0 дауыс
1.1k көрілді

Жақында ауылға бардым. Үйімізге жақын маңда көкпар болып жатыр екен. Жалпы жануарлардан жылқы қатты ұнайды өзіме. Барып тамашалайын деп едім. Ағам қыздарға баруға болмайды деп барғызбай қойды. Неге деген сұрағым жауапсыз қалды. Осы сұрақты сіздерге қойсам деймін.Қыздарға Баруға болмайды! НЕГЕ?

3 жауап

0 дауыс

Ондай нәрсені естіп көрмеппін.Көкпар қазақтың ұлттық ойыдарының бірі болып танылды ғой,қазақтың ойыны болғасын қазақ бара беруге болады деп ойлайм.Ұл демей,қыз демей

Менде солай ойлайтынмын...
0 дауыс

Іші пыспасын дегенғой.

0 дауыс

Көкпар негізі ержігіттер сайысы ғой, бірақ оны әйел балалары барып көруге болмайды деген тиым естімеген екенмін. Бала кезімде мерекелерде көкпар болатын, сонда апа-әжелеріміз,қыз-келіншектер бәрі барып жүк машинаның үстіне шығып отырып қызықтайтын. Ағаңыз сізді ат қағып кетпесін деген оймен сақтандырған болар.

...