Ерінбей тауып алдым стандартын, менің оқып жүрген кезімдегі стандарт, қазір өзгеріп кеткен болуы да мүмкін.
3.Асқазанды жуу техникасы
Көрсетулер: тамақтан, дәріден, алкагольден ж/е т.б. уланулар.
Қарсы көрсетулер: ойықтар, ісіктер, асқазан ішек трактісінен қан кету, бронхиалды астма, ауыр жүрек патологиясы.
Жабдығы: ұзындығы 70 см залалсыздандырылған резеңке түтік ж/е диаметрі 8 мм біріктіргіш залал.н шыны түтік, сыйымдылығы 1л залал.н оймыш, вазелин майы,суға жуылған леген, бөлме темп.10-12л 1шелек су ж/е көтергіші бар 1 кружка, резеңке қолғап, алжапқыш.
Іс-әрекет алгоритмі:
1/Жууға жүйені жинаңыз:зонд, қосылғыш түтік, резеңке түтік, оймыш.
2/Өзіңіз ж/е науқасқа алжапқыш кигізіңіз, науқасты отырғызыңыз.
3/Қолыңызға қолғап киіңіз
4/Зонды залал.н вазелин майымен не жылы сумен сулаңыз
5/Науқас тілінің түбіне зондтың соқыр соңын салыңыз, мұрын арқылы терең демала отырып жұтыну қимылын жасауын сұраңыз
6/Науқас жұтыну қимылын істегеннен-ақ зондты өңешке итеріңіз
7/Зонд қажетті көрсеткішке жеткен соң оймышты науқастың тізесіне дейін түсіріңіз
8/Оймышты қиғаш ұстап тұрып оған 1л су құйыңыз
9/Науқастың басынан 30см жоғары оймышты ақырын көтеріңіз
10/Оймыштағы су азайған кезде төмен түсіріңіз
11/Ішіндегісіне легенге қосылғыш түтік арқылы су өткенше төгіңіз, бірақ резеңкеде ж/е оймыш түбінде болу керек
12/Әрекеттерді қайталай отырып оймышты қайта толтыруды бастаңыз
13/Осылайша су тазарғанша жуыңыз
14/Енгізілген ж/е шыққан сұйықтық мөлшерін өлшеңіз
15/Жуылған судың жартысын зертханаға жіберіңіз