0 дауыс
660 көрілді
Маған тарихи корей телехикаялары туралы пікірлеріңізді айтуларыңызды сұраймын, білгім келеді және Дениз телехикаясы туралы айтсаңыздар

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Кореяның тарихи телехикаялары ұнайды,өзім де қараймын.Қазір қай ауылдан болса да борбайы шаң-шаң болып "мен Жумонгпын"-деп шапқылап жүрген балаларды көресің.Шақырып алып:
-Жумонг кім - деп сұрасаң,
- Не соны да білмейсің ба?-деп,ары қарай тақылдап бәрін айтып береді.Кәрістердің өзі де мұндай таза білмес деп еріксіз ойға қаласың.Ал енді сол баладан:
- Алпамыс,Қобыланды,Қабанбай, Бөгенбай,Кенесары,Амангелді,Бауыржан,Қайрат Рысқұлбеков дегендер кім,білесің ба?- деп сұрасаң?,
- Білмеймін,біздің ауылда тұрмайды - деп жауап береді.Сол кезде ішіңнен қанжылап қаласың да,біздің кино мамандары ай қарап жүр ме деген ойда қаласың.Өзімізде де сондай көркем хикаялар түсірсе балаларымыз корей тарихын емес өз тарихымызды сайрамас па еді деп еріксіз ойға қаласың.Бізде оған персанаж да,сюжет те,сценарилер де ағыл-тегіл жеткілікті емес пе?
0 дауыс
Тарихи корей сериалдарын көрдім өте жақсы бізге де осы бағытта жұмыс жасау керек маған бәрі ұнайды деп айта алмайм бірақ өзім ұнатқандардың ішінде Құйынды мекен сериалын ерекше ықыласпен көрдім. Ал Денизге келсек түпкі идеасы өте төмен бірақ өмірдің қазіргі құбылысын жақсы бейнелеген бірақ фантазия арқылы ой түйінделмеген.
...