Қазіргі таңда Технодом, Алсер, Эврика сияқты алып дүкендерде акция болып тұрады. Бағасы бәлен мыңдық телефонды , ноутбок, телевизор, тоңазытқыш т.б керек құралдарды несиеге екі-үш жылға алуға болады екен. Бір жеңгем үш жылдық несиеге кір жуғыш машина алып, алдын ала (3жылға жеткізбей)төлеп тастағаны үшін айыппұл төлеп жүр. Не болғанын өзі де түсінбейді, біз де түсінбедік. Осындай келеңсіз жағдайға тап болмас үшін несиеге зат аларда нені ескеру керек? Келісім шартта неге назар аудару керек? Қатарынан қалғысы келмей қымбат телефонды несиеге болсын алғысы келетін жастарға не кеңес бересіз?