас екен деймін. Өзіңіздің көрген, түйгендеріңізбен бөлісіп, оны оқу бір ғанибет. Қызықты қызықты ақпарат алып отырамын. Рахмет сізге!
Осындай жақсы сұрақтар болып жатса жауап жазудан мен жалықпаймын ғой Ербол, бірақ соңғы кезде сұрақтар мәнсіз болып бара жатқаны қынжылтады. Кейбіреулер сияқты, "иә қосыламын,  менде солай ойлаймын, мүмкін дұрыс шығар" - деп бал жинау үшін шатпақтай баруге ұялғаннан ғой көп жазбай жүргенім, болмаса күнде осындамын.
Ия ағасы кейде сұрақтар мәнсіз, мағынасы жоқ болып жатады. Бірақ бұндай құбылыстың болуы да заңды деп ойлаймын. Себебі аудиторияның саны артып жатыр. Бұрындары сайтты тек 1000-2000 адам қолданып, сұрақтар саны аз әрі сапалы болса, қазір күніне сайтқа 50 000 адам кіріп сайтты қолданады екен. Әрине көпшілі бар кезде неше түрлі сұрақ болады, сол кезде жақсы сұрақтар көп сұрақтың тасасында көрінбей қалып кетіп жатады. Балл үшін өтірік бос жауап беретіндермен күресіп келе жатырмын, оны да шешудің жолын табармын. Қазіргі кезде сайттта болып жатқаг белсенді қолданушыны таңдауды өзіме қалдырған себебі де осы болатын. Өзіңіздің, Биология (Димаш), @Жақсы апайдың өмірден көрген-түйгендерімен бөлісіп, ешбір жерде жоқ пайдалы ақпараттарынызды оқығанда қуанып қаламын.

Ұқсас сұрақтар

...