Ескендір,Абылай,Ержан сендер осы сайттағы ең белсенді,жанашыр адамдар қатарындасыңдар.Сендердің көзқарастарыңның әділ екендігіне ешқандай күмән болуы мүмкін емес.Кей кездерде өздеріңнің жазғандарыңды да жасырып қоятын кездерің болып тұрады,көбіне мен қайта ашып отырамын,әрине көпке пайдасы бар деп ойласам.
Сондықтан өз басым істерің алға бассын деп тілеймін.Осы сайттың іші флуд,спамдарға толып кетпей қалыпты жағдай ұстап тұруына өздерің сияқты жанашырлар аз еңбек сіңіріп жүрген жоқ деп білемін.Админ өз пікірін өзі білдіре жатар.
Ал,Көркем сенің жазып жүрген сұрақ-жауаптарың мағаналы,мәнді,әрдайым оқып жүремін.Бірақ өзің айтқандай жақсы жауап таңдауға ережеде 2-3 ай уақыт емес,4-5күн уақыт берілген,сол уақытты пайдалануға тырыс.Егер бәрі дұрыс болса ешкімнің сенің еңбегіңді жоққа шығаруға немесе өз пайдасына пайдалануға қақысы жоқ.Бірақ өз міндетін атқарушыға жөнсіз өкпелеу де дұрыс емес болар,солай емес пе? Ал ШАҒЫМ БҰРЫШЫ деген дұрыс бола қоймас,сайт негізі сұрақ-жауап болғандықтан шағым қарап отырудың жөні келмес.Ол жөнінде Абылайдың айтқаны дұрыс деп білемін,кері байланысқа жазсаңыз әділдігін Админ өзі шешеді.