Пингвиндердiң ең iрiсi император пингвинi. Салмағы 45 кг, биiктiгi 110-120 см. Пингвиндер оңтүстiк жарты шарда ғана таралған. Әсiресе Антарктида жағалауында көптеп кездеседi. Ұяларын теңiз жағалауында, тасты жерлерге салады. Алдыңғы аяқтары қанат емес, ескек болып келедi. Сол ескек аяқтарының көмегiмен суда жақсы жүзедi, əрi жақсы сүңгидi. Сондықтан ұша алмайды, құрлықта теңселiп əрең қозғалады. Төс сүйегiнiң қыры жақсы жетiлген. Ондағы бұлшық еттер ескек аяқтарын қозғалысқа келтiредi. Аяқтары қысқа жарғақты əрi тұлғасының артқы жағында орналасқандықтан, денесiн тiк ұстайды. Көптеген түрлерде құрсақты терi қатпарлы қалта бар.