0 дауыс
2.7k көрілді
Қайсысын таңдар едіңіздер? Және не себепті?

8 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Мен географияны таңдар едім. Мысалы, ағылшыннан теория өте көп, сөздердің балама аудармасын да білу керек, шақтар мен жақтарды білу керек, жұмысы көп. Географиядан тек жақсылап жаттасаң болғаны. Басың жетіп, миыңа мәліметтер сыйып жатса ағылшын таңдаған дұрыс қой негізі.
Шынын айтқанда ағылшын тілін білсең жұмысты қиналмай табасың ғой. Тіпті шет елдерге шығып та жұмыс жасай аласың ,  халықаралық байланыстарда
Бирак казир агылшынды кобиси тандайды...
Көптің ішінде қалып қойғаныңыз да дұрыс емес қой. Сіздің де оқуға мүмкіндігіңіз бар ғой. Өзіңізге дұрыс әрі тиімді жағын таңдаңыз!
Рахмет... сиз кай панди тандайсыз?
Алла қаласа физиканы таңдап, Қызылмен и Алтынмен бітірейін деп отырмын.
Куттыктаймын)
САТТИЛИК...
уау, Рахмет. Жұғысты болсын. Мұндай  тақырыптағы әңгімелерді жеке хатпен жазғаныңыз дұрыстау.
+1 дауыс
ненізі екеуі де жақсы. Бірақ ағылшынды таңдар едім. Себебі тіл білсең оқудан да, жұмыстан да шетелдерге жібереді. Ағылшынша білсеңіз айлық та жоғары болады қазіргі уақытта Қазақстанға ең керек мамандық. Жалпы болашағы күшті. Көп тіл білсеңіз шетелге шықсаңыз ойлау шеңберіңіз кеңейеді.
+1 дауыс
География таңдаған дұрыс оңай әрі жеңіл өкінбейсін қала таулардың аттарың біліп ой сананды дамытасын керек мамандықтың сонда ойлан.
+1 дауыс
Мен ең басында ағылшын таңдадым. Себебі,ағылшын тілінен өзіме сенімді болдым,ол тіл өзіме ұнайтын және шет елдерге бару үшін) Бірақ қазір географияны таңдадым. Қиын не қиын емес екеніне қарамау керек,тек ұнаса ғана таңдау керек қой. Маған екеі де ұнайды,бірақ қазір география таңдаған себебім,мамандықтар көп екен әрі өзіме ұнайтын мамандықтар)) Сенде өзіңе қайсысы жақын,соны таңда.Себебі,анау қиын,мынау оңай деп,ұнатпайтын мамандыққа түсіп қажет емес) Адам өмірінде 2 нәрседен қателеспеу керек,оны білетін шығарсың) Сондықтан дұрыстап ойланып барып,таңдауға кеңес беремін))
0 дауыс
Мен географияны таңдадым, пробныйларда 17-ден аз жинамадым, ҰБТ-ның өзінде 14 жинап қалдым..

Негізі, географияны таңдағаның дұрыс, себебі, ағылшынға қарағанда оңайлау, мамандығы көп және соған байланысты грант та көп, бірақ грантқа түсу балы жоғары. Ал ағылшыннан жұмыс табуың қиын (мұғалімдіктен басқа) және оның да балы жоғары, ағылшынды жақсы оқығандар да ҰБТ-да ағылшыннан құлап жатқанын көрдім.

Бұл екеуінен бөлек, физика пәнін таңдауға кеңес беремін, әрине ол пәнді жақсы оқысаң.

Қандай пән таңдасаң да, өз жаныңа жақынын, өзіңе ұнайтын, жақсы балл жинайтын пәніңді таңда. Интернетте тест сайттарында әр пәннен өзіңді сынап көр, сонда қайсысын жақсы білетініңді көресің.


P.S. ҰБТ-ны жақсы тапсыруыңа тілектеспін. Сәттілік!!!
+1 дауыс
Мен екеуін де қаламадым осыларыңның)))
+1 дауыс
Мен өзім физиканы таңдар едім. Шығару жолын білсең болды. Бірақ өкінішке орай уақыт көп кетеді.
+1 дауыс
Ағылшынды таңдайтын едім, себебі географияға қарағанда жеңіл (өзім үшін).  ҰБТда бесінші пәнді таңдағанда  өзіңе ұнайтын пәнді таңдаған дұрыс,  пәнге қызықпасаң , оны оқу да қиынға соғады.
...