+1 дауыс
13.6k көрілді
Бла бла бла керек емес. Нақты, фактілі жауап керек.

10 жауап

+1 дауыс
Денесі ауыр болғандықтан ұша алмайды және қанаттары қысқа....
+2 дауыс
Пингвиндердің құс бола тұрып ұша алмауы адамдарға біртүрлі көрінуі мүмкін, бірақ бұл эволюциялық тұрғыдан ақылды шещім болып табылады.
Пингвиндер негізі құрлықтан гөрі су астында көп жүреді. Сондықтан олардың қанаттары суға ыңғайлап жүзуге арналған жарғақаяққа (ласты) айналған. Тек қана пингвин емес, денесі ірі құстар мысалы түйеқұстар да ұша алмайды.
Құстар егер салмағы 20 кг асса ұша алмайды. Қанатының көлемі мен денесінің өлшемінің қатынасы салмағының ауырлығынан қанаттарын  қаншалықты қатты серпісе де құстың көтерілуі мүмкін емес.
Есесіне пингвиндер су ішінде 5-10 км/сағ жылдамдықпен жүзе алады.
тағы да деректер мына сілтемедеhttp://m.kp.ru/daily/26079/2983928/
 Ал тауықтарға келер болсақ
Тауық құс емес,
Жалқау кісі емес,
Бос сөз іс емес десең,ә )))

Тауықтар үй құсы. Олар да негізі қысқа қашықтыққа болсын ұша алады.ал былайша оларға жабайы құстардай соншалықты қауіп-қатер жоқ. Адамдар күтіп-қарайды. Есесіне олар жақсы жүгіре алады.
+1 дауыс
тауықтарды білмеймін, ал пингвиндерге қатысты жауабым: эволюция нәтижесі

яғни, пингвиндер ұшу қабілетін шапшаң жүзу қабілетіне айырбастаған. Олардың қанаттары ұшу емес, жүзу құралына, анығы жүзбеқанатқа айналып кеткен. Бұл оның мекен ету ортасымен, қорегін тауып жеу тәсілімен түсіндіріледі. Пингвин өз қорегін суда қуып жету үшін, жылдам жүзуге мәжбүр. Ал, ұшуға бейімделген қанат суда ұзақ уақыт, әрі жылдам жүзуге кедергі келтіреді. Бір жағынан, арктиканың суық суы да бұл эволюцияны тездеткен.

Тауықтарды түсіндіре алмаймын. Бәлкім, әуелде құстарды қолға үйретіп, үй құстарына айналдыра бастағанда, ұшу қабілетін жоғалтып, адам қолынан қоректенген соң, қорегін тауып жеу, жауларынан қорғану қажеттілігі болмай, қанаттары дамуын тоқтатқан шығар. Денелегі қандай да бір мүше өз міндетін атқармай, қозғалысқа түспесе, онда семіп, жоғалады :)
0 дауыс
Тауықтар сәл болса да ұша алады.Ұша алмайтын құс пингвин.
0 дауыс
Тауық неге ұшпайды ұшады, жем беретiн кезiмде жүз метр жерден ұшып келедi, жүгiруге ерiнiп. Пингвин бағып көрмеппiн.
0 дауыс
Пингвиннің түріне қарап тұрып "неге ұшпайды?" деген бір түрлі сияқты меніңше.
Пингвиннің қазіргі түрі сондайғо. Қазіргі түріне ұқсамай тұрғанда ұшатын болған шығар?
0 дауыс
Пингвиннің жартылысы солай.Ал тауықта кішкене ұша алады.
0 дауыс
Тауық ұша алады (сәл де болса). Ал түйеқұс пен пингвин - ұша алмайтын құстар.
0 дауыс
Енді жаратылысы сондай ғо. Қанат жаюлары өте қиын.
0 дауыс
Себебі олардың қанаттары жоқ

Ұқсас сұрақтар

+2 дауыс
3 жауап
0 дауыс
6 жауап
0 дауыс
1 жауап
...