+2 дауыс
334 көрілді
Достар кейде менде, жұмыс iстеп жатқанда, көшеде жүргенде, адамдардың арасында, айнаға қарағанда бiр сенiм сезiм пайда болады. Мен бұданда артығына лайықпын деген сияқты ой, мұндай өмiр үшiн жаралмағандаймын, қарапайым өмiр мен үшiн емес сияқты. Бұлар қандай ой? Нелiктен менде мұндай ойлар пайда болады? Ненiң белгiсi? Сiздерде де осындай болып тұрады ма?

7 жауап

+1 дауыс
Уақытша ой. Менің де кей кезде сөйтенінім рас. Ол уақытша ұшпа ой болып табылады. Қарапайым өмір сен үшін емес сияқты. Мен де мысалы әншімін, ақынмын, оператормын. Ол рас. Кейде мен қарапайымдармен қарапайым болғым келмейді деп ерекшеленгім де келмейді. Негізі, атағың мен деңгейің өскен сайын қарапайымдылығыңды арттыру керек.
+1 дауыс
Арман мен үміт. Бұл ойыңыз ба, үміт пе дұрыс. Себебі алға ұмтыла білгеннен бір нәрсе шығады. Уақытша болғанмен де шынайы деп ойлаймын. Мен де өзімді тіреп тұрғандай сезінетін кездерім болады. МЫсалы меннен бір төмен, бірдеңе білінкіремейтін адамдарды көргенде.
+1 дауыс
Асқынған түрін "жұлдыз ауруы" деп атайды. Алғашқы белгілері - өзіңді зор сезіну, басқалардың үстінен қарағанды ұнату, өзгелерді жалындырғанды, көмек сұратқанды ұнату, т.с.с.

Нәтижесінде көтерілуің қалай қиын болса, құлауың да соншалықта оңай болады.

Дер кезінде тоқтағаның жөн.
+1 дауыс
Ондай ой керісінше дұрыс сияқты, сенің білімің, өмірлік тәжірибең  артқан сайын жаңа адамдармен араласу , басқалай өмір сүру керек шығар.
0 дауыс
Иә,болады) Мұндай ойды дұрыс пайдалана білу керек,яғни мақсатқа айналдыра білген жөн) Мақсатқа айналдырған соң жетуге талпыну керек)
+1 дауыс
Таныс) Бұрын болған, басқалардан өзімді ерекше көріп, болмайтын жерден ерекшеленгім келіп тұратын)) Қазір тура керсінше ойлаймын, көпшілікпен бірге болғым келеді, ешқандай ерекшеленбей-ақ қойдым) поверь, дұрысы сол, қарапайым өмір сүргенге ештене жетпейді, креативная идеян болса жақсы ғой бірақ, ол кезде ерекшеленгін келмесе де айналандағылар өздері сені жоғары ұстайды
+1 дауыс
Бүндай сезімді шүкірлікке бағыттау керек.
...