0 дауыс
269 көрілді

менің нотбугімде осындай болып қалыпты.....калькуляторды ашсам жазулары шатасып кетеді жазсам яғни 1 ді бассам басқа сандар сияқты өзгеріп тұрады.  не істеуге болады......

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Операциялық жүйеңіздің стандартты қаріптері ауысып кеткен, орнына келтіру үшін мына әрекеттерді орындаңыз:

Ескерту: Реестрде қателесуге болмайды, тек қана мына төменде көрсетілген әрекеттерді мұқият орындаңыз, папкалардың аттарын шатастырып алсаңыз басқа да мәселелер туындайды.

1.Реестр редакторын ашамыз, ол үшін: “Пуск” – “Все программы” – “Стандартные” – “Выполнить” командасын орындаймыз. "Выполнить" терезесі ашылады.

Осы терезеде regedit.exe деп жазып ОК басамыз

Реестр редакторы терезесі ашылады

Осы терезеде мына папкаларды ашамыз: “HKEY_LOCAL_MACHINE” – “SOFTWARE” – “Microsoft” – “Windows NT” – “CurrentVersion” - “FontSubstitutes”

Енді осы терезенің оң жағынан параметрлер тізімінен MS Shell Dlg,204 дегенді таңдап, тышқанның оң жақ батырмасын басып Изменить дейміз.

Ашылған терезеде MS Sans Serif,204 деген мәнді Microsoft Sans Serif,204 деп өзгертеміз.

Оk басамыз да компьютерді ошіріп қосамыз. Болды.

Мұнда папкалардың аттары ұқсас болады, сондықтан мұқият қарап осында көрсетілген мәндерді ғана өзгертіңіз

Сәттілік!!!

 

Рахмет. Алладан қайтсын.....істелді....сіздің айтқаныңызды мұқият істеп отырдым рахмет сізге........
...